Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

21. Тұлғаның өз–өзін билеуі

21.1. Өз-өзін билеу ұғымы

21.2. Өз-өзін кәсіпті билеу

21.3. Өз-өзін өмірде билеу және тұлғаның әлеуметтенуі

Негізгі ұғымдар: өзін-өзі билеу, өзін-өзі кәсіпті билеу, өз-өзін өмірде билеу, әлеуметтену.

21.1 Өз-өзін билеу ұғымы

Тұлғаның жоғары деңгейде қоғам меншігі болуы оның өз-өзін билеуімен тығыз байланысты. Зерттеушілер өз-өзін билеу ұғымын сана-сезімнің негізгі бөлімі және өтпелі жастың ең маңызды психологиялық процессі деп мәлімдейді.

Өз-өзін билеу ұғымын мәліметтеу кезінде кейбір зерттеушілер оны өмірде өз орнын табу, өзінше өмір сүру деп түсіндіреді. Басқа мәліметтер бойынша өз-өзін билеу дегеніміз есейген тұлға болғанның белгісі. Өз-өзін, мүмкіндіктерін және ұмтылыстарын түсіну. Сонымен бұл ұғымның бірнеше түсініктемесі бар.

21.2. Өзін-өзі кәсіпті билеу

Өзін – өзі билеу структурасында өз-өзін кәсіпті билеу бөлінеді. Оның бірнеше түсіндірмесі бар. Өз-өзін кәсіпті билеу мүмкіндіктері толық ретінде қарастырылады. Бұл процесс бір кезеңмен шектеулі бола алмайды, ол барлық белсенді еңбек қызметінің уақытын алады. Өз-өзін кәсіпті билеу- көп салалы процесс. Басқа түсіндірме бойынша өз-зін кәсіпті билеу тұлғаның өз кәсіптік қайраткерлігіне көзқарасы қалыптасу прцесі болып табылады. Бұл өте ұзақ процесс. Оның нәтижесі тұлғаның еңбек қызметін көзқарасы пайда болған соң анықталады, және өз-өзін билеу – бұл белсенді даму мүмкіндіктерін іздеу, болып саналады.

Өзін – өзі кәсіби билеу көп жақты және көп сатылы процес ретінде де түсіндіріледі, оны жеке тұлға өзі шешетін бірқатар мәселелер деп те қарауға болады, бұл процесте жеке тұлға өзінің қызмет ету ортасын қалыптастырады. Басқа тұрғыдан алғанда өзін – өзі кәсіби басқару адамның өзін кәсіби қызметке дайындау, жеке, әлеуметтік және де кәсіби қажеттіліктерін осы қатынас арқылы шешу болып табылады. Атап кету керерк : өзін-өзі кәсіби басқару бұл, «кедергісіз даму жолын іздеу. Бұл бір жақты емес, керісінше көп жақты ұзақ мерзімді және де кез келген жастағы түрлі мазмұнді процесс» (Е.А.Климов).

Негізгі міндетпен байланысты өзін-өзі кәсіби басқару бұл міндетке өзін-өзі басқарудың кәсіби қызметі, яғни кәсіби өзін-өзі басқару бағынышты екенін көрсетіп отыр. Бұдан да белсенді түрде өзін-өзі кәсіби басқару өзін болашақ кәсіби мамандықтың субъектісі ретінде қабылдаудан көрінеді. Сонымен қатар бұл қоғам талабы емес бұл адамның қажеттіліктері мен талаптарының, және де адам санасы, білімі, мүмкіндіктері арасындағы қақтығыс (П.А.Шавир).

Сонымен, өзін –өзі кәсіби басқару бұл болашақ мамандыққа өзін іштей қалыптастыру, өзін қоғам мен кәсіби ортаның мүшесі ретінде қабылдау. Сондықтан жеке және әлеуметтік факторлармен анықталатын жеке құндылықтар, әдістер мен мақсаттарды қалыптастыруды негіздейді. Жеке аспект дегеніміз адамда өз түсініктері, көзқарастары, әрекеттері және т.б. өзінің жеке кәсіби жоспарларын іске асыруға керекті жүйелері болуы. Ал әлеуметтік аспект дегеніміз ладамның субъективті позиция құруға мүмкіндік беретін жүйелер құрамы.