Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

26. Оқушының педагогикалық тәртіпке бағынбауы

26.1. Педагогикалық тәрбиеге бағынбау ұғымы

26.2. Тәрбие беру қиындығының пайда болуының негізгі себептері

26.3. Қиын оқушылармен тәрбие жұмысы

Негізгі ұғымдар: тәрбие беру қиындылығы, педагогикалық тәртіпке бағынбау, девианттық мінез-құлық, даму факторлары, қайта тәрбиелеу

25.3. Дарынды оқушылармен тәрбие жұмысы

Дарынды оқушылардың жоғарыда келтірілген ерекшеліктерін және ой өрістерін көрсеткендерін педагогтар және басқа оқушылар жақсы қабылдауы мүмкін, болмаса жаман бағалануы мүмкін. Сонымен, мектептің күнделікті практикасында қаламаған нәтижелерге әкелетін реакцияның келесі екі түрі пайда болуы мүмкін.

  1. Педагогтар оқу тәртіптерін меңгеру кезінде оқушының қабілеттерімен және жетістіктерімен тек таңданады. Оның тәртібіне, қылықтарына, ұжымдағы оқушылармен қатынасына қатысты талаптар азаяды. Дарынды оқушы тек сүйікті оқушы болып қана емес, сонымен қатар өзін қалған барлық оқушыларға жоғарыдан қарайтындай болып сезе бастайды.

Әрқашан оған арналған мақтау сөздері ең ақылды, барлығына рұқсаты бар сезімдерін қалыптастырады. Осылай ол тәртіп талаптарын және мектептің ішкі тәртібін сақтамауды үйрене бастайды. Оқушының дамып келе жатқан менсінбеушілігі сыныптастарымен араласуды алыстатады, оқушылар ұжымында өз орнын жоғалта бастайды. Бірақ оған қарамастан мұғалімдер оны мақтауды тоқтатпайды. Сынып оқушылары оның менсінбеушілігінен, достарына сыйластығы жоқ болғандықтан одан алыстай бастайды. Ал бұл жағдай дарынды оқушының ашу сезімін тудырады.

Осылай дарынды оқушының педагогикалық тәрбие беру жүйесінен айырылуы жаман мінез қасиеттерін қалыптастырады.

  1. Дарынды оқушының және ой өрісі орта деңгейдегі оқушының тұлғалы қасиеттері бір-бірінен айырылады және осы сабептен кейде мұғалім және басқа оқушылар оған жаманкөзбен қарайды. Дарынды оқушының ой өрісі қабілеттері кең болғандықтан басқаларға қарағанда оқу материалын тез меңгеріп, мұғалімнің тапсырмаларын басқалардан тезірек орындайды. Сондықтан сабақта оның көп бос уақыты артылып қалады. Сол себептен дарынды оқушы басқа оқушыларға қарсы тәртіп бұзуына жақын болады. Мұғалімдер оның осындай тәртібіне көңілі толмайды. Осындай көңіл толмағандық уақытпен нағыз жағымсыз қатынасқа дейін әкеліп соғуы, конфликтті жағдай жасауы мүмкін. Мұғалімнің және дарынды оқушының тұлғалы қасиеттеріне қарай бұл қарама-қайшылықтың нәтижесі өкінішті болуы мүмкін.

Сондықтан, дарынды баланың дамуына және психикалық тұрақтылығына мұғалімнің қатынасыда ықпал етеді.

Сонымен, дарынды оқушыға басқа оқушыларға сияқты педагогпен тәрбие беру қатынасы қажет. Педагог дарынды оқушының ой-өрісінің үлкен мүмүкіндіктерінің бар болуы дұрыс қолдана білуі тиіс. Оқу талаптары дарынды оқушыда, басқа оқушыларда бір уақытта бітіретіндей деңгейде болу керек. Педагог дарынды балаға тәрбие беру қатынасы басқалардан кем болмауы керектігін білуі тиіс. Паңдық, менмендік, дарынды оқушының басқа адамдарға менсінбеушілік қатынасын қалыптасуына жол бермеу керек – осы педагогтың дарынды оқушыларға тәрбие беру жұмысының ең маңызды бағыттары.