Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

11.Өзара әркеттестік мәдениетін көпұлтты ортада қалыптастру

11.1.Ұлтаралық тілдесу мәдениетінің ерекшеліктері.

11.2.Көпмәдениетті компетенттілік.

11.3.Азаматтық бірлікті қалыптастыру

Негізгі ұғымдар: ұлтаралық тілдесу, ұлтаралық тілдесу мәдениеті, компетенттілік

11.1.Ұлтаралық тілдесу мәдениетінің ерекшеліктері

Ұлтаралық тілдесу мәдениетінің тәжірибесінде интернационалды тәрбиенің нәтижелері көрінеді.Қазіргі уақытта әлемдегі үлкенді-кішілі мемлекеттердің көбісі көпұлтты (полиэтникалық) болып табылады.Бұл жағдайларда адамдардың ұлттық немесе конфессиялық айырмашылықтарына байланысты ұлттық, діни не өзге де сипаттағы жаулықты және қарсыластықты болдырмау үшін, әр түрлі ұлт өкіліне деген терең сыйластық сезімін тәрбиелеу өте маңызды мәнге ие.Демек, азаматтылық пен интернационализм ұлтаралық тілдесу мәдениетінен ажырағысыз.

Кез-келген халыққа еңбек іскерлігінің дәстүрлі формаларында, тұрмыста және тілде, рухани мәдениеттің ерекшеліктерінде әрі ұлттық психологияда, балаларды тәрбиелеудегі ұлттық дәстүрлерде және т.б. байқалатын белгілі бір ұлттық специфика тән.Яғни, кез-келген бір ерекшеліктер сол халықтың мешеулігінің белгісі ретінде қабылдана алмайды.Қай халық болса да, ол өзінің,өзіне ғана тиесілі тарихи даму жолын жүріп өтті және күллі адамзаттың мәдени қазынасының құнды элементі болып табылатын өзінің шынайы мәдениетін жасады.Бұны саналы түйсінудің негізі – ұлтаралық тілдесу мәдениетін қалыптастыру базасы.

Ұлтаралық тілдесу мәдениеті – бұл интернационалды сезімдердің қалыптасқаны, мәдени, тарихи, саяси т.б. қатынастарда халықтардың теңдігін мойындау, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық ерекшеліктеріне, тілдеріне, салттарына, әдет-ғұрыптарына құрмет және де осы құрметті, жағымды эмоциялық қатынасты адамға, оның ұлтына көрсету біліктілігі.Ұлтаралық тілдесу мәдениеті басқа халықтың өзіндік ерекшелігін түсіну біліктілігі мен дағдыларында, тілдесудің әсерлілігін арттыру мақсатында жеке тұлғалық сапаларды қолдана білуде көрініс табады.Демек, ұлтаралық тілдесу мәдениетінің құрылымында келесілерді бөліп қарауға болады:

-әр түрлі ұлт өкілдерінің тілдесу ерекшеліктерін және болмысын түсіну,білу;

-тілдесер серіктестің ұлттық ерекшеліктерін сыйлау және сақтау қажеттілігіне көз жеткізу;

-тілдесу процессінде өз біліміңді және көзқарастарыңды қолдана білу.

Шовинизм мен нәсілшілдік, өзге халыққа тиесілі дәстүрлердің, ғұрыптардың, тарихтың объективті емес бағасы, оның ұлттық ерекшеліктерін елемеу ұлтаралық тілдесу мәдениетіне жат ұғымдар болып табылады.Сонымен қатар ұлтаралық тілдесу мәдениеті ұлттық эгоизмге, басқа халықтардың тарихи рөлін және маңызын төмендету жолымен өз ұлтын ұлықтауға, өз халқының ұлттық спецификасының рөлін асыра бағалауға және т.б. қарсы келеді.

Ұлтаралық тілдесу мәдениеті жалпы тілдесу мәдениетінің өзгеше бір түрі болып саналады.Сондықтан ұйымдарға және тұлғааралық тілдесу өткізуге қойылатын талаптарды ескерген жөн, оның ішінде:

-тілдесетін серіктестің жағдайын, көңіл-күйін, өзін-өзі ұстауын дұрыс бағалау және білу, бұған әдепке сай түрде пікір айту;

-тілдесу кедергілерін және оларды жою жолдарын білу;

-серіктестің индивидуалдық ерекшеліктеріне жауап беретін тілдесу формасын таңдай білу;

-қажетті сөйлеу, өзін-өзі ұстау, сыртқы келбет мәдениетін меңгеру;

-ақпаратты жіберу, алу, дұрыс әрі жылдам талдау және бағалау біліктілігіне ие болу;

-берілген тілдесу процессінің адамгершілік құндылықтарына жоғары баға беру біліктілігін меңгеру.