Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

18. Дене шынықтыру

18.1.Оқушының дене тәрбиесі

18.2.Дене тәрбиесін қалыптастыру құралдары

18.3. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

Негізгі ұғымдар:

Физикалық тәрбие,дене шынықтыру,жаттығулар,гигиена,салауатты өмір салты

18.1. Оқушының дене тәрбиесі

Оқушының физикалық тәрбиесі деп организмнің денсаулығы,жасы,мүмкіндіктеріне қарай орайластырып жасалатын ретті,мақсатты,ұйымдастырылған физикалық жүктемелерді әдетке айналдыруды айтамыз.Физикалық тәрбие адам денсаулығын нығайту мен организмнің дұрыс дамуы үшін жасалатын маңызды қадам.

Физикалық тәрбие келесі мақсаттарды орындауы тиіс:

Оқушылардың дұрыс физикалық дамуына әсер ету,олардың жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарылату

–организмнің негізгі қозғалтқыш функцияларын дамыту:күш,шыдамдылық,ептілік,жылдамдық.

–өмірлік маңызды дағдыларды құрау.

–оқушыларды жүйелі физикалық жүктемеге қызықтыра түсу

–жеке гигиена мен медицинадан керекті білімді үйрету

Физикалық тәрбиенің жоғары деңгейі жеке тұлғаның дене шынықтыруға қаншалықты қызығатынын көрсетеді.Адамның дене тәрбиесімен қаншалықты айналысатындығы оның организмінің физикалық дамуынан,спортпен,физикалық жүктемелермен тұрақты түрде айналысатындығынан,жеке гигиенаның ережелерін қаншалықты сақтайтындығынан,медициналық нұсқаулықтарды орындайтындығынан байқалады.

Әр тұлғаның физикалық мәдениеті жалпы мәдениетпен тығыз байланысып жатады.Тұрақты физикалық жүктемелер жеке тұлғаның теріс қасиеттерін-жалқаулық,еңбектен қашу т.б. тастауға ықпал етеді.Сонымен қатар ол адам денсаулығын нығайтады.Сондықтан ол тұлғаның эстетикалық және адами қасиеттерінің құралуына әсер етеді.

18.2.Физикалық тәрбиенің құрау құралдары

Физикалық тәрбиенің құраудың негізгі құралдарына физикалық жаттығулар,спорт,табиғи және гигиеналық факторлар жатады.Физикалық жаттығулар-арнайы ұйымдастырылған,дене шынықтырудың жалпы заңдылықтарына сай жасалатын қимылдар.Оның гимнастика,ойындар,туризм деген түрлері бар.

Гимнастиканың негізгі,спорттық,көркем,өндірістік,емдік түрлері бар.Негізгі гимнастиканың құрамына жалпы дамытушы жаттығулар,өрмелеу,тепе-теңдікті сақтау,спорттық жүріс,секіру,диск лақтыру,қарапайым акробатикалық жаттығулар жатады.Мектеп бағдарламасында негізгі гимнастикамен айналысу қарастырылған.

Ойындар балалардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырып,оның физикалық дамуына,бұлшықеттерінің жетілуіне,реакцияларының жылдам болуына,логикасының жетілуіне,лидерлік қасиеттерін дамытуға әсер етеді.

Балалар ойындарының көпшілігі ұжымдық болып табылады.Ол балалардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.Ойындардың кез келген түрі балалардың қызығушылығын тудырады.Бастауыш сынып оқушылары көп қозғалатын ойындарға қатысуды ұнатса,жоғарғы сыныптың балалары спорттық ойындарды жақсы көреді.

Туризм деп оқушылардың туған табиғатымен,оның мәдени және тарихи обьектілерімен танысуға ықпал ететін үлкен және кішігірім жорықтарды айтады.Жорықтар жеке тұлғаның шыдамдылық,ұйымдастырушық қасиеттерін жетілдіреді.Жорықтарға қатысушылар табиғатқа жауапты түрде қарауы керек.

Қарапайым физикалық жаттығуларға қарағанда спорт әрдайым максималды нәтижелерге қол жеткізуді көздейді,спорт әрқашан жеңіс үшін күресуден тұрады.Спорттық жарыстар тек физикалық ғана емес,сонымен эмоциональды жүктемеден де тұрады.Спорттық жарыстар-балалардың бірігіп,ауырсыну,шаршау сезімдерін жеңіп, делебенің қозатын кезі.

Табиғи факторларға күн,ауа,су жатады.Олардың жеке адамның дене шынықтырумен айналсуында маңызы өте жоғары.

Оқушылар мүмкіндігінше ұйымдастырылған ауалық және күндік ванналардың қатысушысы болуы керек.

Гигиеналық факторларға санитарно-гигиеналық талаптарды,күн тәртібін,демалу мен сабақ оқу тәртібін сақтау жатады.

Жоғарыда аталған факторлардың әрқайсысының маңызы өте жоғары.