Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

5.2.Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі тәсілдері

Өзін-өзі тәрбиелеудің өзінің нәтижелілігін практикада дәлелдегені сияқты тәсілдері таныс. Мұғалім өзінің тәрбиеленушілерін өзін-өзі тәрбиелеу бойынша әрекет жасағанда оларды қолдануды үйренетіндей ерекшеліктері мен осы әрбір тәсілдер орнын анық ұсынуы тиіс.

Өзін-өзі тәрбиелеудің бірінші, бастапқы тәсілін өзін-өзі тану деп мойындауымыз керек, яғни өзін жеке тұлға ретінде зерделеу, өзінің күшті және осал жақтарын білу. Өзін – өзі тану өз-өзін қадағалаудан басталады. «Ол есте сақтау мен ойды, белгілі бір уақыт аралығындағы іс-әрекетінің фиксациясы мен талдануын ұйғарады» (С. Б. Елканов). Өзін-өзі қадағалау өзін-өзі талдаумен берілуі тиіс. Оқушыны өз-өзіне ойша күнделікті есеп беруге, өзінің сол күнгі іс-әрекеттерін талдап, ойша оларды бағалауға үйрету қажет. Бұл ретте тұлғаның қандай қасиеттері қандай мінездің көрсетілуімен себепші болғанын біле алады, сонымен қатар қандай жеке әрекеттер оң бағаланады, ал қайсысы – теріс екендігі анықталады.

Осындай жағдайларда өз іс-әрекеттерін меншікті идеалдың мүмкін болатын әрекеттерімен ойша салыстыруды жүргізу мақсатты көрсетіледі. Бұндай салыстыру жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін орнықтырудағы қажеттілік туындауының әсерлі себебі болуы мүмкін. Жеке тұлғаның сол және басқа қасиеттерінің пайда болуына деген құндылықты қарым-қатынасы тұрақты өз-өзіне баға беру нәтижесінде жасалынады. Өзін-өзі бағалау жеке тұлғаның тек белгілі бір қасиетін білу ғана емес, жағымсыз жақтарын жоюдың жолы анықталуын және жағымды көрсетулердің орнығуын ұсынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды тәсілі өмірінің жақын арадағы мақсаттарын анықтауға негізделетін өзін-өзі ынталандыру болып табылады. Уақыт өтуімен, оқушының үлкеюімен мақсаттар жазылады, мектеп түлегі енді өзіне өмірінің барлық кезеңіне негізгі мақсаттар қоююы тиіс. Масаттанушылық пен жайбарақаттанушылыққа қарсы тұратын өзіне сынмен қараушылық және өмірлік мақсаттарды анықтау өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру құралы ретінде қызмет етеді.

Оқушыларды, әсіресе жоғары сыныпта оқитындарға өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруды үйренуі қажет, яғни жұмысты өзін-өзі программалау бойынша бастау керек. ол қазіргі мезеттегі күйі мен тұлғалық қасиеттерінің бағасынан тұра алады, қасиеттің қажет идеалы, идеалға жетудің жолы мен әдістері. Бұндай программаның болуы өзін-өзі тәрбиелеу бойынша тәртіпке салады, реттейді. Белгілі бір жастағы оқушы үшін айқын тұлғаға қатысынсыз жалпы программалар да жасалынуы мүмкін. Онда оның негізінде әрбір оқушы өздігінен жетілетін жеке программаны құра алады.

5.3. Өзіне-өзі әсер ету тәсілдері

Жоғарыда келтірілген тәсілдерде өзара байланысты қабылдау мен тәсілдер жиынтығын ұсынатын өзіне-өзі әсер ету жүйесі негізделеді. Осындай тәсілдердің бірі – өз-өзіне нұсқама сондай немесе басқа да жағдайларда мүмкін болатын әрекеттердің алдын-ала тиянақтылық негізінде жүргізіледі. Бұл тиянақтылық өзің үшін осындай жағдайларда қалай әрекет жасау керектігі туралы «нұсқауды» құруға мүмкіндік береді. Жеке әрекеттер мен істердің тоқтаусыз өзін-өзі қадағалау жүргізіледі. Оқушыны өзінің жеке бас қасиеттерінің көрсетілуіне алдын ала бақылау және талдау жасауға үйрету керектігі анық. Өзін – өзі қадағалау және сондай талдау негізінде мақсатты түрде өзі үшін есеп беру жасау керек. Өз-өзіне есеп беру өз-өзін ұстауда және сондай немесе басқа да жеке бас қасиеттері көрсету кезінде өзіңді тәрбиелеуде нәтижелікті қамтамасыз ету үшін түзетулер енгізу мүмкіндігі бар.

Өзін-өзі тәрбиелеудің жоғарыда келтірілген әдістері өзіндік сана-сезімін қайта құрудың тәсілі не құралы ретінде өзін-өзі сендіруді қолдануға мүмкіндік береді. Ол тек жеке әрекеттердің талданылу негізінде өзінің жеке бас қасиеттеріне бағалау жүргізілген уақыттағы тұлғаның белсенді ойша әрекеттері нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін. Бұл үшін шынайы қабілеттіліктерге және үйлесімді еркін қасиеттеріне ие болу керек, аналитикалық ойын қолдануды білу керек. Өзін-өзі сендіру процесінде индивид өзін мүлт кеткен жерлерін ойша кінәлауы мүмкін, бір нәрседе ақтап, жіберілген мүмкіндіктер туралы өзін жұбата алады.

Өз өзіне бұйрық беруді адам бір әрекеттерді жасауға зорлық деп түсіндірілетін өзін өзі зорлау әдістерінің тобына жатқызуға болады. Өзін өзі зорлау өзін өзі шектеумен, өзін өзі бас тартумен, өзін өзі басқарумен тығыз баиланысты. Өзін өзі басқару зияттық дарындылық, сезім, сана - сезім, мінез құлығына бағыттылған әдістерде жүзеге асырылады.

Ауызша өзіне өзі әсер ету арқылы өзін өзі сендіру әдісі жүзеге асырылады. Өзін өзі сендіру өзінің бұйрықтарын орындай білуінде негізделеді. Ол дегеніміз адамның психикалық жағдайын түзеуге бағытталған ауызша түрде айтылған үндеу. Өзін өзі сендіру автотренингтер арқылы жүзеге асырылу мүмкін.

Тіршілік әрекету процессінде адам бүкіл омір бойы өз мінез құлығын озгертуге, өз тұлғалы қасиеттерін түзеуге қажет болуымен келіп соғысады. Басқа сөзбен әрқашан өз өзін тәрбиелеумен айналысады. Бала өзін өзі тәрбиелеу әдісиерін ертерек игеріп алса мұндай процесс сәтті болады.

Бақылау сұрақтары