Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

VII. Тарау. Мектептегі тәрбие берудің әдістері мен тәсілдері

27.1. Мектептегі тәрбие беру әдістерінің классификациясы

27.2. Тұлғаны қалыптастыру әдісі

27.3. Ынталандыру мен мотивация әдісі

Негізгі түсініктер: тәрбие, тәрбие беру әдісі, тұлға, ынталандыру, мотивация, диспут, бақылау.

27.1. Мектептегі тәрбие беру әдістерінің классификациясы

Педагог әрқашан да өзгеріп отыратын жағдвйларда тәрбие, тұлға сапасын қалыптастыру сияөты мәселелерді шешуі тиіс. Сонымен қатар, объект пен субъект тәрбиеленушісі сандық және сапалық өзгерістер жағдайында болады. Мұндай жағдайлардағы тәрбиелік мәселелерді шешуде педагог барлық әдістер арсеналына ие болуы тиіс.

Тәрбие әдісі – бұл төл әдіс-айланың құрамы және тұлға сапасын қалыптастыру процесінде тұлғаның сұраныс-мотивациялық сферасын дамыту, мінез-құлық пен дағдыларды түзеу; бұл тәрбиелей мақсатына жетуге бағытталған «педагог – оқушы» жүйесіндегі әрекеттестікті ұйымдастыру болып табылады. Педагогика ғылымында тәрбиелеудің кешенді әдістері бар.

Тәрбиелеудің құрама бөлік әдістерін тәрбиелеудің әдіс-айлалары деп атайды (әдіснамалық айлалар). Бірақ әдіс механикалық әдіс-айлалар сомасына жатпайды. Бір әдістің шегінде әртүрлі тәрбиеленушілер түрлі әдістерді қолдануына болады. Бір тәсіл бірнеше әдістердің құрамында болуы мүмкін . тәрбие берудің әдістері мен тәсілдері өзара және нақты педагогикалық жағдайларда өзара байланысты.

Тәрбие беру әдісінің әртүрлі классификациялары бар. Төменддегі кестеде педагогтар қолданатын тәрбие беру әдісінің бағыты мен әрекеттері көрсетілген (В.М. Коротов).

Бағыты мен қызметі

Ұжымды ұйымдастыру әдісі

Сендіру әдісі

Педагогикалық әсер ету әдісі

Оқыту әдісі

Шығыс

Біріңғай

Ақпарат

Талап ету

Нұсқау

Әдістер

Талаптар

Бастаушы әдістер

Өзін-өзі күту

Іздеу

Болашақ

Жаттығу

Түзетулер

Жарыс

Пікірталас

Мадақтау және жаза

Бақылау

Өзін-өзі ұйымдастыру әдістері

Өзін-өзі басқару

Өзара білімін жетілдіру

Қоғамдық көзқарас

Өзара оқу

Басқаша тәрбие беруді жіктеу әдістері төрт группаға біріктірілген (В.А.Сластенин):

1 .Тұлғаның санасын қалыптастыру.

  1. Қызметтерді ұйымдастыру әдісі және қоғамдық ортада тұлғаның өзін ұстауын қалыптастыру.

  2. Тұлғаны қызметке және тәртіпке ынталандыру әдістері.

  3. Қызметтегі және тәртіптегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

Тәрбиелеу әдістері өз алдына жақсы немесе жаман болып бөлінбейді. «Ешқандай педагогикалық құрал абсолютті пайдалы деп есептелмейді, ең жақсы деген құрал кейбір жағдайда ең жаманы болып шығуы мүмкін» (А.С.Макаренко). Белгілі бір әдістің қолданылуы оның беретін пайдасы жағынан, қоғамға сәйкестігі жағынан негізделуі керек. Сонымен қатар тәрбиелеу барысындағы шарттарды есептегенде тәрбие мақсатына сай болуы керек.

