Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

6.Хх ғ 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар

60 жылдардың соңы мен 70 ж басында халықаралық қатынастар жүйесінде халықаралық шиеленістің бәсеңдеуіне ықпалын тигізген жаңа күштердің орналасуы орын алды. Бұл жерде маңызды рольді КСРО мен АҚШ\тың арасындағы әскери - стратегиялық тепе-теңдік алды. Алайда халықаралық аренада халықаралық шиеленістің бәсеңдеу процесіне қарсылық көрсеткен күштер де болды. Жағдайдың қарама-қайшылығы мен тенденцияға қарсыласушылардың қақтығысы халықаралық қатынастардың динамикасына әсері тиді.

70 жылдардағы халықаралық қатынастар жүйесінің дамуын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең 60 ж аяғынан 70 ж ІІ жартысына дейінгіні қамтиды. Сол жылдардағы халықаралық жағдайдағы позитивті өзгерістер халықаралық шиеленістің бәсеңдеуіне алып келді. Оны «қырғи қабақ» соғысы кезеңідегі конфронтациядан басталып, ұлы державалардың арасындағы, сонымен қатар бір жағынан, КСРО мен оның одақтастары, екінші жағынан батыс мемлекеттері арасындағы келіссөздерге дейінгі уақыттарда көруге болады. Бұл тенденция келісімдер мен келісім шарттар жүйесінде толығымен іске асты. Мемлекеттердің ұлттық және жалпы адамзаттық мүддесін қозғайтын, әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың орнауына, ядролық соғыс қауіптерінің алдын алуына үміттері анық көріне бастады. Алайда 70 ж ІІ жартысында халықаралық жағдай аяқ астынан өзгерді.

Екінші кезең 70 ж ІІ жартысынан бастап 70 ж соңына дейінгі жағдайды қамтиды. Бұл кезең КСРО мен АҚШ\тың арасындағы конфронтацияның бәсеңдеуінің жаңа қатаң фазаға ауысуынан және аймақтық қақтығыстардың өршіуінен тұрды.

70 ж\ғы халықаралық аренадағы орын алып жатқан процестердің динамикасы халықаралық қатынастар жүйесіндегі ахуалдың ауысуы туралы дәлелдейді. Әлем жаңа қарама-қайшылықтарға тап болды, ал ескілері өзгерді. 70 ж басында үш негізгі индустриалды орталықтар қалыптасты – АҚШ, Батыс Еуропа және Жапония. Аталған мем\ң арасында да қарама қайшылықтар орын алып тұрды.

Сонымен қатар дамыған және дамушы мем\р арасында қарама қайшылықтар қалыптасты. Деколонизация үрдісі аяқталғанымен бірқатар батыс мем\рі отарлық иеліктерінің қалдықтарын ұстап қалды. Тура осы 70 ж дамушы мем\р х\қ аренаға дербес фактор ретінде қатыса бастады. Даму деңгейінің едәуір айырмашылықтарына қарамастан, оларды ортақ әлеуметтік экономикалық және саяси сипаттағы міндеттер біріктірді. Олар артта қалушылықты жеңуге, қарыз мәселесін шешу үшін күресті.

70 ж х\қ қатынастарда жаһандық мәселелер арта түсті. Мұндай мәселелердің қатарына шикізат және энергетика мәселесі, аштық және аурумен күрес, қоршаған ортаны қорғау, космос, әлемдік мұхит және олардың ресурстарын зерттеу, дамушы мем\ң экономикалық және ғылыми техникалық артта қалушылықты жеңу және тағы басқалары жатады.

60 ж аяғында Кеңес американ қатынастарында өзгерістер орын алды. Қатынастар конфронтациядан х\қ қысымның бәсеңсуіне ауысты. Оған бірқатар себептер әсер етті. Вьетнамдағы агрессияны жалғастыра беру болашағының жоқтығы американ халқының Вашингтоныың агрессивті саясатына көңілдерінің толмауы Ақ үй саясатын өзгертуге себепкер болды. Ұлы державалардың қару жарақты жаппай шығаруы, олардың экономикалық дамуына да кері әсер етті. Сол себепті 60 ж аяғында АҚШ пен КСРО арасында кеңес американ қатынастарындағы шешілмеген мәселелерді реттеу, сондай ақ бірқатар мәселелерді реттеу мақсатымен диалог басталды.

