Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

16.2.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру шарттары

Еңбек тәрбиесі тұлғаның адамгершілік жағынан қалыптасуының және шығармашылық белсенділігінің дамуының маңызды факторы ретінде көрінеді.Бірақ та оқытушының тәрбиелік жұмысының әсерлілігін арттыру еңбек әрекетінің белгілі бір педагогикалық шарттарын орындауды талап етеді.Осындай шарттарға төмендегілер жатады (В.А.Сластенин) :

1.Оқушының еңбек әрекетінің оқу-тәрбие міндеттеріне бағынуы, оған оқушылар еңбектерінің барлық түрлеріндегі мақсаттардың өзара кірігуі процессінде қол жеткізіледі.Мысал үшін, қоғамдық пайдалы және өндіруші еңбекте оқушылар нақты еңбек процессінде алынған білімдерді пайдалану жолымен оқу еңбегінің мақсаттарын орындауы керек.Одан бөлек, еңбекке оқытудың және тәрбиелеудің міндеттері кешенді түрде үй еңбегінде, мектептегі үйірмелік сабақтарда, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінде шешіледі.

2. Еңбектің қоғамдық маңызының оқушының жеке мүдделерімен үйлесуі.Оқушылардың жасын, индивидуалдық қызығушылықтарын, қажеттіліктерін және ерекшеліктерін есепке алумен қатар, оларға жеке еңбектерінің мәнін түсіндірген дұрыс.Оқушылар жеке еңбектерінің өздері, отбасы, ұжымы әрі бар қоғам үшін жоғары маңыздылығына және мақсаттылығына сенім білдіруіне қол жеткізу қажет.

3.Еңбек әрекетінің қол жетімділігі және күш жетерлігі.Бала еңбегіне аса ауырлықтың тән болмау керектігі анық; оқушылардың еңбек тапсырмаларын олардың мүмкіндіктері мен әл-шамасына қарай таңдаған дұрыс.Қолдан келмес еңбек оң нәтиже бермейді және баланың еңбектен жиренуіне себепші болады.Сонымен бір уақытта оқушы еңбегі нақты бір жүктемемен берілуі тиіс, оқытушы оқушыдан бар білімін, күшін, қабілетін, біліктілігін көрсетуді талап етуі шарт.

4.Еңбек әрекетін жүзеге асырудағы саналы талап.Педагог оқушылар бойына іске жауаптылық қасиетін дарытуы, басталған істі соңына дейін жеткізуге ұмтылысын қолдауы, жүйелі және бірқалыпты жұмыс жасауға үйретуі тиіс.Бұған кері жағдайда оқушының еңбек әрекетінің тәрбиелік мәні бірден төмендейді.

5.Еңбек әрекетінің ұжымдық және индивидуалдық формаларының үйлесуі.Оқушылардың еңбегі сонымен қатар ұжымды тәбиелеу, ұжым құрамында жұмыс жасау қабілетін, еңбек әрекетінің барысында қызметтес болуға үйрету құралының функцияларын атқарады.Сондықтан буындар мен бригадалардағы еңбек әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық формаларын қолдаған дұрыс.Оған қоса, оқушыға өзінің жұмыс аумағына жеке жауапкершілікті мойынға алуды үйрету керек.Тіпті ұжымда жұмыс жасай отырып, оқушы нақты тапсырма алуы тиіс. Оларды атқаруды білуі және өзі алған еңбек тапсырмасының уақытында, сапалы орындалуына жауап беруі қажет.

16.3.Еңбек процессінде тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Еңбек процессінде оқушыларды тәрбиелеудің ең маңызды бағыты терең құрмет және адал еңбекке дайындық сынды тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады.Бұл үшін, ең алдымен сол еңбек пен оның нәтижелерінің қоғамдық маңызын қамтамасыз ету қажет.Балалар бұл еңбектің маңызын сезініп, өз еңбегін мақтан тұтуы үшін, педагогтың бұл жұмысты жоғары деңгейде ұсына білуі аса маңызды.Педагог оқушылардың санасында еңбектің жоғары өнімділік бойынша беделін арттыру бойынша, олардың шығармашылық әрекетінің ынталандыру бойынша, өз еңбегімен қоғамға пайда келтіруге ұмтылысын қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстарды ұйымдастыруға міндетті. Оқушының физикалық дамуында, оның ойлау қабілеттерінің, зеректілігі және шығармашылық тапқырлығының дамуында, жолдастық қатынастың, серіктестіктің және ұжымшылдықтың қалыптасуында еңбек әрекетінің мүмкіндіктерін ескерген жөн.Сонымен бірге «адамға басқаларға дұрыс, адамгершілік қатынас жасауға – бар еңбекшілерге сүйіспеншілік және достық, ал еңбектен қашатын, жалқау адамға сыни, ашулы көзқараспен қарауға мүмкіндік беретін» (А.С.Макаренко), еңбек әрекетінің ұжымдық формалары маңызды рөлге ие.

Еңбек әрекеті адамның азаматтық сапаларын қалыптастыруда, тұлғаның жан-жақты дамуында тиімді құрал болып табылады.Дәл сол практикалық еңбек әрекеті оқушы бойында еңбекке қажеттілікті, еңбекқорлықты, және материалдық құндылықтарға қамқорлықты қалыптастыра алады.Педагогтың тәрбиелік жұмыстары аталған бағыттарда келесі кедергілерге жиі ұшырап отырады:

-бала еңбегінің мінезі мен саласының арасында және мектептегі еңбек әрекетінің кеңейтілген саласында;

-оқушыдағы практикалық біліктер мен дағдылар көлемінің арасында және олардың мектептегі еңбектің нақты бір түрлеріндегі тапшылығы;

-өз еңбек біліктіліктері мен дағдыларын арттыру мен өз еңбек әрекетіңнің мәнін түсінбеу арасында;

-еңбекке деген адал қатынасты қалыптастыру және кейбір БАҚ-да қарапайым өмір салтын насихаттау бойынша педагогтың тәрбие жұмыстарының арасында;

-мектеп тәрбиесінің еңбекке дайындықты қалыптастыруға бағытталуы және белгілі бір жағдайлардағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесінде өмірдегі еңбек салтын дұрыс түсіндірмеу арасында;

Осылар сынды қарама-қайшылықтар педагогтан педагогикалық ұжым мүмкіншіліктерін және ата-аналар қауымын іске қосу арқылы мақсатты тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды талап етеді.Педагог тұлғаның ең маңызды деген адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы оқушылардың еңбек тәрбиесінде болатын потенциалды мүмкіншіліктерді толық көлемде пайдаланғаны қажет.Балалардың қолдан келмес еңбекке қатысуы ауыртпалыққа, масылдыққа айналмауы шарт және де оқушының белгілі бір қателіктері үшін жазалауға тіпті соқтырмауы тиіс.