Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

8.3. Гуманды – жеке тұлғалы педагогика

Гуманды-жеке тұлғалы педагогика авторы танымал теорияшыл және практикашыл Ш. А. Амонашвили болып табылады. Ол оқушының белсенді оқу-танымдық ісі тек тұлғаның жетілуіне бағытталған оқуды ұйымдастыруда ғана мүмкін екендігін әділетті түрде көрсетеді. Сондықтан мыналарды қарастыратын оқудың гуманисті принциптерін жүзеге асырудағы қажеттіліктері туындайды:

  • Оқушы тұлғасының дамуы үшін оқыту;

  • Адамдарға, табиғатқа, еңбекке, қоршаған өмірге деген гуманисті, өнегелі қатынастардың бекемделуі;

- баланың ішкі әлеміне, оның қызығушылығы мен қажеттіліктеріне күтімді көңіл аудару;

- оқушының ішкі және рухани потенциалын байыту.

Гуманды-тұлғалық педагогикадаоқу процестерінің келесі мақсаттары тұжырымдалады:

а) оқушыдағы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы игі адамның қалыптасуы, жетілуі және тәрбиесі;

б) оқушының танымдық қабілеттерінің дамуы және қалыптасуы;

в) білім мен үйрену көлемінің кеңейтілуі және тереңдігіне арналған жағдайларды қамтамасыз ету;

г) өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыру жетістіктері тәрбие идеалы ретінде.

Көрсетілген мақсаттар Ш.А.Амонашвили есептегендей, тек егер де мұғалім қажетті қасиеттерге ие болған жағдайда ғана жетістікке жете алады. Педагог өзі жеке тұлға болуы керек, яғни тұлға тек тұлғамен ғана тәрбиелене алады. Ол гуманис болуы керек, яғни баладағы ізгілікті тек гуманист, мейірімді адам ғана дағдыланлыра алады. Мұғалім ауқымды білімді және өнерпаз адам, патриот және интернационал болуы тиіс. Оқушылармен қарым-қатынаста мұғалім көрсетуі тиіс:

-Кез келген оқушы мұғаліммен тілдесу қызықты және қуанышты екендігін сезінуі үшін, оқушылардың барлығын және әрбіреуін түсіне алу шеберлігі.

  • Ерекше аккөңілділік, мейірімділік, бауырмалдылық, ақжүректілік, әдептілік, педагогикалық төзім мен оптимизм; оқытушы талабы бірге уайымдаумен, шыдаммен және байсалдылықпен сай келуі керек;

  • Әрбір оқушының өсіп, дамып, жетіліп келе жатқанына қуанып отыру қасиеті.

Гуманды-тұлғалық педагогика принциптері оқушыға деген гуманистік қатынас оқу процесінің барлық тәсілдері мен формаларында көрсетілуін қарастырады. Бұл балалардағы мейірімділікті, серіктестік, достық сезімін және өзара көмектесудің тек мектепте емес, күнделікті өмірде де сәтті қалыптасуын ынталандыруы тиіс.

9. Отбасылық тәрбие гуманизмі

9.1. Отбасылық тәрбие және оның мәселелері

9.2.Баланың отбасылық мәртебесі

9.3.Отбасыдағы гуманистік тәрбиенің негізгі ережелері

Негізгі түсініктер: отбасы, отбасы тәрбиесі, ата-ана, мектеппен байланыс, гуманизм, ізгіліктік.

9.1. Отбасылық тәрбие және оның мәселелері

Отбасылық тәрбие (отбасындағы тәрбие) нақты отбасында құралған отбасы мүшелерінің арасындағы үлкендер жағынан отбасының кіші мүшелеріне ықпал етуін ұғыну және ұғынбау акттарында көрсетілетін өзара қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Көрсетілген ықпал отбасының кіші мүшесі өзінің ұстануы, әрекеттері мен істері отбасы үлкен мүшелерінің ол үшін дұрыс, жарамды деп санайтын түсінікпен сәйкес болу керектігіне бағытталған. Дәл отбасы индивидтің үлкен өмірлік жолының басы болып табылады, дәл осы жерде ізгіліктің қасиеттері жинақталады(немесе жинақталмайды). Отбасы гуманисті тұлғаның қалыптасуындағы басты, ең маңызды буын болып табылады.

Бірлесе өмір сүру, бірлесіп қызмет ету процесінде отбасының барлық мүшелері осылай немесе басқалай, басқа мүшелеріне әсер етеді, яғни белгілі бір тәрбие ықпалын көрсетеді. Сол уақытта отбасыдағы басты тәрбие берушілер болып ата-ана саналады. Бұл ретте сол немесе басқа да жеке қасиеттерді қалыптастырудағы нәтиже әр уақытта ата-ананың арнайы тәрбиелік күштеуімен байланысты емес, әдетте ондай қасиеттер отбасында автоматты түрде қалыптасады. «Нәресте – бұл ата-ананың өнегелі өмірінің айнасы. Жақсы ата-ананың балаларына ешқандай күштеусіз берілетін ең құнды өнегелі болмысы – бұл ана мен әкенің ішкі мейірімділігі, адамдарға жақсылық жасай білуі. Әке мен ананың өз жанынң бөлігін басқаларға беріп, адамдардың қуаныш пен қайғысын жүректеріне жақын қабылдап отыратын жанұяларда балалары мейірбан, кішіпейіл, ақкөңіл болып өседі» (В.А. Сухомлинский).

Отбасылық тәрбиенің нәтижелілігі гуманисті тұлғаның қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін көптеген факторлардын тәуелді. Мұндай факторларға төмендегі келтірілгендерді көрсетуімізге болады.