Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

30.3. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысы

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында отбасының рөлі өте зор. Сондықтан мектеп оқушылардың отбасымен тығыз іскерлік қарым- қатынасты орнату керек. Іс жүзінде ондай қарым-қатынас көбінесе сынып жетекшісі арқылы жүзеге асады. Оның іс-әрекетінің маңызды бөлігі бала тұлғасын дамытуда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Педагог – сынып жетекшісі оқушы отбасымен талапқа сай байланыс орнатуы керек. (В.А. Сластенин)

1.Сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жұмысының негізін ата-аналардың мәртебесін нығайтуға және көтеруге бағытталған іс- шаралар құруы керек. Отбасымен өзара құрмет қарым-қатынасын орнату керек, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша ортақ шешім қабылдау қажет.

2. Ата-аналардың тәрбиелік мүмкіншіліктеріне сенім білдіру, олардың педагогикалық мәдениеті мен тәрбиедегі белсенділігін көтеру. Кез келген ата-ана өз баласының білімді қазіргі жағдайда тиімді , табысты өмірлік іс-әрекетке қабілетті болуы сөзсіз. Сондықтан олардың талап – тілектері мен ұмтылыстарына сенім білдіре отырып бала тәрбиесінде өзара келісілген стратегия қалыптастыру және оны бірлесе жүзеге асыруды қамтамасыз ету керек.

3. Педагогикалық өнегелік , отбасы өміріне епсіз араласуды болдырмау. Педагог – сынып жетекшісі мемлекеттің ресми өкілі болып табылады және оның өнегесіз қадамдары ата-аналардың мектепке деген көзқарасын өзертеді. Ата-аналардың мектепке деген теріс қатынасы оқушының білім беру үрдісіне және педагогикалық ұжымға деген қатынасына әсер етеді. Сондықтан, педагогтың кез – келген епсіз, ойланбай істеген әрекеті, оның өнегесіздігі отбасы мен мектептің тәрбие жұмысындағы өзара байланысына тікелей ықпал жасайды.

4. Тәрбие мәселерін шешудегі дұрыс бағыт, баланың оң сапаларына, отбасылық тәрбиенің терең тұстарын негізге алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт береді. Осыған орай баланың жеке тұлғалық дамуы «тура және тегіс даңғыл жол » болмауы сөзсіз. Бұнда бұрыстар мен шалыстар, тәрбие үрдісінің жүзеге асуында қиыншылықтар болуы мүмкін. Педагог кез-келген жағдайда оптимизм, баланың өз мүмкіндіктеріне деген сенімді сақтауы керек және отбасының көмегіне сенуі тиіс.

Сынып жетекшісі отбасында баланың оқу жағдайын жақсы білуі керек. Ол үшін мұғалім отбасымен қатынасуы тиіс. Ол онда өте жоғары деңгейдегі өнегелікті, досжар көңіл-күйді, оқушының мүмкіндігіне деген сінімді талап ететін сапаларды көрсету қажет. Кез-келген қатынасты оқушының жеке тұлғасын дамыту туралы ата-аналармен кеңесу үшін пайдалану керек.

Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысына сыныптың ата-аналар комитеті үлкен көмек көрсете алады. Комитет құрамына осындай қоғамдық жұмыстармен айналысуға мүмкіндігі бар және сыныпта сәйкес нормалардың қалыптасуы мен ұстануына мүдделі ең мәртебелі ата-аналар сайланады. Бұл комитеттің жиналысын қажеттілік туындаған сайын, ең кем дегенде тоқсан сайын, өткізген дұрыс.

Сынып жетекшісінің отбасымен жұмыс істеуінің негізгі формасының бірі ата-аналар жиналысы. Ондай жиналыстардың тақырыптары алдан-ала жақсы ойластырылған, негізделген болуы керек. Сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелерімен сынып үшін қандай мәселелер маңызды екенін анықтап алған дұрыс. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі сабаққа қатысу, тәртіп, мерекелер, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу,оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, жағдайы төмен отбасыларға көмен көрсету және т.б. қарастырылады. Ата-аналар жиналысында тек қана ата-аналарға мектептің сөзсіз талаптарын жариялауға, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың кемшіліктері туралы әңгіме ете беруге болмайды. Егер ата-аналар жиналысы оқу тоқсанының нәтижелері бойынша оқушылардың бағалары туралы сынып жетекшісінің монологына айналса, онда ол тиімсіз болады.

Сынып жетекшісінің жұмысының үлкен бір бағыты ата-аналарды педагогикалық ағартуды ұйымдастыру болып табылады. Оның педагогикалық кеңес беру, педагогикалық жалпыға бірдей оқу, педагогикалық лектори, педагогикалық білім университеті және т.б. түрлері болуы мүмкін.

Ашық есіктер күні (немесе мектептегі ата-аналар күні) мерекелік іс-шара болып табылады. Онда ата-аналардың көзінше оқушылар қандай да бір жетістіктері үшін марапатталынады, ата-аналарға оқушылар концерт қояды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тәрбиені ұйымдастыру формалары дегеніміз не?

2. Тәрбиенің мазмұны мен формасының өзара тәуелді болуының сипатын айқындаңыз.

3. Тәрбиелік іс-шараға қойылатын негізгі талаптарды атап өтіңіз.

4. Ұжымға анықтама беріңіз.

5. Ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.

6. Мектеп тәрбиесінің негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.

7. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі түрлерін атаңыз.