Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

14.Дипломатиялық иммунитетттер мен артықшылықтар

Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер-шет ел дипломатиялық өкілдіктерге,арнайы миссияларға,х/қ үкіметаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің өкілдеріне, олардың басшыларына және қызметкерлеріне берілетін құқықтар мен артықшылықтар. Шет ел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктеріне н/е х/қ ұйымдардың органдарына, х/қ құқықта қарастырылған функцияларды, қабылдаушы мемлекет билігінің бақылауынсыз, нәтижелі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.Көптеген мемлекеттерде дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер мәселесі бойынша өз заңдылықтары бар, бұлар: ғимараттарға ж/е мұрағаттарға қол сұқпаушылық, салықтардан босату,өз үкіметімен еркін қатынас, кедендік артықшылықтар, өкілдік ғимаратына ту және ел таңбаны ілу құқығы ж\е т.б. Жеке артықшылықтар мен иммунитеттер дипломаттың жеке дербес құқығын, дипломат тұратын жайға қол сұғылмаушылығын қарастырады, сон.қат. қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан иммунитетті (дипломат қылмыстық, азаматтық ж/е әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, кейбір өзгешеліктерді қоспағанда) қарастырады. Жеке артықшылықтар және иммунитеттер:1961ж дипломатиялық қатынастар жөн Вена конвенциясының 29-31,33-36 баптары өз қызметін толық орындау мақсатында дипломаттарға берілетін жеке артықшылықтар мен иммунитеттер жайлы қарастырады. Жеке артық\тар мен иммун\тер дипломаттың: жеке дербес құқығын; дипломат тұратын жайдың қол сұғылмаушылығын; Дипломаттың жеке багажы тексеруден босатылады; қабылдаушы мемлекет юрисдикциясынан иммун\ті (дипломат қылмыстық, азаматтық ж\е әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, кейбір өзгешеліктерді қоспағанда. Яғни олар: қабылдаушы мем\т территориясында орналасқан жекеменшігіне қатысты арыздар болса; мұрагерлік мәселесіне байланысты мәселелер болса; өзінің(дипломат) ресми міндеттерінен бөлек коммерциялық н\е маманданған қызметтерін атқаруына байланысты мәселелерге арыз болса.

Дипломаттың қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан иммун\тері жайында 1961ж Вена конвенциясының 31бабында толық қарастырылған. Сонымен қатар, дипомат куәгер ретінде жауап беруге міндетті емес. Дипломатиялық агенттің қабылаушы мем\тің юрисдикциясынан берілген иммун\тері мен артық\тары аккредиттеуші мемлекеттің юрисдикциясынан босатпайды. Дип.агент барлық жеке ж\е меншік, мемлекеттік, аудандық ж\е муниципалдық алымдардан, салықтардан босатылады, төмендегілерді қоспағанда: қызмет көрсету кезінде н\е тауарлардың бағасына қосылатын жанама салықтар; қабылдаушы мемлекет территорясында орналасқан жеке меншік үшін төленетін алымдар мен салықтар (егер,жеке меншікті аккредиттеуші мемлекеттің атынан өкілдік мақсаттары үшін қолданбаса); мұрагерлік үшін берілетін салықтар мен алымдар; жеке кірістері үшін төленетін алымдар мен салықтар; нақты қызмет көрсету үшін төленетін алымдар.

Дипл/қ артықшыл-ды ж/е иммун-ді пайдаланушы тұлғалар:қабылдаушы мемл-ң заңдарын құрметтеуге міндетті; оны бұзу салдарынан, олар persona non grata деп жариялануы мүмкін.Ұзақ уақыт бойы дипл/қ артықшыл-р мен иммунит-ң мәселелерін реттейтін жалғыз келісім болды, ол 1815 Вена регламенті.2-дүнж.соғ-нан к/н жасалған келісімдер: 1961ж. дипл/қ қатынас-р туралы Вена конвенц.1963ж консулдық қат-р тур. Вена конвенц,1975ж мемлекеттер өкілдіктерінің х/қ әмбебап сипаттағы ұйымдармен қатынасы тур.Вена конвенц ж/е т.б.

Әкімшілік \ тех\қ персонал мүшелері ж\е олардың жанұя мүшелері, егер де олар қабылдаушы мем\ң азаматтары болмаса, онда дип\қ артық\р мен иммун\рді пайдалана алады бірақ, төмендегідей ескертпелермен: қабыдаушы мем\ң азаматтық ж\е әкімшілік юрисдикцияларынан иммун\т, олардың өз міндеттерінен тыс атқару іс\әрекеттеріне пайдаланылмайды ж\е жеке багажы қабылдаушы мем\ң кеден тексерілуіне тартылуы мүмкін. Қызмет көресетуші персонал мүшелері, өздерінің міндеттерін атқару кезінде иммун\терді, сонымен қатар салықтарға, жинауларға т.с.с қатысты артық\тарды пайдаланады. Мем\р өзаралық негізде, дип\қ артық\тар мен иммун\терді кеңейту тур арнайы келісімдер жасай алады. Үшінші мем\тер олардың аумағынан өтетін дипломатқа ж\е оның жанұя мүшелеріне дербес құқық ж\е басқа иммун\р беруге міндетті. Қабылдаушы мем\тің юрисдикциясынан дип\қ өкілдіктер қызметкерлерінің иммун\ті, оларды аккредиттеуші мем\тің юрисдикциясынан босатпайды. Шектелген артықшылықтар және иммунитеттер. Миссияның әкімшілік ж\е техникалық персоналының мүшелері ж\е олардың отбасы мүшелері (егер олар қабылдаушы мемлекеттің азаматтары н\е тұрғылықты тұрғындары болмаса) дипломаттарға берілетін артықшылықтар мен иимунитеттерге ие,тек төмендегілерді қоспағанда: қызмет бабынан тыс уақытта жасалған іс\әрекеттер үшін азаматтық ж\е әкімшілік жауапқа тартылады; жеке багажын тексеруге құқылы; қызмет бабы мақсатында қабылдаушы мемлекет территорисяна кіргізілген шектелген заттарға кеден салығын төлейді; қызмет орнына үшінші мемлекет территориясы арқылы өткенде артықшылықтар мен иммунитеттерге ие емес, біріқ үшінші мемлекет олардың өтуіне қарсы тұрмауы керек.

