Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

18.3. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

Салауатты өмір салтының негізінде әрдайым өзін-өзі жетілдіріп отыруға дайын болу жатады.Ол тұрақты түрде физикалық жүктемелермен

айналысқаннан кейін пайда болатын қасиет.

Дене тәрбиесімен тұрақты айналысатын адам күн тәртібін,демалыс пен жұмыстың кезеңдігін қатаң сақтау керек.Дене тәрбиесі жаанды және табиғи факторларды қолдана отырып организмнің шынығуын қарастырады.Демек,дене тәрбиесі салауатты өмір салтының негізі болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.Обьективті факторларға:қоршаған ортаның жағдайы,тамақтану сапасы,тұрғылықты мекен-жай,киім мен аяқ киімнің сапасы,спорттық комплекстердің қолжетімділігі жатады.

Субьективті факторларға адамның салауатты өмір салтын сақтаудың негізгі ережелерін қаншалықты орындағандығы жатады.

Денсаулықты нығайтуға арналған көптеген спорттық-сауықтыру орталықтары бар.Оның 5 принципі болады:

1.Салауатты өмір салтын құрушы негізгі күш- ол адамның өзі.Ол өзіне керекті жағдайларды жасауы да,сол жағдайларды бұзуы да мүмкін.

2.Зиянды әдеттерден бас тарту

3.Рациональды тамақтанудың принциптерін сақтау,тамақ сапасы мен саны сай келуі тиіс.

4.Қозғалыс белсенділігінің жасы мен денсаулық жағдайына сай болуы

5.Адам өмірінің барлық сферасын реттеп отыратын адами нормаларды сақтау

Қорыта келе,дене тәрбиесі адамның жалпы мәдениетінің айнымас бір бөлігі және ол салауатты өмір салтымен тығыз байланысты.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

Дүниетаным деген ұғымға наықтама беріңіз.

Өмірді түсіну дегеніміз не?

Оқушының өмір танымы қалай қалыптасады?

Сөйлеу және өзін-өзі ұстау мәдениеті дегенімізді қалай түсінеміз?

Қарым-қатынас мәдениетін сипаттаңыз.

Оқушының еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаттары.

Оқушы еңбегінің негізгі түрлерін атаңыз.

Эстетикалық мәдениет дегеніміз не?

Дене тәрбиесіне анықтама беріңіз.

Реферат тақырыптары

1.Дүниетаным-тұлға мәдениетінің негізі.

2.Жеке тұлғаның өзін-өзі ұстау мәдениеті.

3. Оқушының адами мәдениетін бағалау критерийлері

4. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің ерекшеліктері

5. Бүгінгі оқушының эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Әдебиеттер

1.Лихачев Б.Т.Педагогика. Курс лекций. – М., 1996.

2.Марьенко И.С. Организация и руководство воспитательной работой в школе. - М., 1974

3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н..Педагогика. - М., 2008.

4.Педагогика. Курс лекций.- Алматы, 2003.

5.Рапацевич Е.С. Педагогика. Современная энциклопедия. – Минск, 2010.

6.Станкин М.И. Психолого - педагогические основы физического воспитания. - М., 1988.

7.Харламов И.Ф.Педагогика.- М., 1990.

V бөлім. Тұлғаның тәрбиесі мен әлеуметтендіру

19.Жеке тұлғаны әлеуметтендіру

19.1.Социализация туралы түсінік

19.2. Социализацияның негізгі мақсаттары

19.3.Социализацияның негіізгі факторлары

Негізгі ұғымдар:әлеуметтендіру,тәрбие,мегафакторлар,макрофакторлар,мезо- факторлар,микрофакторлар,әлеумендірудің мақсаттары.

19.1.Социализация туралы түсінік

Тәрбие процессі әрдайым жеке тұлғаның социализациясымен тығыз байланысты.Тұлғаны жоспарлы түрде тәрбиелеу оның социализациясына қолайлы жағдайлар туғызады.

Социализация дегеніміз адамның өмірдің түрлі этаптарында пайда болатын жағдайларға тән дамуы мен өзгеруі.

«Социализацияның негізі-оның барысында адамның қоғамның бір мүшесі болып қалыптасатындығында» (А.В.Мудрик).

Социализация адам құрған немесе құрып келе жатқан материальды және рухани құндылықтарды меңгеруден тұрады.Бірақ оны меңгеру адам өзге жандармен араласқанда,жалпылама қабылданған нормаларды сақтағанда ғана болады.Яғни,тұлғаның социализациясы оның әлеуметтік ортаға кірігіп кетуінен,сонымен қатар тұлғааралық қарым-қатынас құра алуымен жүретін процесс.Ол-тәжірибені меңгеру және оны қоғамдық өмір мен қатынаста қолдану процессі.Жеке тұлғаның социализациясы оның тәрбиесінде белгілі бір деңгейге жетуді көздейді.

Жеке тұлғаның социализациясында адам тұлғааралық қарым-қатынасты меңгеруге,әлеуметтік нормалардың,статус,функциялардың дамуына әсер ете алуға тырысуы керек.Социализация процессінде адам көптеген тәжірибелерге ие болады.Индивид тәжірибе жинаған сайын оның араласатын ортасы кеңейе түседі,азаматтық позициясы белсендіріледі.

Индивидтің социализациясы біткен процесс ретінде қабылданбауы тиіс.Өйткені қоғам бір орында тоқтап қалатын обьект емес.Ол уақыт өткен сайын дамып отырады.Әр қоғамның өрлеу және құлау сатысы болады.Сондықтан да индивид өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуі тиіс.

Сондықтан да,индивидтің социализациялану процессі белгілі бір жасқа келгенде тоқтап қалмайды,өмірінің соңына дейін жалғасып отырады.