Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

26.3. Қиын оқушылармен тәрбие жұмысы

Тәрбие беру қиын оқушының мінез-құлығының тұрақты көрсеткіші болып қала бермейді. Сондықтан тәрбие беру қиыншылықтарының бірінші белгілерін анықтап, оны жөндеу жұмысын ұйымдастыра білу педагогқа өте маңызды.бұл жұмысқа диагностикалық, ұйымдастырушы және баланы психолгоялық қорғау қайреткерлік түрлері жатады. Тәрбие беру қиыншылығын жөндеу жұмысы оқушыны және оның жақын айналасын терең зерттегенді талап етеді. Дұрыс алынған ақпарат педадогогқа асқынушылығын ескерту құралдарын және әдістерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Қайта тәрбиелеу дегеніміз – осы пррцестің бір субъекті жалпы қабылдаған талаптарға сәйкес келмейтін жағдай болатын тәрбие түрі. Қайта тәрбиелеу – ерекше шарттарымен тәрбиелеу деуге болады. Қайта тәрбиелеудің мәселесі адамзат адамзат қасиеттерін дамытуда, дұрыс қызығушылық және талаптарды жөніне келтіру және қалыптастыруда, қиын оқушы тұлғасының жалпы даму деңгейін көрсетуде.

Қайта тәрбиелекдің мақсаты – толымды дамыған тұлғаны қалыптастыру, оның есін және мінез-құлығын жағымды жаққа өзгерту. Қайта тәрбиелеу жағымсыз сипаттарды аттап өтіп тұлғаның жағымды қасиеттеріне және пайдалы әлеуметтік құбылыстарға әкелу керек. Сонымен қатар тұрақты педагогикалық басшылық қамтамасыз ету, қиын оқушыны өз-өзін басқаруды үйрету, пайдалы өмір тәжірибесін алу өте маңызды. Әдетте қиын оқушылардың жағымсыз қасиеттерін жою тобын және жағымды өмір тәжірибесін жинау әдістер тобын бөледі.

Қиын оқушыны қайта тәрбиелеу бойынша жұмысшының төрт негізгі бағыттарын атауға болады:

  1. Оқушының бұрын болған барлық жағымды қасиеттерін, ізгі істерге естелігін қалпына келтіру.

  2. Тұлғаның жетіспеушіліктерін (әлсіз еркіндік, агрессивтілік, нашар есте сақтау қабілеті және т.б.) басқа қызығушылықтарымен (үлгілі тәртіп,спортпен айналысу және т.б.) ауыстыру.

  3. Оқушыны көпшілікте, құрдастар арасында қажетті кезде мақтау арқылы ынталандыру.

  4. Жағымсыз қасиеттерін жойып, жағымды қасиеттерін дамыту. Сонымен қатар кім және не жасағанын, мақсаттарын және дәлелдерін анықтаған маңызды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Оқушының жасты кезеңдерін қысқаша сипаттаңдар.

  2. Тәрбиеленушелердің жеке ерекшеліктері қалай ескеріледі?

  3. Дарындылық дегеніміз не?

  4. Жасты дарындылықты сипаттаңдар?

  5. Дарынды балалармен тәрбие беру жұмысының негізгі қалаптары қандай?

  6. Қиын оқушының қызығушылықтарын сипаттаңдар.

  7. Қиын балалардың өз-өзін тәрбиелеу ерекшеліктерінің мазмұнын ашыңдар.

  8. “Жыныстық тәрбие”, “жыныстық айырмашылықтар”, “жыныстық жетілу” ұғымдарына анықтама беріңдер.

Рефераттар тақырыбы

  1. Тәрбие беру процессінің оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету.

  2. Дарынды оқушыларды тәрбиелеу.

  3. Қиын оқушыларға тәрбие беру.

  4. Оқушыларды қайта тәрбиелеу ерекшеліктері.

  5. Қазіргі оқушыға жынысты тәрбие беру

Әдебиет

  1. Жас ерекшелік және педагогикалық психология / А.В.Петровскийдің редакциясымен. М. 1984

  2. Жексенбаева У.Б. – Дарынды балалармен жұмысының теориясы және практикасы – Алматы 2005

  3. Керимов Л.К. Қиын