Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

24.3. Жыныстық тәрбие берудің әдістері мен тәсілдері

Мектеп оқушыларына жыныстық тәрбие беруде практикалық педагогикадағы бүкіл тәсілдер мен әдістер орын алады. Сонымен қатар, жыныстық тәрбие - бұл спецификалық сфера ерекше әдістерді таңдауды қажет етеді. Бұл ең алдымен, «жыныстық ағартушылық» деген тәрбие қызметіне қатысты. Батыс елдерінде арнайы «жыныстық ағартушылық» курстары қызмет етеді. Онда жас өспірімдерді (жоғарғы сыныптардан бастап) анатомио-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, нәсіпқорлық, жыныс және жыныстық сұрақтармен таныстырады. Біздің мемлекеттте мектеп тәрбие жүйесіне жыныстық ағарту элементтерін енгізу мақсатты көрініс табуда. Бұл тәрбиеленушілерді рухани күйзелістермен олырдың мінез-құлқының ауытқуының алдын алуына көмектеседі. Бұндай ағартушылық олардың жыныстық талаптарын басуға емес, керісінше педагогикалық амал-тәсілдер арқылы қарама-қарсы жыныс тұлғасымен өзара жеке араласуын қанағаттандыру. 7-8 сыныптардан бастап жыныс физиологиясы мен психология, психонәсіпқорлық үдерістер мен қатынастар жайлы білімді күшейту орынды болар еді. Жоғарғы сыныптарда достық пен маххабат, жынысаралық қатынастар, нәпсіқорлықты дұрыс қалыптастыру, махаббат мәдениеті және т.б. сұрақтарға аса көңіл бөлу керек.

«Балалық шақта ұйымдастырылған ашына тартудың мәдениеті тежеуіштермен нанғысыз. Жыныстық тәрбиеде жыныстық сұрақтар ашына қадірдің тәрбиесіне байланысты болуы тиіс, ол таза мінез деп аталады. Көңілінде пайда болатын сезіміне, қиялына ие болу бұл басты білім... Егер жыныстық нәпсілікті тұлға дамуынан оғаш деп қарастыратын болсақ, ол әлеуметтік дұрыс тәрбиелене алмайды» (А.С. Макаренко).

Жыныстық тәрбие беру мақсатында жалпы сабақтың оқу материалы немесе оның бөлімдері, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қолдануға болады. Мектеп оқушыларымен жыныстық рөлдегі ойындарды, негізгі сұрақтарды талқылау, дискуссия және т.б. өткізуге болады. Арнай ұйымдастырылған және ең басты жеке әңгімесулер мен кездесулер тиімдірек.

Сонымен, ұлдарды педагог- ер адам және қыздармен әйел-педагог әңгімелесуін ұйымдастыру орынды. Әңгімелесуді басқа тақырыптарда қарапайым табиғи мақамда жүргізілуі қажет. Биологиялық сұрақтарды ғана емес, сонымен қатар құқықтық, адамгершілік, меддициналық және т.б. қамту керек. Ұлдармен әңгімелескен сәтте әйел адамға қамқоршы мен сенімді қорғаушы, өзінің жақындары үшін жауапты, гармониялық нәпсіқорлық қатынастарды құра алатын және сүйе білетін, нәпсіқорлық түйсігін бақылай білетін тұлға қалыптастыруға ерекше акцент жасау жасау тиіс. Ал, қыздармен болса абзалдық, пәктік, ұят, мақсат ақылгөйлігін қарастыру керек.

Педагогтың қандай әдіс - тәсілдердің, формалардың таңдалғанына қарамастан, жиі кездесетін жыныстық тәрбиелеуді ұйымдастыруда мынадай қателіктерден абай болу керек:

  • Жыныстық және сезімталдық реакцияларды басу;

  • Қарама-қарсы жынысқа қатаң оқшау қою;

  • Қарама-қарсы жынысқа араздықты қалыптастыру;

  • Жыныстық айырмашылық және т.б. салғырттықпен қарау.

Жыныстық тәрбие беруде ата-аналармен ерекше бірыңғай әдіс қолдану қажет. Ата-аналардың жеке іс-әрекеттері мен ақыл-ойлары жыныстық тәрбие беруде позитивті құрал болып табылады. Ата-ананың жағымсыз қылықтары, әке мен ана арасындағы дұрыс емес әрекеттер жыныс арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің дұрыс қалыптасуныа кері әсер береді. Педагог жыныстық тәрбие беру мәселесінде ата-аналарға кеңес беру жағдайында болуы шарт.