27.2. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері

Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне әңгімені, лекцияны, сұхбатты, пікірсайысты және үлгі боларлық әдістерді жатқызуға болады. Осы әдістердің ішінен белгілі шарттарға және талаптарға лайық, тәрбиелік мәні ең көп болғанын қолдану керек. Мысалы әңгіме тәрбие әдісі ретінде қисындылық және дәлелділік, анықтылық және жүйелілік, бейнелілік және әсерлілік талаптарына сай болуы керек. Әңгіме барысында тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін назарға алу, уақыт шектеулерін ескеру керек: бастауыш сыныптар үшін 10 минуттан көп емес және жоғары сыныптар үшін 30 минуттан аспауы керек. Әңгімені келесі тәрбиелік тапсырмалар үшін қолданған жөн:

—әңгімедегі кейіпкерге, оның әрекеттеріне байланысты ізгі немесе наразылық сезімдерін ояту;

—адамгершілік түсініктерінің және тәртіп нормаларының мағналарын ашу;

—тәртіптің үлгілерін ұсыну және ізгілікке ынталандыру;

Сұхбат, тәрбелеу әдісі ретінде, қоғамдық өмірді, адамдардың әрекеттерін т. б. тәрбиеленушілердің өздерінің бағалауын үйретеді. Мұндай бағалауға қатысу мектеп жасындағы балаларда азаматтық және адамгершілік мінездерді қалыптастырады. Сұхбатта қоғамдық өмірді жан-жақты ашықтайтын материялдар пайдаланылады. Материалдың формасы тәрбиеленушіні ойландыруы, белгілі тұлғалық сапаларды түсінуге ұмтылдыруы керек.

Пікірсайыс дегеніміз танымдық айтыстар ол өз кезегінде тәрбиеленушіні талқыланып отырған мәселе жайында өз ойын білдіруге ұмтылдырады. Қатысушыларды белсенді ету үшін кемінде екі бірі екіншісіне қарсы көзқарастардың болуы керек. Пікірсайыстың қорытындысында тұрақты болған бір шешім қабылдануы керек. Пікірсайыс әдісіне қалыптасу, пікір, баға және сендіру әдісі ретінде диспут (пікірталас) жақын. Пікірсайыстан айырмашылығы диспутта белгілі және қорытынды шешімдер қабылданбайды. Диспут барысында тәрбиеленуші талқыланып отырған мәселеге қатысты өз ойын айтады және оның әлсіз немесе күшті жақтарына анализ жасайды. Пікірсайыс пен пікірталастың өткізілуі педагогтан үлкен даярлықты талап етеді: қатысушыларды қызықтыратын дәйекті мәселе, ақылға қонымды әдебиеттер және түрлі дерек көздері т. б. таңдалуы керек. Көрсетіліп отырған әдістерді қолдану барысында тұлғаға қысым, көзқарасты күштеп таңуды болдырмау, керісінше қате болса да өз ойын білдірген қатысушы мадақталуы керек.

Жеке тұлғалық түйсіктің қалыптасуы тәрбиеленушінің іс-әрекетінің ұйымдастырылуына тиімді түрде әсер етеді. Жеке тұлғаның қоғамдағы іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мен қалыптасуының әдістеріне үйрету, тәрбиелік жағдайларды тудыру әдісі, педагогикалық талап, инструктаж, иллюстрация, демонстрация және т.б. жатады. Айта кететіні, қоғамдық маңыздылығы бар іс-әрекеттердің түрлері тәрбие мен дамудың потенциалдық мүмкіндіктеріне ие. Оқушыларды іс-әрекеттерге қосу олардан қоғамдағы нормалар мен әдеп ережелерін сақтауға міндеттейді. Сондықтан оларды осы нормаларға үйрету қажет. Үйрету әдісін қолдану нені үйрену керек екенін түсінген кезде ғана оң нәтиже береді. Оқушының іс-әроекетінің дәлдігін үйреткен кезде ғана қызметтің тез орындалады. Нақты шарттардың тәуелділігіне байланысты уйрету әдісінің үш нұсқасы болуы мүмкін.

  • Оқушылардың іс-әрекетін өздері байқамайтын етіп, нақты қалып нормасын қабылдайтындай етіп ұйымдастыру;

  • Оқушылардың алдына нақты нормаларды үйрену шарттарын қойып, олардың орындалуын бақылау;

  • Оқушының бойында белгілі бір қасиетке ие болу ұмтылысын шақыру.

Педагогикалық қызметтің практикалық жағдайында оқушыдан нақты жеке тұлғалық қасиетті талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Басқа жағдайларда педагог арнайы тәрбиелік педагогикалық жағдайларды тудыруға мәжбүр. Осы жағдайдан жол іздей барысында оқушы өзінің тәртібін реттеуге, осы жағдайға сәйкестендіруге тура келеді. Осылайша, оқушының ізденісі жаттығуға айналып кетеді. Педагогикалық талап әдістемесін қолдану оқушының өзіне өтуіне әкелу керек.