Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

28.2. Тәрбие беру ісінің тиімді шарттары

Тәрбие беру іс-шараларының тиімділігін жоғарылату үшін арнайы ережелер мен шарттарды ұстану қажет. Негізгі талаптардың бірі, іс-шара «іс-шара үшін» деген формализм болмауы жөн. Бүкіл тәрбие жұмыстарында оны жүзеге асырудағы мақсат пен міндеттері болмауы шарт. Бастауыш сыныптарда тәрбиелік іс-шаралардың ұзақтығы 20 минут және жоғарғы сыныптарда жарты сағат болуы орынды. Педагог өзіне анализ жасауы маңызды. Педагог тәрбие беру мақсатындағы жетістіктерге сүйене отырып, іс-шараның практикалық қорытындыларын зерттеп қана қоймай, сонымен бірге өз қызметін бағалауы, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауы , оның себептері мен алдын алуын үйренуі тиіс.

Тәрбие беру ісінде клесі дайындау мен өткізу алгоритмін ескеру қажет:

  1. өткізу жоспарын құру, уақыты, күүні мен жауапты тұлғаны бекіту;

  2. жоспарға сәйкес іс-шараларды дайындау; өажетті психологиялық жағдай жасау; керекті материал мен инвентарь дайындау, іс-шара мүшелерінің функционалдық міндеттерін реттеу керек.

  3. қажетті түзетулер жағдайда іс-шараны өткізу;

  4. тәрбие беру ісінің қорытындысын шығару;

  5. педагогтың өзіне анализ жасауы,

Тәрбие беру ісінің тиімділігіне мынадай негізгі талаптарды қосуға болады, яғни бұны жүзеге асыруда аз шығын мен алға қойған мақсаттарға жету:

  • тұлғаны әртүрлі органикалық біріңғайлықта қалыптастыруды қамту (ойлау қабілеті, еңбек, эстеетика және т.б.);

  • іс-шараның барлық кезеңдерін нақты жоспарлау;

  • өткізілген және қазіргі іс-шараның сабақтастығын қалыптастыру;

  • іс-шараның өзгеруінің түрлі нұсқауларын алдын ала білу және арнайы түзетулерді дайындау;

  • мектеп оқушыларының жас мөлшерлік және индивидуалдық ерекшеліктерін ескеру;

  • тәрбиеленушілерді іс-шараның бүкіл дайындық және өткізу кезеңдеріне қатыстыру;

  • оқушылардың жастық және индивидуалдық ерекшеліктерін ескеру;

  • іс-шараны өткізуде ойын формаларын қолдану, іс-шараны дайындау мен өткізу үдерісіне арақатынастыру;

  • адамгершілік, іс-шараның адамгершілікке бағытталуы, оның ұжымдылығы мен қол жетімділігі.

Әрине, тәрбиелік іс-шараны өткізуде басқа да талаптар болуы мүмкін. Ең маңыздысы, ол жалпы тәрбие жұмысының жүйесіне енуі тиіс. Ешбір тәрбие жұмысы өзіндік мақсатта болмауы абзал, керісінше оның нақты мақсаты талаптарға сай болуы тиіс.

28.3.Тәрбие жұмысының бағыты

Тұлға жеке элементтер бойынша тәрбиеленбейтіні белгілі. Сондықтан, кез-келген тәрбие жұмысы белгілі-бір тұлғалық сапалардың қалыптасуына ықпал ете отырып, тұлғаға жалпы әсер етеді. Сонымен бірге, басым мақсатқа байланысты нақты тәрбие ісінің бағытын шартты түрде анықтауға болады. Егер басым мақсат тұлғаның қоғамдық маңызды сапаларын қалыптастыру мен дамытуды айқындайтын болса, онда сөз әлеуметтік бағдарланған тәрбие жұмысы туралы болмақ.

Ондай сапалардың қатарында азаматтық айқындама (азаматтылық), дисциплина ұстану және т.б. ерекше орын алады. Аталған сапалар адамның өмірлік айқындамаларымен , яғни тұлғаның дүниетанымдық, моральдық, және психологиялық сапаларынан туындайтын ішкі ұстанымымен, тәлім-тәртіптің белігілі-бір бағытына бағдарланумен байланысты. Сонымен, тұлғаның жоғарыда аталған сапалары адамның өмірлік айқындамаларымен анықталынады және оларда көрініс табады. Белсенді және енжар өмірлік айқындамаларды ажыратады. Белсенді өмірлік айқындама тек әлеуметтік бағдарланған тәрбие жұмысы мектеп оқушысының өзгертуші практикалық іс-әрекетімен байланысты болғанда ғана қалыптасады.

Этикалық тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты адамгершілік тәлім-тәртібі мен іс-әрекеттің аса өнегелі уөждерін қалыптастыру болып табылады. Этикалық тәрбие жұмыстары нақты шарттарды сақтаған кезде тиімді болады. Олардың қатарына:

-тәбие жұмысының мазмұнын практикалық қажеттілік айқындауы тиіс: ондай іс-шараларға деген қажеттілік адамгершілік айқындамаларының қақтығысынан, қамығудан және т.б. туындауы қажет.

-тәрбие жұмысының ауқымын, деңгейін тәрбеиленушілердің мүмкіндіктерімен шектеу керек: олар даму деңгейі, адамгершілік сапаларының жиынтығы ( және айқын білінуі) бойынша ажыратылады;

- кез-келген тәрбие жұмысын қарапайым адамгершілік сапаларын және тәлім-тәртіп ережелерін қалыптастыру және нығайтумен байланыстыру керек, - өйткені олар өте өнегелі сапалардың түп негізінде жатыр;

-тәрбие жұмысын жеке тәрбиеленушілерге «сөгіс беруге» айналдыруға болмайды, тіпті теріс сапаларын теріс қылық көрсеткен тәрбиеленушіге сәйкес көмек көрсету мақсатында дос-жар ортада талқылау қажет.

Еңбек тәрбие жұмыстары еңбек десанты, еңбек мерекесі, пайдалы істерге қатысу және т.б. түрде болуы мүмкін. Экологиялық тәрбие жұмысы нақты практикалық табиғатты қорғау іс-әрекетіне қатысу түрінде болады. Эстетикалық тәрбие жұмыстарын (байқаулар, викториналар, мерекелер, театрларға бару, шығармашылық бірлестіктер және т.б.) ұйымдастыру барысында эстетикалық қабылдаудың белгілі заңдылықтарын ескеру және көркем, әдеби, музыкалық және басқа шығармаларды қабылдаудың эмоционалды жағына ерекше көңіл аудару керек. Сонымен қатар, танымдық( білім эстафетасы, байқаулар, викториналар), ұйымдастырушылық ( сауалнама жүргізу, «барлау» жасау, ұйымдастырушы ретінде апробация), спорттық-дене шынықтыру (спартакиадалар, жарыстар, турнирлер, сайыстар) тәрбие жұмыстарын бөліп қарастырады.