Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

26.1. Педагогикалық тәрбиеге бағынбау ұғымы

Оқушылар арасында шағын топта нашар бейімделетін, қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдамайтын, баяу дамуымен ерекшеленетін, түрлі тәртіп бұзушылық жасайтын, тәрбиеге бағынбайтын, тіпті оған ашық немесе жасырын түрде қарсылық көрсететін балалар көп кездеседі. Мұндай балалар “қиын” қоғамдық тәртіпке бағынбайтын “қиын тәрбиеленетін” деп аталады. Педагогикалық тәртіпке бағынбайтын оқушылар дегеніміз – оқушы тәртібінің қоғамдық нормаларға сәйкес келмеуі. Оқушының тәрбие қиыншылығы тұйықталу, белсенділігі баяу, адамдармен сөйлеспеу түрлерінде байқалуы мүмкін; тәртіпті жиі бұзуға әкеліп соғатын тым жоғары белсенділік те, өзгелермен қарым-қатынаста қиыншылықтар туғызатын қияңқылық және өзіне сенімділікте байқалуы мүмкін. Қиын оқушыларда ұжымға қажет тұлғалы қасиеттер дұрыс қаыптаспайды. Олардың әдетте өмірлік мақсаттары шектеулі.

Қиын оқушыларға әлеуметтік көзқарас, қызығушылық және қатынастар саласындағы жаман қасиеттерімен байланысты бағыт тиіс. Қиын оқушылар тұлғасының жалпы бағыты, олардың ұмтылыстары, талаптары, қызығушылықтары оның мінез-құлығын жағымсыз жағынан көрсетеді. Олар өз арманына, мүдделеріне жетуі үшін барлық ұмтылыстарын жинап бастама, зеректік және жігерлік көрсетеді. Олардың әлеуметтік тәжірибелері шектеулі; олар достық, бауырмалшылдық, жәрдем, әділеттік, батылдық сияқты көңіл құндылықтарын өтірік құндылықтар ретінде қабылдайды. Қиын балалардың жағымсыз болу бағыты өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қаруларымен анықталады. Педагогтар және ата-аналар мұндай балаларға ерекше назар аудару қажет және оларды дамыту мақсатымен олардың мінез-құлықтарын жөндейтін үлкен тұлғалы жұмыс керек.

26.2. Тәрбие беру қиындығының пайда болуының негізгі себептері

Тәрбие беру қиыншылығы оқушымен тікелей байланысты себептермен шартталуы мүмкін. Мұндай себептерге жататындар:

  • Бала дамуының күйзелісті кезеңдері, әсіресе алғашқы жасөспірім жасы;

  • Балалардың тұлғалы ерекшеліктері: қырсықтық, жауапкершіліксіздік, тіл табыспау, өз еркіндік, менменшілдік және т.б.

  • Оқушуның денсаулығы;

  • Ата-анасынан қалған қиыншылық, стрессті жағдайларға қиын бейімделу, мазасыздықжағдайы;

  • Баланың қатаймаған психикасы, оның әлі қалыптаспаған ағзасы, тұлға дамундағы тұрақсыздық.

Және тағы да басқа сыртқы себептері болады. Сыртқы себептерге жататындар:

  • Тұлғаның әдепті қалыптасуына ықпал ететін жағдайсыз жай-жапсарлар, ұжымдағы бауырмашылсыз жағдай;

  • Білім беру жүйесіндегі, оқушы бос уақытын өткізетін ұйымдаодағы азаматтық, рухани, еңбек және адамдық қасиеттерін тәрбиелеуінің жетіспеушіліктері;

  • Мемлекеттік құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдарының қайраткерліктерінің кетік-кетіктері;

  • Ата-аналарының, достарының және өзге тұлғалардың жаман үлгісі;

  • Оқушыны құық бұзуға азғыру және кіргізу;

  • Тәрбие кезінде педагогикалық кетік-кетіктермен байланысты ерекшеліктер, оқушының дамуының жастық және жыныстық ерекшеліктерін жеткіліксіз меңгеру;

  • Мектептегі мәселелер, отбасындағы жағдайсыз шарттар тудыратын тұрақты психолгоиялық дискомфорт.

Әр аталған себептердің біреуісі қиын тұлғалардың дамуын тоқтататын шешуші факторы болуы мүмкін. Әдетте түрлі себептер жиыны тәрбие беру қиыншылықтың негізі үлкен қиындықтарға әкеледі. Қоршаған адамдар және тәрбие беру қиыншылығының қалыптасуна ықпал етеді.