Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

Ұжымда тәрбиелеу және ұжым арқылы тәрбиелеу

1. Тәрбиелік балалар ұжымы.

2. Оқушылар ұжымындағы өзін өзі басқару.

3. Оқушылар ұжымы дамуының негізгі шарттары.

Негізгі ұғымдар: ұжым, ұжым дамуның кезеңдері, өзін өзі басқару, педагогикалық талаптар, актив-белсенділер, болашақы.

Тәрбиелеуші балалар ұжымы

Балалар ұжымы тұлғаны тәрбиелеудің өте құнды құралы болып табылады, ал ұжымда тәрбиеленуді мектеп оқушысы тұлғасын қалыптастырудың маңызды әдісі деуге болады. «Тұлға мен ұжымның даму үрдісі бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуына, оның даму деңгейіне, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымына тәуелді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ойлауының даму деңгейі, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттері ұжымның тәрибиелеу күші мен ықпалын айқындайды» (В.А.Сластенин).

Ұжым – әлеуметтік-маңызды мақсаттар және осы мақсаттарға жетуге байланысты ортақ іс-әрекет біріктірген адамдар тобы. Сонымен, ұжым әлеуметтік бағытталған бәріне ортақ, бәрі мойындайтын мақтатар негізінде бірігуі тиіс. Осындай мақсаттар және оларға жетуге байланысты ортақ іс-әрекеттің болуы балалар ұжымының сипаттамасы болып табылады. Ұжымға тән басқа белгілер ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:

-ұжым мүшелерінің өте саналы тәртібі, ол арқылы дәстүрлер мен дағдыларда көрніс тапқан ұжым мүшелеріне деген моральдық талаптар жүзеге асады;

- тартымды көңіл-күй мен іс-әрекетке дайын болудың негізі болатын ( өмірдің мажорлы стилі) ұжым мүшелерінің достық бірлігі;

- өз ұжымының құндылығы мен ол туралы мақтаныш сезімінен туындайтын өз ұжымындағы өз абыройы туралы сезім;

- ұжымның бірде – бір мүшесі шеттетілмейтін және қорғаусыз қалмайтындай, ешкімнің басқа біреуді режітуге құқығы мен мүмкіндігі болмайтындай ұжымда ішіндегі қорғаныш сезімі;

- реттелген іс-әрекет және т.б. әрдайым дайын болу түрінде көрініс табатын белсенділік.

Тәрбиелеуші ұжым –ең басты функциясы өз мүшелерінің тұлғасын қалыптастыру болып табылатын ұжымның ерекше түрі. Ондай ұжым, тұлғалық сапаларды қалыптастыра отырып, әрбір тұлғаны өсіреді, оның әлеуметтік-адамгершілік ұстанымдарын тәрбиелейді және нығайтады. «Балалар ұжымы тек әрбір адамды өсірген кезде, әрбіреуінің бойында өз абыройы сезімін, өзін –өзі құрметтеуді қалыптастрығанда ғана тәрбиелеуші күшке айналады»(В.А.Сухомлинский).

Тәрбиелеуші ұжымның іс-әрекетінің негізгі мазмұнын оқу, еңбек, өз қалауымен шұғылдану және т.б. секілді қоғамдық-пайдалы іс-әрекет құрайды. Ондай ұжымда оның іс-әрекетінің әрдайым толығып отыруы тенденциясы байқалады. Тәрбиелеуші ұжым формасыз бірлестік емес, оның белгілі бір құрамы мен нақты құрылымы бар. Мысалы, біртұтас мектеп ұжымы оқушылар ұжымын, мұғалімдер ұжымын қамтиды. Жалпы оқушылар ұжымы оқушылардың бастауыш ұжымдарынан тұрады.

Тәрбиелеуші ұжымда кешенді түрде оның барлық функциялары көрініс табуына ұмтылу керек:

-ұжымның өзі тәрбие субъектісі болуы оның ұйымдастыру функциясында айқындалады;

-мектеп оқушысының өнегелі, азаматтық-тұлғалық қалыптасуына ықпал ету ұжымның тәрбиелік функциясында көрініс табады;

- мектеп оқушысының белсенділігі мен тәуелсіздігін ояту ұжымның ынталандыру функциясы болып табылады.

Оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару

Өзін-өзі басқару оқушыларды мектеп істерін басқару және жұмысқа қабілетті, кеңейтілген құқықтар мен міндеттерге ие органдар құруға тарту арқылы оқушылардың бойында жолдастық өзара көмек және ұйымдастыру сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тәрбиелеуші ұжымның өзін өзі ұйымдастыру әдісі ретінде анықталады. Қысқаша айтсақ, өзін-өзі басқару өз ұжымының өмірлік іс-әрекетін басқаруға мектеп оқушыларын тартудың әдісі болып табылады. Өзін-өзі басқарудың ерекшеліктері келесіге келіп тоқталады:

- Коллективті өз қызметінің субъектісіне айналдыруға ықпал етеді.

- Коллектив қызметін басқаруда оқушылардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді.

- Тәжрибелік өмірде оқушыларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға дайындайды.

- Оқушылардың бойында азаматтық, имандылық сонымен бірге тұлғалық және белсенділік қасиеттерді қалыптастырады.

Өзін – өзі басқару органдарының құрылуы келесі қағидаттарға негізделуі керек:

1. Әрбір өзін-өзі басқаратын орган оған шынайы қажеттілік орнағанда пайда болып қалыптасуы керек.

2. Өзін-өзі басқару органы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, қызметтік мерзімдерін және есеп беруін анықтап алу керек.

3. Өзін-өзі басқарудың ішкі бірлігі мен тұрақтылығы.

4. Әр түрлі өзін-өзі басқаратын органдардың арасында нақты анықталған қарым-қатынас жүйесін орнату керек.

5. Өзін – өзі басқару органдарының жоғары деңгейден төменгі деңгейге дейін сайланбалы болуын енгізу.

6. Өзін – өзі басқару органдарының арасында жүйелілік пен өзара тәуелділіктің, атқаратын қызметіндегі шапшаңдықтың болуы.

7. Өзін – өзі басқаратын орган мүшелерінің үнемі сайлаушылар алдында жүйелі түрде есеп беруі.

Өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыру үшін коллективтің белсенді мүшелеріне арнайы оқыту шараларын ұйымдастыру, оларды тек басқару емес, бағынуға да үйрету. Коллектив мүшесінің коллективте атқарған әрбір қызметіне және коллектив көлеміндегі барлық қызметке жеке жаупкершілікпен қарауды үйретудің маңызы зор.

Өзін-өзі басқаратын органдардың коллектив қызметіне жауапкершілігінің артуымен бірге орган ішіндегі атқарылатын міндеттер де өзгереді. Бұл өзгерістерді төменгі кестеден көруге болады.

Органның атқаратын қызметінің өзін-өзі басқаруындағы бастапқы кезеңінің дамуы Органның атқаратын қызметінің дамуындағы деңгейінің табыстары

1 тәртіптік сұрақтарды шешеді еңбекке қатысты және өзге сұрақтарды шешеді

2 ішкі сұрақтарды шешеді сыртқы және ұжымдық сұрақтарды шешеді

3 таңдауларда қатыспайды, мүше органдары өз бағытымен тағайындалады өз бағыты бойынша мүшелерді қатал түрде тағайындайды

4 шешім қабылдау және оны орындалуымен бөлу қабылданған шешімді және оныңорындалуымен қосылуы: шешім қабылданады және бір бағыт бойынша органдарды орындайды.

Ұжымның дамуында үлкен мектеп оқушыларын туысқандық әрекеттестігінің әдістерін иемденеді. Олардың ішіне әдістемелерін көрсетуге болады: Жолдастық түрткінің келешекке ынталандыру. Игі іске шығармашылық ізденіс әдемі, керемет, ерекше құпиялы, қаһарлы, күлкілі және көңілді жағдайлар жатады. Жолдастық әдістерге: көңілді сезімнен құүралған топтық әдіс (көтермелеу, растау, мадақтау т.б.); жауапкершілік сезімнен құралған топтық әдіс (талап ету, бақылау, ескерту, көмек беру, айыптау, сөгіс, сынау және т.б.); Өз-өзіне сенімнен құралған топтық әдіс (сенім мен көндіру, өтіну). Жоластық көндіру әдәсәне кіреді: әңгіме-толғану тәжірибесіне сүйеніп көндіру, өзінің тәжірибесін талқылау (немесе басқа оқушылардың тәжірибесін талқылау), жолдастық бәсекелесу және т.б. Жолдастық баулу әдісіне оңтайлы өмір құрылымы, қоғамдық тапсырм, шығармашылық ойын, жарыс, жолдастық үлгі болу және т.б. кіреді.