Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

19.2.Социализацияның негізгі мақсаттары

Индивид өмірінің этаптарына сай оған социализацияның белгілі бір шарттарын орындау керек.Әлеуметтік-мәдени мәселелерді үнемі шешіп отыру қажеттілігі әлеуметтену процессінің тоқтаусыздығын және аяқталмайтындығын көрсетеді. (А.В.Мудрик).

–Табиғи-мәдени мәселелер:олардың шешімі физикалық және сексуалдық дамудың белгілі деңгейіне жетуді көздейді.Адам өз өмірінің әр кезеңінде жалпыға сай этикетті қабылдауы,вербальды емес қарым-қатынасты жетілдіруі тиіс.Индивид салауатты өмір салтының ережелерін қабылдауы,соған тиіс өз өмір салтын өзгертуі тиіс.

–Әлеуметтік-мәдени мәселелер-танымдық,адами,құнды мәселелер.Олар индивидтің жасына,даму ерекшеліктеріне орай түрлі болуы мүмкін.Мұндай мәселелер адам өмірінің әр кезеңінде пайда болады.

Әлеуметтік-психологиялық есептер. Олардың шешімі тұлға дамуының әр жас кезеңінде сана-сезімі қалыптасуымен, өз- өзін жүзеге асыру және бекітуімен байланысты. Тұлғаның сана-сезімі деп индивид өзін- өзі тануын, түсінуін және қабылдауын бір нақты деңгейге жеткен жетістігін айтамыз. Өз- өзін жүзеге асыру дегеніміз тұлға өз өмірінде өте маңызды салаларда белсенділік көрсеткені. Өз - өзін бекіту өзі жеткен нәтижелері мен қанағаттанған сезімінде байқалады. Осы аталған үш топ, тұлға әлеуметтенуінде маңызы өте үлкен. Адам өз алдына мақсаттар қояды, оларға жету үшін осы мәселелерді шешу керек болады. Адам өз мүмкіндіктерін, қойылған мақсаттарының маңыздылығын бағалап, мақсаттарын түзейді және оларды іске асыру жолдарын қабылдайды. Бірақ осы мақсатқа жетуі жаңа өзгерген шарттары бар мақсаттарын тудырады. Осылай тұлғаның әлеуметтену процесі толассыз екені көрінеді.

19.3. Әлеуметтену факторлары

Әлеуметтену факторлары дегеніміз - тұлғаның дамуына ықпал ететін шарттар. Мұндай факторлардың саны өте көп. Мысалы, жастар әлеуметтенуіне ықпал ететін факторлардың санына ерекше аймақ ретінде Қазақстанның мына ерекшеліктерін атауға болады:

Экологиялық - кейбір аймақтарда экологиялық мәселелердің бар болуы ( Арал, Семей және т.б.)

Этникалық - этникалық және ұлттық ерекшеліктердің көптігі.

Табиғи - климаттық, географиялық;

Тарихи – ерекше көшпелі өркениет, Евразия ортасында, Шығыс пен Батыстың ықпалы;

Конфессиялық - түрлі конфессиялар тіл табысуы.

Және тағы басқа әлеуметтену факторларының төрт тобы бар.

Мегафакторлар – бұл ғарыш, ғаламшар, тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал ететін әлем.

Макрофакторлар – бұл мемлекет, этнос, қоғам, елдің, қоғамның және этностың дамуының тарихи жолдарының, мәдениетінің рекшеліктері тұлғаның әлеуметтенуіне ықпал етеді.

Мезофакторлар – бұл адамдар тобының әлеуметтену шарттары, бір халық тобына жатуы.

Микрофакторлар – бұл белгілі адамдарға тікелей ықпал ететін шарттар (жанұя, көршілер, достары және т.б.).

Барлық аталған факторлар тұлғаның қалыптасуында, яғни әлеметтенуінде өте маңызды рөл атқарады. Осы факторлардың тұлға әлеуметтенуіне ықпалы кейбір жағдайда күшейіп, кейбірінде азаюы мүмкін. Осы жай – жапсарларды педагог күнделікті жұмысында ескеруі керек.