Ұзақ жылға созылған күрестермен бейбітшілік келіссөздері1973 ж 27қаңтарда Вьетнамға қатысты Париж келісіміне қол қоюмен аяқталды. Келісім әскери іс қимылдарды тоқтатып, американ әскерлерін шығарып, Вьетнамның бейбіт жолмен бірігуін қарастырды. 1954 ж Вьетнам және Камбоджаға қатысты және 1962 ж Лаосқа қатысты Женева келісімдері мақұлданды. Осы мем\ң барлық ішкі мәселелерін өз халықтары шешуге тиіс деген сыңай танытылды. 1973 ж 26 ақпан 2 наурыз аралығында Парижде орын алған Вьетнамға қатысты ха\қ конференцияда Вьетнамның тәуелс\гін, егемендігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын таныған арнайы Акт қабылданды. Алайда Сайгон әкімшілігі Париж келісімін орындаудан бас тартты, одан кейін оңт Вьетнам патриоттарының әскери іс қимылдар бой көтерді. Ұлттық қарулы күштердің күресі 1975 ж 30 сәу Сайгон режимінің құлауымен аяқталды. Бұл жеңіс Вьетнамның бірігуіне жол ашып берді. 1976 сәуірде елдің солт мен оңт\де жалпы сайлау орын алды. Сайланған ұлттық жиналыстың бірінші сессиясында соц\к Вьетнам респ\ң құрылғаны туралы жарияланды. 1977 ж АҚШ\ң басшылығымен құрылған СЕАТО әскери саяси блогі өмір сүруін тоқтатты. 70 ж КСРО мен АҚШ арасында 60 астам шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Олар екі ел арасындағы қарым қатынастардың әр түрлі салаларын, сондай ақ жаһандық және әлемдік мәнге ие мәселелерді қамтыды.

1972 ж мамырда Мәскеуде орын алған жоғары деңгейдегі кездесуде зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін (ПРО) шектеу туралы шартқа қол қойылды. Бұл құжатқа қосымша 1974 ж мамырда қол қойылған шартқа сай тараптар бір ПРО жүйесінен артық иеленбеуге міндеттенді. Сонымен қатар стратегиялық шабуыл қаруларын шектеуге (ОСВ 1) қатысты шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды.

Бұл келіісмідердің тарихи мәнділігі ядролық арсеналдарды көбейту қажеттігінің жоқтығын мойындау болып табылады.

70 ж ІІ жартысында екі ел арасында қару жарақты шектеу, ядролық қаруды таратпау, қоршаған ортаны әскери мақсатта қолдануға тыйым салу жөніндегі бірқатар мәселелерде ынтымақтастық орнады. 60 ж аяғында Еуропа континентінде х\қ қат\р қысымды әлсірету жолдарын іздестірумен сипатталды. Батыстың билеуші топтары мен үкіметтерінде Еуропа континентінде ынтымақтастық арқ қауіпсіздікті қамтамасыз ету жылдары іздестіріле бастады. 1975 ж 30 шілдеде Хельсинкиде отыз үш еуропа мемелекеттері АҚШ және Канада үкімет басшыларының деңгейінде Еуропадағы қауіпс және ынтымақтастық жөніндегі кеңес басталды, ал 1975 ж 1 там Кеңестің қорытынды актісіне қол қойылды. Қорытынды акт Еуропадағы қауіпсіздік базасын нығайтты, Еуропадағы ІІ дж соғыстан кейінгі саяси және аумақтық өзгерістерді ұжымдық түрде мойындады. Қорытынды акт мем\р қатынастарының он қағидасын жариялады. Олардың қатарына: егемендік теңдік; күш қолданбау және күш қолданамын деп қоқан лоққы жасамау; шекаралардың мызғымастығы; елдердің аумақтық тұтастығын құрметтеу; дауларды бейбіт реттеу; ішкі істерге араласпау; адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; халықтардың өзін өзі анықтау құқығы; мем\ң арасындағы ынтымақтастық; х\қ құқық міндеткерліктерін сақтау. 70-80 ж КСРО мен АҚШ арасында конфронтация тағы да қайтадан жанданды. Бұған көптеген себептер әсер етті. 70 ж энергетикалық және шикізат дағдарыстары «үшінші әлем мем\ң» үлкен тобы және дамыған индустриалды мем\р арасында қатынастарды күрделендірді. Дамушы мем\р әлемдік шаруашылықтағы өз орындары мен рольдерін өзгертуді талап етіп, жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің қалыптасуын ұсынды.

