Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

30.2. Сыныптағы тәрбие жұмысының формалары

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыс формалары әр-түрлі болып келеді. Бұл формалардың классификациясы да негіздеріне қарай түрлі болып келеді. Қатысушы саны ең қарапайым классификация формасы болып табылады. Сынып жетекшісінің мұндай бөлуде жекелеген, топтық және жалпы (ұжымдық) жұмыстары жайлы сөз қозғалады.

Жекелеген жұмыстар (тәрбиеші-тәрбиеленуші) әдетте педагогтың баламен бетпе-бет жүздесуінің сабақтан тыс жұмыстарда қолданылады. Жекелеген жұмыс формалары өзбетінше де іске асуы мүмкін, сондай-ақ өзге формалардың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін. Мұнымен қатар сынып жетекшісі оқушыныңерекшеліктерін де ескере отырып оларға қатысты нақты, қарым-қатынастың жекелеген түрін қолданады; оқушыны өзіне бейімдейді, ашық әңгімеге тартады, өз ойын педагогпен бөлісуге шақырады; тұлғаның әлсіз тұстарымен мықты жақтарын ашудың, оның мотивтерін анықтау мен ынталандыру және т.б. мәселелерін шешеді.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарындағы жекелеген формаларына мыналарды жатқызуға болады: ішкі жан дүниені тебрентер әңгіме, ашық әңгіме, кеңес беру, формальды емес жағдайдағы сөйлесулер, кейбір нақты жұмыстарды (тапсырмаларды) орындау, кейбір мәселелердің түйін шешімін ортақтаса іздестіру және т.б.

Топтық формаларда (тәрбиеші – балалар тобы) сынып жетекшісі өзін сол топ мүшесі ретінде немесе оқушыларға деген орынды қатынасы мен сыйластық негізіндегі жұмыс ұйымдастырушысы ретінде алға тартады. Осы орайда сынып жетекшісі әр оқушының өзіндік қасиеттерін ашуға көмектесу мәселелерін шешеді. Сондай-ақ әр оқушы мен жалпы сынып ұжымының пайдасына маңызды әрі нәтижелі жетістіктерге жету міндеттерін шешеді. Топтық жұмыстың негізгі формалары болып сынып ұжымы, сынып белсенділері мен өзін-өзі басқару және т.б. жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Жұмыстың ұжымдық формалары (бір немесе бірнеше сыныптың тәрбиешісі) сынып жұмысының әртүрлі рөлдерінің ерекшелігімен сипатталынады. Ол жетекші қатысушы және ұйымдастырушы; өзінің жеке тұлғасы арқылы оқушыларға тәрбиелік ықпал жасайтын қарапайым қатысушы ; жаңадан қатысушы; іс-әрекетті ұйымдастыруда балалардың кеңесшісі және көмекшісі болуы мүмкін. Жұмыстың мұндай түрлеріне байқауларды спектакльдерді, концерттерді, саяхатқа шығу, туристік слеттер және спорртық жарыстарды жатқызуға болады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының қандай да бір түрін таңдау барысында тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері сай анықталған жұмыс мазмұнына сәйкес формалар және әдістермен қамтамасыз ету ескерілу керек. Ол таңдау төмендегі ережелер мен талаптарға негізделеді:

- мектеп оқушысының тұлғасын жоспарлы түрде қалыптастырудың негіздері мен міндаттеріне сәйкес аталған кезеңнің(оқу жылы,оқу тоқсаны) тәрбиелік міндеттерін ескеру;

- міндеттерге сәйкес жұмыс мазмұнын және мектеп оқушыларының іс-әрекетінің негізгі түрлерін анықтау;

- мәрбие жұмысының нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, белгіленген міндеттерді жүзеге асырудың мүмкін болатын әдістерді мен формалын таңдау;

- мектеп оқушыларының белсенді қатысуымен алдын-ала таңдалған әдістер мен формалардан негіздей отырып таңдау жасау.