Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

20. Тұлғаның қоғам меншігіне айналуы

20.1. Тұлғаның қоғам меншігіне айналу компоненттері

20.2. Тұлғаның қоғам меншігіне айналу технологиясы

20.3. Тұлғаның қоғам меншігіне айналу белгілері

Негізгі ұғымдар: Әлеуметтену компоненттері, әлеуметтену технологиялары, қоғам меншігіне айналу процесі

20.1. Тұлғаның әлеуметтену компоненттері

Тұлға әлеуметтену дегеніміз - мына төрт компоненттерінің жиынтығы.

Басқарымсыз әлеметтену өмірдің объективті шарттарының ықпалымен болады. Бұл жағдайда арнайы қойылған әлеуметтену мақсаттары мен мәселелері болмайды.

Біркелкі басқарылатын әлеуметтену мемлекет әрекеттерінің ықпалы бойынша болады. Мемлекет нақты экономикалық, ұйымдық және адамның өмірінде көрінетін тағы басқа әрекеттер қабылдайды.

Біркелкі қоғамда бақыланатын әлеуметтену дегеніміз қоғамның және мемлекеттің құқықтық, ұйымдық және рухани шарттарды адамның дамуына арналған жоспарлы әрекеттер. Бұл компоненттің нәтижесі тұлғаның тәрбиелігі болып табылады.

Адамның біркелкі зерделі өзгерісі оның жеке мүмкіндіктерінің саласында болады. Бұл компонент тұлғаның өз-өзінің дамуы болып табылады.

Сонымен, арнайы дайындалған тәрбие тұлғаның әлеуметтену компоненттерінің біреуі болып саналады.

20.2. Тұлғаның әлеуметтену технологиялары

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі технологияларына дәстүрлі, институтционалдық стилге келтірілген және тұлға аралас технологияларды жатқызуға болады.

Дәстүрлі технология дегеніміз – мінез-құлық ережелерін қабылдау және меңгеру. Санаға салынбаған деңгейде игерілген ережелермен ойлар саналы енгізілген ережелерге қарағанада жиі адамның істеріне әсерлі ықпал етеді.

Институтционалды технологиясы адам түрлі қоғамдық институттармен, өндірістік өнімдермен , бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттескенде жұмыс істейді. Айту керек, осы институттармен ұйымдар әрқашан тұлға әлеуметтенуінің арнайы жасалған институты бола бермейді. Мысалы, мектептің басты мақсаты тұлғаны әлеуметтендіру болып табылады. Сол уақытта құрылыс фирмасы өз жұмысшыларына қатысты мұндай мақсаттарды қоймайды. Бірақ сол мектепте, сол фирмада тұлға әлеуметтенуінің институтционалды технологиясын жүзеге асырады.

Әлеуметтенудің тұлғааралық технологиясы адамдардың араласу, сөйлесу саласында жұмыс істейді. Адамның сана-сезіміне ата-аналары, туыстары, құрдастары, достары ықпал етеді.

Әр технология адам ережелерді сана-сезімімен қабылдаған кезде ғана жұмыс істейді. Басқа сөзбен, әлеуметену тұлғаның ой қызметі мен тығыз байланысты. Сонымен қатар әлеуметтеніп жатқан адам мына әдістерді қолданады:

Есте сақтау (маңызды объектілер ықпалының ерекшеліктерін бекіту);

Еліктеу (бір үлгі бойынша жүру);

Экзистенциалды қысым (маңызды тұлғалармен араласу процесінде мінез-құлық ережелерін меңгеру және тілін игеру)

Рефлексия (қоғам топтарының құндылықтарын бағалау және қарастыруымен байланысты ішкі диалог.);

Тұлға қоғам меншігіне айналуының белгілері

Аталған технологиялардың нақты шарттардағы ықпалдығы тұлға қоғам меншігіне айналу деңгейінде көрінеді. Қоғам меншігіне айналу поцессі индивидтің әлеуметтік ұйғарымдарына арналған нәтижелі конъфермдылығы болып анықталады. Қоғам меншігіне айналған тұлға, кемел жасқа келген тұлға деп санауға болады. Әлеуметтену адамның бүкіл өмір бойы жалғасатын поцесс болғандықтан, қоғам меншігіне айналу процессі шартты болып келеді. Осы анықтама бойынша бұл поцестің келесі негізгі белгілерін анықтауға болады.

Адамдарға құрмет (адамдармен сыйласу). Шынында да , өзгелерді сыйламайтын адам, өзгелерден сыйласып тұрарлық болмайды, сондықтан қоғамның толымды мүшесі бола алмайды.

Ар-намыс сезімі. Өзін сыйламайтын адам, басқаларды толық сыйлай алмайды. Мұндай адамдардың қоғамның сау күштерінен айырылатын психологиясы қатты дамиды.

Табиғатты оның байлықтарын қастерлеу. Әлеуметтенген адам табиғат өмірдің көзі екенін біліп оны жақсы көріп қастерлейді.

Өзгеріп жатқан жағдайлардағы икемділік және тұрақтылық. Әлеуметтенген адам болашақты болжап, өзгерген жағдайларда өз орнын таба білуі керек. Тек осылай ол өз қоғам меншігі болған даңгейін сақтап қала алады. Бір сөзбен, ол әрқашан дамуға қиыншылықтарға жауап беруге дайын болуы керек.

Шығармашылық жоғарыда көрсетілген белгімен байланысты: шығармашыл адам қиын жағдайларда басқаларға қарағанда жолды оңай табады.

Көп салалы болу.

Әлеуметтену процесінде адам тұлға ретінде дамиды, қоғамның толымды мүшесі болады. Өз қызығушылықтарын, ойларын, жоспарларын іске асырады. Басқа сөзбен әлеуметтену – екі жақты процесс: «бір жағынан индивид қоғамға , әлеуметтік байланыста жүйесіне кіріп әлеуметтік тәжірибені игереді, басқа жағынан ол қоғамға белсенді кіру арқылы әлеуметтік байланыста жүйесін жүзеге асырады. Адам тек тәжірибесін көтеріп қана қоймай, өзін тұлға ретінде дамытады.» (З.Кенесарин). Ақырында социалдық тұлғаның әлеуметтік мәртебесінде арақатынас бірқалыпты көрсетіледі.