Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

13. Дүниетаным қалыптастыру

13.1 Дүниетаным туралы түсінік

13.2 Дүниетаным сенім туралы түсінік

13.3 Оқушының дүниетанымын қалыптастыру

Негізігі түсініктер: дүниетаным, сенімділік, дүниесезім, дүниетану.

13.1 Дүниетаным туралы түсінік

“Педагогика мамандығына кіріспе” пәнінде мәдениет ұғымы адам жасаған және жасалатын материалдық жиынтық және рухани құндылықтар ретінде түсіндіріледі.

Тұлғаның негіздік мәдениеті оның рухани мәдениетінің негізін салады. Тұлғаның негізідік мәдениетінің дүниетаным маңызды элементі болып саналады.

Дүниетаным бұл әлемге және оның заңдылықтарына, адамның қоғамға, табиғатқа,өз-өзіне деген қарым-қатынасының біртұтас жұйесі; Ол рухани жүйесі мен тұлғалардан, әлеуметтік топтар мен қоғамнан көрініс табады.

Дүниетаным тағайынды білімнің құрамдары мен дүние туралы ойлар бұрынғы кезге де жатуы мүмкін. Сол арқылы адам ойлау қабілеті, табиғаты және қоғамға деген көзқарасы өзгереді.

Дүниетаным жалпы әлем картинасы, сенушілік, дүниетану, қабылдау, дүниетаным т.б. тығыз байланысты. Жалпы әлем картинасы адамдардың табиғат және әлеуметтік шындық жайлы білім арқылы білінеді. Ол білімнің барлық салаларының ғылыми фактілер арқылы қалыптасады. Шын мәнінде, адам өзін ойлау қабілетімен ғана емес, сонымен қатар өзінің танымдық қасиетімен бекітеді. Дүниетану деп дүниетанымның интеллектуалды аспектісін айтады.

Нақтылы біртұтас – сезіну, қабылдау, эмоция, дүниесезім және дүниетанымды қалыптастырады. Дүниетаным интеллектуалдық, эмоциялық-жігерлі, практикалық-пәрменді компоненттер арқылы сиппаталады.

Дүниетанымның үш негізігі типі бар. Олар үйреншікті, философиялық, діни.

Үйреншікті дүниетаным ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын өмір сүру шарттары. Бұл өмірге деген дәстүрлі көзқарас.

Діни дүниетаным дүниенің аспан әлемінің ғажайыптары арқылы пайда болуына айғақсыз сенімде болуы.

Философиялық дүниетаным әртүрлі білім, идея түсінік арқылы сипатталады. Олар әлемнің ғылым картинасын қалыптастырады.

Дүниетаным өмірге үлкен практикалық маңызы бар. Ол өзін-өзі ұстауға, өмірге деген талпынысқа, мүдделеріне және адамның алдына қойған мақсаттарына әсер етеді.

13.2 Дүниетаным сенім туралы түсінік

Тұлғаның әлемге деген көзқарасы өмірге деген мақсаттарын айқындайды. Ол өзінің идеялын сезінуге алып келеді. Ол сезіну сенімділікті тұғызады. Сенім- ішкі тұлғалық позицияға көшу болып есептеледі. Білім секілді, сенім де субьективті айнаның обьективті ақиқаты, болып табылады. Бірақ білімнен айырмашылығы, сенім ішкі тұлғалық бір обьектіге деген позициясын білдіреді. Сенім адамның қоршаған ортаға және өз-өзіне деген көзқарасын. Сондықтан дүниетаным адамның белгілі сенім системасы деп айтуға болады.

Сенім тұлғаның айырықша қасиетін көрсетеді, оны сенушілік дейді. Сенушілік адамның жалпы бағытталған қызметін және құндылығын көрсетеді. Ол өзінің істеріне деген субьективті қарым-қатынас қажеттіліетеріне т.б. бекітеді. Сенушілік ержүректік, қажырлылық, өткірлік қасиеттерін қалыптастырады. Сенушіліктің теріс жақтары да бар. Олар: ойдың догматикалық бейнесімен, ғылыми білімнің жеткіліксіз болуы, дұрыс тәрбиенің жоқтығына байланысты.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды бастауыш сыныптан бастау қажет. Әлемге деген көзқарасы, білімі оқушының ішкі сенімін қалыптастыру керек, яғни сенімнің қалыптасуына негіз болуы керек. Сенімді қалыптастырудың қолайлы жасөспірім шағы болып табылады. Оқушы қасиетінде сенімділік, адалдық, қажырлылық қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, қоғамда өзінің өмірін табу, басқа адамдармен араласу, өмірлік тәжірибенің қалыптасуы.