Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

Стимуляция және мотивация әдісі

Іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың стимуляциясы мен мотивациясының әдістерінің ішіне жарысты, танымдық ойындарды, дискуссияны, эмоционалды әсерді, марапаттауды, жаза беруді жатқызуға болады. Жарыс әдісін енгізу оқушының жақсы табыстарға жетуіне күресуіне мүмкіндік береді. Жарыс балалар мен жасөспірімдердің бәсекелестік пен өз-өзіне деген сенімділікті тудырады. Жарыс ұжымдар арасында немесе жеке тәрбиеленушілер арасында ұйымдастырылуы және ол ұзақ немесе эпизодтық түрде болуы мүмкін. Жарыс әдісін қолдану барысында келесі принциптерге сүйенуі керек: ашықтығы, нәтижесінің көрсеткіштігі, нәтижесінің салыстырмалылығы, алдынғы тәжірибелерді практикалық қолдануы.

Мотивация мен стимул әдісінің қозғаушы моменті ретінде оқушының нәтижеге алаңдауы және жаңа оң қасиеттердің пайда болуы болып табылады. Оған оқушының сюжеттік-рольдік ойындарға қатысуы әсер етеді. Дұрыс ұйымдастырылған ойындар жарқын әсерлермен және уайымдармен байланысады.

Мараппаттау оқушының қоғамдағы іс-әрекетінің оң бағалануымен ескерілетін әдіс. Қолдау мен марапаттау оқушының жақсы қасиеттерін ашады және өзіне деген сенімділікті тудырады. Тәрбиелік мәнісін жоғарылату үшін педагог оқушының іс-әрекетіне ғана емес, оның мотивациясына және оның орындауының дұрыстығына назар аударуы керек. Жаза беру әдісі ерекше такті мен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Жазаның кез келген түрі оқушының шалыс іс-әрекетін талдаудан кейін жүзеге асуы керек. Жаза жеке тұлғаға ерекше әсер ететін әдіс, сондықтан оны оқушының жан-дүниесін ескеріп қолдану керек. Тәрбиелеудің кез келген әдісі оның нәтижелігінің дәрежесі ретінде ақпарат береді. Мұндай ақпарат алу ретінде бақылау әдісі қолданылады (педагогикалық бақылау, әңгімелесу, психологиялық сұрақ-жауап қолдану, оқушыларды белгілі бір қызметтерді тапсыру және қарым-қатынас).

Педагогикалық бақылауды, яғни оқушының тікелей қатысты қызметі мен мінез-құлқын нақты мақсатты бағдарлама бақылауымен ұйымдастыру керек. Әңгімелесу оқушының адамгершілік нормаларының дәрежесін анықтауға бағытталған. Психологиялық сұраулар ұжымдағы мүшелердің ара-қатынасын, өзара жеке қатынастағы келіспеушіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Мектеп оқушысын белгілі тұлғалық сапаны көрсете білетін қызметке араластыру бақылаудың пәрменді әдісі болып табылады.

Сонымен бірге оқушыға қолдау көрсетіліп (керек жағдайларда) педагогикалық бақылау жүргізіледі, алдағы тәрбие жұмысы жоспарланады яғни, оқушының жеке тұлғалық сапасының деңгейі анықталады.

Оқушының мінезі мен әс-әрекетін, тұлғалық сапаны бақылау өзін бақылау мен өзін бағалаумен толықтырылса тиімдірек болады. Педагог оқушыларға олардың іс-әрекеттерін бақылау мен оны бағалауды үйретуді ұйымдастыруы тиіс.

28. Мектептегі тәрбие жұмысының формалары

  1. Тәрбие ісі

  2. Тәрбие ісінің талаптарының тиімділігі

  3. Тәрбие ісінің бағыты

Негізгі түсініктер: тәрбие ісі, тиімділік, бағыты, формасы, критериі, азаматтық ұстаным.

28.1. Тәрбие ісі

Тәрбие жұмысының жоғарғы ұйымы бұл ұйымның сыртқы көрінісі, ол тәрбие ісінің ішкі байланысын көрсетеді, тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің ара-қатынасын сипаттайды. Тұлға қызмет пен араласу үдерісінде қалыптасатындықтан, тәрбие жұмысының формасы оқушылардың (оқу еңбегі, түрлі тәжірибе, спорттық қызмет, көркем шығармашылық, ойын қызметі, өзіне қызмет және т.б.) белсенді қызметіне икемделуі тиіс.

Көрсетілген көзқарас бойынша оқушы тәрбиесінің формасы оның қызметінің ұйымдастырылу формасын көрсетеді. Тәрбиенің мазмұны мен оны ұйымдастыру формасы тұтас байланыста.

Мазмұны оны жүзеге асыруда нақты, сәйкес формасын анықтайды және тәрбие үдерісінің тиімділігі оның формасына байланысты. Тәрбиемен қамтылған оқушылардың санына байланысты индивидуалдық, микротоптық, топтық (ұжжымдық) және жаппай (фронтальдық) тәрбие жұмыс формасы болып бөлінеді.

Сонымен қатар, тәрбиелеу формасын оның ұйымының орналасқан орнына, Оқыту үдерісіндегі тәрбие, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс, отбасы, балалар және жас өспірімдер мекемелері мен ұйымдары, тұрғылықты жеріне байланысты деп бөлуге болады.

Жоғарыда аталып өткен формалар негізгі тәрбие мақсатының жетістігінің тиімділігін көтеруге, тұлғаны жан-жақты және гармониялық дамытуға бағытталған. Тәрбиелік іс-шара (тәрбие ісі) мектептегі негізгі тәрбие жұмысының арнайы формасы болып келеді. Тәрбие іс-шарасы оқушыларға негізгі адамның әлеуметтік тәжірибесін береді. Тәлімгер керекті білім алып, бағалау мен өзін бағалауға үйренеді.

Тәрбиелеу қызметіне қол жеткізуде сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар бағытталған. Мысалға, пәндік үйірмелер білім көлемін көтеруден басқа, тәрбиелік тапсырмаларды да шешеді. Бұндай бекітілім пәндік кеш, пәндік апта, лектория, конкурс, олимпиада және т.б. тиесілі. Ата-аналар қауымын, мектептен тыс мекемелер мен ұйымдарды осындай іс-шараларға араластырса жоғары тиімділігік болар еді.