Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

III бөлім.Азаматтық тәрбие

10.Азаматтық тәрбие және азаматшылық.

10.1.Азаматтық тәрбие туралы түсінік

10.2.Құқықтық тәрбие

10.3.Отан сүйгіш және интернационалдық тәрбие

Негізгі түсініктер:азаматшылық, азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, отан сүйгіш, интернационализм.

10.1. Азаматтық тәрбие туралы түсінік

Азаматтық тәрбиеде (азаматтың тәрбиесі)азаматшылдықты қалыптастыруда (азаматтық сезім) тәрбиенушілердің мақсатты түсіну,яғни қоғамдық өмірге деген құндылықты қарым-қатынас,ішкі сезімінің бостандығы,борышы мен бостандығы;аса өнегелі тұлғалық қасиеттер,патриоттық және интернационализмдік,ұлтаралық мәдениеттің қарым-қатынасы;экологиялық және экономикалық мәдениеті. “Азаматтық сезім -жан дүниенің аса жоғары игі қозғалысы,олар адамды ұлық тұтады,ондағы қоғамдық сана-сезімді бекітеді,әділ,абыройлы етеді.Адамның терең азаматтық дамуы оның жеке құндылығы,жеке өмірінің көрінісі;оның айналасында болып жатқан нәрселерді ол қоғамдық маңыздылықтың призмасы арқылы қарайды:оның тұлғасына қатысты болмаса да,оның жан дүниесіне қатысты болады.”(В.А.Сухомлинский).

Қоғамдық өмірдің құбылыстарына құндылықтық қатынас қоғам дамуының тенденциялары мен жағдайына шынайы қызығушылықты,қоғамды өмірге белсенді араласуға ұмтылысты,жеке еңбегі арқылы мемлекет саясатының әлеуметтік-экономикалық іске асыруын болжайды.Азамат әр адамның құқығын, ол адамды мемлекеттің және қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде мойындай отырып түсінеді және сақтайды.

Тұлғаның ішкі бостандық сезімі оның ар-намысында,өзін-өзі ұстау және жеке қажеттіліктерін саналы шекте қолдау біліктілігінде көрінеді. “Азаматтық тәрбиенің және өзін-өзі тәрбиелеудің даналығы, құдіретті, қайрымды, нәзік сондай-ақ қауыпты күш – бостандықты қолдануды және иеленуде жатыр.Бостандыққа ие болудың және оны билеудің даналығы – тәрбиенің ең үлкен құпиясының бірі.” (В.А.Сухомлинский).Адамның жеке ар-намыс сезімі, оның еңбек әрекетінің тиімділігінен қолдау табады. Өз еңбегінің нәтижелеріне қатысты шынайы мақтаныш, басқа адамдардың оның еңбектегі жетістіктерін мойындауы-адамның ар-намысының басты тірегі.Дәл сол еңбекте адам өзін толыққанды азамат ретінде орнықтырады.

Азаматтылықтың құрылымында тұлғаның өнегелілік сапалары ерекше орын алады.Адамның ар-намысы, ұлтаралық тілдесу мәдениетін тәжірибе жүзінде іске асыру дағдысы, өзін әлеуметте ұстауы, басқа адамдардың адами ар-намысын сақтау қабілеті - барлығы да ең алдымен оның адамгершілік мәдениетіне негізделеді.Жеке және қоғамдық мүдделерді органикалық үйлестіретін адамның жоғарғы өнегелік істері, оның еңбек әрекеті, адамның азаматтық дәрежесін құптайды, қоғамда лайықты орын алдырады.Жоғары адамгершілік мәдениеті бар адамның жалпыадами нормаларды, құндылықтарды, принциптерді онықтыруға ұмтылысында азаматтылықтың өзі көрініс табады.

10.2.Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие азаматтарда құқықтық сананың қалыптасуын, яғни жеке құқықтар мен бостандықтарды қолдау мен ұғынуды, белгілі бір мемлекеттің заңдары негізінде оларды барлық заңды әдістер көмегімен қамтамасыз етуге ұмтылуды қамтиды.Ол тұлғаның құқықтық мәдениетін, құқықтық санасының қалыптасуын, құқықтық тәрбиесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге міндеттелген.Құқықтық тәрбие азаматтылықты қалыптастырудағы өзекті бағыттардың бірі болып табылады.Адамның құқықтық тәрбиелілігі құқықтар мен бостандықтардың қоғам алдындағы адамның жауапкершілігімен үндесуін болжайды.

Құқықтық тәрбие ел Конституциясына және мемлекеттік рәміздерге, басқа заңдарға құрметтен, демократизмді ұстанудан және жоғары азаматтылық белсенділіктен, қоғам және жеке тұлға мүдделерін келсітіру біліктілігінен құралады.Ол оқушының әлеуметтік белсенділігін әрі моральға кереағар құбылыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күреске ынталандыруға жұмылдырылады.Мектептің өзін-өзі басқару органдарына, саяси шараларға, ұжымдық еңбек қызметіне, сыныптың және мектептің үздік көрсеткіштерге жету әрекетіне қатысу мемлекеттегі құқықтық қатынастарды тануға септігін тигізеді.

Құқықтық тәрбиелілік тек жеке құқықтар мен бостандықтарды тану мен сақтауға деген ұмтылыстан ғана емес,оған қоса қоғамның өзге мүшелерінің құқықтары мен міндеттеріне құрметтен де көрінеді.Бұл үшін оқушы сол мемлекет азаматтарының фундаменталды құқықтары мен бостандықтарын нақты білуі және ол елдің заңнамалық негіздерімен таныс болуы тиіс.Балада ерте жастан өзге заңдарға қатысты сыйластық сезімі қалыптасуы керек, оның санасына заң талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттілігін жеткізген жөн.

Құқықтық тәрбиеге оқушылардың сол мемлекет азаматтарының негізгі құқықтық нормаларымен танысуы енеді.Ал құқықтық нормалардың әлеуметтік әділдік негізінде орнығып, осы әділдікті сақтауды қаматамасыз етуге бағытталғаны белгілі.Бұл фактіде құқықтық және адамгершілік мәдениеттің бөлінбес байланысы жатыр.ХІХ ғасырдағы көрнекті орыс заңгері және қоғам қайраткері А.Ф.Кони былай деп жазған: «Құқық және адамгершілік бір-біріне қарама-қарсы және жат ұғымдар емес.Олардың кайнар көзі ортақ, олардың шынайылық айырмасы басты түрде адамгершіліктің еркін орындалуымен салыстырғанда құқықтың мәжбүрлеу міндетінде болуы тиіс.Осыдан құқықтық көзқарастардың адамгершілік идеалдармен байланысы шығады.Неғұрлым ол тарлау болса, соғұрлым қоғам саналы жағдайда дами түседі»

Құқықтық, адамгершілік, еңбек тәрбиелері жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыруда ерекше маңызды бөлікті құрайды және органикалық бірлікте болады.Бұл бірліктің тиімді жүзеге асуы тек жанұяның, мектептің, мектепке дейінгі мекемелердің және ұйымдардың, сонымен бірге БАҚ-ң келісілген күш салысуы болған жағдайда ғана мүмкін болады.