Миссияның қызмет көрсетуші персоналы егер ол елдің азаматы н\е резиденті болмаса, өзінің қызмет бабында жасаған істеріне б\ты иммунитеттерге ие; өз қызметі барысында алған жалақысынан алымдар мен салықтардан босатылады; қабылдаушы мемлекеттің тарапынан әлеуметтік қамтамасыз ету қарастырлымайды. Дипломатиялық персоналдың жеке қызмет көрсетушілері егер қабылдаушы елдің азаматы н\е резиденті болмаса, қызмет барысында тапқан жалақысынан ешқандай алымдар н\е салықтар төлеуден босатылады; басқа ешқандай артықшылықтар мен иммунитеттерге ие емес, қабылдаушы мемлекет береміз деп шешпесе; қабылдаушы мемлекет беріп отырған қосымша артықшылықтар мен иммунитеттер дипломатиялық миссияның функциясын атқаруға кедергі келтірмеуі тиіс. Қабылдаушы мемлекеттің азаматтары н\е резиденттері болып отырған дипломаттар тек құқықтық жауапкершіліктен босатылу иммунитетіне ж\е жеке бас қол сұғылмаушылығы иммунитетіне ие. Дипломатиялық емес миссияның персоналдары ж\е жеке қызметкерлері қабылдаушы мемлекеттің азаматтары н\е резиденттері болса, тек қабылдаушы мемлекет тарапынан берілген иммуниттеттер мен артықшылықтарға ие.

Өкілдіктің артықшылықтары және иммунитеттері: 1961 ж дипломатиялық қатынастар жөн Вена конвенциясының 22 бабы дип\қ өкілдіктердің ғимараттарының қол сұғылмаушылығына кепіл береді. Дипломатиялық өкілдіктің архивтері мен құжаттары оның қай уақытта болмасын, қай жерде болмасын әрдайым қол сұғылмайды(екі ел арасындағы қатынастар тоқтап қалған жағдайда да). 1961 ж Вена конвенциясына сәйкес Диломат/қ өкілдікдіктердің арт\тары мен иммун/тері: А) ғимараттың қол сұғылмайтындығы; Бұл дип. өкілдік/ң қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін маңызды иммун/тердің бірі. Дип/қ қатынас туралы 1961 ж конв/ң 1 бабының 1 тармағына орай, өкіл/к ғимараты деп өкіл/к мақсаттары үшін пайдаланылатын ғимаратты н/е оның бір бөлігін айтады, оған меншік құқығы кімге тиесілі екендігіне қарамастан, өкіл/к басшы/ң резиденциясы, сондай ақ осы ғимаратты н/е оның бір бөлігіне қызмет көрсететін жер учаскесі де жатқызылады. Дип/қ өкіл/к ғимарат/ң қол сұғылмаушылығы іс жүзінде мынадай жолдармен жүзеге асырылады: Өкілдік ғимаратына оның басшысының рұқсатынсыз кіруге тыйым салу; Тінту, қамауға алу, реквизиция және атқару әрекеттері сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығару; Дип/қ өкілдіктің тыныштығын бұзатын н/е ар намысына тиетін, залал келтіретін жергілікті билік өкілдері әрекеттерінің алдын алу; Дип/қ өкілдіктің ғимаратын күзетуді арнайы полицейлер н/е әскери бөлімшелер арқылы дип/қ мекеме орналасқан мемлекет жүзеге асырады; мемлекет оларға қастандық жасау жағдайларына тергеу жүргізуге ж/е қол сұғылмаушылық қағидасын бұзған кінәлі адамды жазалауға міндетті. Б) Мұрағат, құжат ж/е хат хабарларға қол сұғылмайтындығы: Әдеттегі жағдайларда мұрағат/р мен құжат/ң қол сұғылмаушылығы дип/қ өкіл/к ғимараты/ң ж/е дип/қ пошта/ң қол сұғылмаушылығымен қамтамасыз етіледі. В) Дип/қ қатынас құралдары иммун/ң проблемасы: арнайы нөмір/к белгісі бар автомашина/р да дип/қ қатынас құралына жатқызылғандықтан, олар да иммун/ді пайдаланады; дип/қ қатынас құралдары тінтілмейді; Дип/қ қат құрал/ы реквизицияланбайды, оларды қамауға алуға ж/е атқарушылық әрекеттер жүргізуге тыйым салынады. Г) Тіркеуші мемлекетпен қатынасу бостандығы: тіркеуші мемл орган/мен еркін қатынасу дип/қ өкіл/к/ң қалыпты қызметін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Халық/қ құқық норма/ы дип/қ өкіл/к орналасқан мемл/ті шетелдік дип/қ өкіл/к/ң өзінің үкіметімен еркін байланыс жасауына барлық жағд/ды қамт/з етуге міндеттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]