Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

14.2.Саналы тәртіпке тәрбиелеу

Тәртіп-бұл адамның тіршілік әрекетінің сол немесе басқа салада жинақтылығы және тәртіптілігі, ол оның іс-әрекетінің және өмірінің сол ережеге және қағидаға сәйкестігін көрсетеді. Сондықтанда оқушыны адагершілікке тәрбиелеуде саналы тәртіпке тәрбиелеу үлкен рөл атқарады. Мектептегі тәртіп мектепте қабылданған тәртіптер мен орнатуларды ,оқушы-оқушы, оқушы-педагог жүйесінде қарым-қатынас ережесін сақтауды қамтиды.Ол білімді және тәртіп пен талаптарды,ережелерге мойынсынуды,орындауды көрсетеді.Сол кезден-ақ тұлғаның субъективті қабілетін өзін ұйымдастырушылығын және дұрыс жол таңдай білуін көрсетеді. Бұл көзқарастан мектептегі тәртіп әлеуметтік қызметте шамадан-шақ орын алады.

Педагогтың жұмысы саналы тәртіпке тәрбиелеу және өзін-өзі ұстау мәдениетіне оқушыларға тәртіпті сақтауды түсіндіру.

Тәртіпті сақтау тәртілікті білдіреді, ол басқа салаларда өзін-өзі ұстауы арқылы көрсетіледі. Ол ұстамдылық,іштей ұйымдастырушылықты,жеке және қоғамдық қағидалар дайындық арқылы пайда болады.

14.3.Мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру

Әртүрлі тәртіптіліктің даму деңгейі мінез-құлық мәдениеті түсінігінде көрінуі мүмкін.Мінез-құлық мәдениеті ең бір дамыған деңгейі деп түсінуге болады.Мінез-құлық мәдениеті шеңберінде іс-әрекет мәдениеті, келбетін, қарым-қатынасын,сөйлеуін және тұрмыстық мәдениетін қарауды қабылданған.

Келбет мәдениеті өзінің стиліне сәйкес киіне білуінен көрінеді, жеке бас гигиенасын сақтауда гигиеналық заттарды қолдануынан және т.б. Келбет келбет мәдениетінің орталық түйіні болып келеді. Оқушыны төменгі сыныптан бастап әртүрлі функция бойынша киім таңдай білуін үйрету керек:мектепке арналған киім, сыртқа ойнауға арналған киім, қонаққа киетін, үйде киетін және т.б. Ол киімді күтіп,таза ұстауы тиіс.

Қарым-қатынас мәдениеті мейрімділік пен сенімділікті, адамдарға әдептілік пен мұқияттылықты талап етеді. Оқушы жақын және бөгде адамдармен,сыртта, қоғамдық орындарды қарым-қатынас ережесін сақтау керек. Қарым-қатынас мәдениеті сөйлеу мәдениетімен байланысты.

16.Еңбек тәрбиесі

16.1.Еңбек тәрбиесінің мазмұны

16.2.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру шарттары

16.3.Еңбек процессінде тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Негізгі түсініктер: еңбек, жалпы қоғамдық пайдалы еңбек, адамгершілік қасиеттер, қарама-қайшылықтар.

16.1.Еңбек тәрбиесінің мазмұны

Еңбек - тұлға дамуының және оның адамгершілік тұрғыда орнығуының қажетті құралы.Сондықтан еңбек тәрбиесін қарапайым еңбек біліктіліктерін және еңбек міндеттемелері туралы ойларды қалыптастыра отырып, отбасында ерте балалық кезден бастаған жөн.Еңбек әрекеті бала үшін табиғи қажеттілікке айналуы тиіс.

Мектеп жасында еңбек әрекетінің ауқымы кеңейеді.Баланың еңбек әрекеті зеректілікті, ептілікті, еңбек біліктіліктерін т.б. талап ететін нақты бір қиындыққа тап болады.Бұл кезеңде еңбек тәрбиесі келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

-кез-келген еңбек түріне жағымды құндылықтық қатынасты қалыптастыру және бекіту;

-еңбек әрекетінің жоғары мотивтерін және еңбекке дайындықты қалыптастыру;

-білім алуға танымдық қызығушылықты және сол білімді тәжірибеде қолдану ұмтылысын дамыту;

-тұлғаның еңбекқорлық қасиеттерін, парызын, жауапкершілігін, мақсаттылығын және арын, іскерлігін және пысықтығын қалыптастыру;

-оқушыларды еңбек біліктіліктері және дағдыларымен қаруландыру;

-ой және дене еңбегінің мәдениетін қалыптастыру;

Көрсетілген міндеттердің шешілуі келесідегідей оқушылардың еңбек әрекеттерінің процессінде орын алады:

1.Еңбектің ой және дене секілді түрлерден тұратын оқу еңбегі.Ой еңбегі күш-жігердің, төзімнің, ыждаһаттылықтың болуын талап етеді және оның қалыптасуының құралы атанады.Оқу бағдарламасының шеңберіндегі оқу шеберханаларында және мектеп аумағында болатын дене еңбегі ұйымшылдық және өзара көмек қасиеттерінің, еңбек адамдары мен олардың еңбектерінің нәтижесіне құрметтің қалыптасуына сеп болады.

2.Қоғамдық пайдалы еңбек мектепте және үйде өз-өзіне қызмет көрсету еңбегінен, мектеп аумақтары мен шаруашылықтарындағы жазғы жұмыстан, балаларға арналған экологиялық, табиғатты қорғау және басқа ерікті қоғамдардағы еңбек әрекетінен құралады.Қоғамдық пайдалы еңбек оқушыларға өз-өзіне қызмет көрсетуді, табиғатқа сүйіспеншілік сезімдерін және табиғи байлықтарға қамқорлықпен қарау дағдыларын және т.б. үйретуге бағытталған.

3.Өндірушілік еңбек материалдық құндылықтарды жасаумен және өдірістік қатынастарға оқушыны ендірумен байланысты.Бұндай еңбек кәсіби қызығушылықтарды, бейімділіктерді, еңбекке деген қажеттілікті дамытады, еңбек әрекетінің экономикалық қырларын игеруге көмектеседі.

Осыған орай, көрсетілген оқушылардың еңбек әрекетінің әр түрі нақты бір тәрбиелік потенциалға ие.Оларды дұрыс үйлестіру және еңбек әрекетінің мақсатты түрде ұйымдастырылуы оқушының негізгі мәдениетін қалыптастырудағы тиімді құрал болып табылады.