Әлемде революциялық жаңару процестері жалғасты. 1975 ж бұрынғы португал отарлары Ангола мен Мозамбикте рев\қ дем\қ үкіметтер құрылды, 1974 ж Эфиопиядағы рев\я, 1978 ж Ауғанстандағы рев\я, 1979 ж Ирандағы антишахтық рев\р орын алды.

КСРО мен АҚШ арасындағы конфр\ң қайта туындауына АҚШ\ң сыртқы саясатындағы кей тенденциялар әсер етті. 1980 ж АҚШ през Картердің жариялаған доктринасына сай Парсы шығанағы американдық мүдделердің зонасы деп жарияланды. 1979 ж НАТО Бат еуропа мемл\де Кеңестік зымырандарына қарсы американдық зымырандардың орнатуға шешім қабылданды. Сонымен қатар КО сыртқы саясатының акциялары елдер арасындағы қатынастарды бүлдіріп, ЕҚЫК\ң Қорытынды актісінің ережелеріне қарама қайшы келді. 1979 ж желт Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу және 1981 ж Польшада әскери жағдайдың жариялануы, әлемдік қауымдастықтың наразылығын тудырды. Осы кезеңде қайтадан жаппай қару жарақ өндіру текетіресі басталды.

Үшінші әлем мемлекеттерінде жергілікті қақтығыстар әлі де сақталды. Ұлы державалардың саясаты, осы мем\гі қақтығыстардың туындауына әсер етпей қоймады. 60 ж аяғында Пәкістанда ішкі саяси дағдарыс орын алды. Шығ. Пәкістандағы Бенгал халқы Бат Пәкістандық билік тарапынан дискриминация мен эксплуатацияға ұшырады. Осының кесірінен босқындар Үндістанға қашты. Ганди басқарған Үнді үкіметі Шығ Пәкістанға қолдау көрсетті. КСРО\да Шығ Бенгалдықтардың өзін өзі анықтау қозғалысына жақсы көзқарас танытты. Ал АҚШ пен Қытай болса керісінше, Пәкіст\ды қолдады. 1971 ж 3- 4 желт Пәк әскері Үнді аумағына еніп, Бенгал армиясына қарсы әскери іс қимылдарды жүзеге асырды. Бұған тойтарыс берген үнді әскерлері шабуылдауға шықты. 1971 ж 6 желт Үнд Бангладешті тәуелсіз ел ретінде мойындады. Пәк соғыста жеңіліс тапты. Пәк\ғы әскери режимнің през Яхья хан Бұхутто басқарған азаматтық үкіметке орнын беруге мәжбүр болды. 1972 жылы Ганди мен Бұхутто арасында Үнді Пәкіс қатынастарын реттеу жөнінде келісімге қол қойылды.

8.ҚР\сының дипломатиялық тәжірибесі.

Қираған кеңестік империяның орнында туындаған жаңа мемлекеттер үшін (Ресейден басқа) бұрынғы жүйден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға қалғанымен, дербес түрде сыртқы саясатты жүргізу мүлдем тың жол еді. Х/а қатынастарға тоқталатын болсақ, белгілі бір себептермен бұл салада бұрынғы кеңестік мемлекеттер үшін мүлде жаңа дүние боды: дәстүрде, тәжірибеде де, ең бастысы мамандар болған жоқ. Отандық дипломатияның іргетасын қалау тақыр жерден басталды. Отандық дипломатияның адына қойлған мақсаттарды әлемдік қоғамдастықтың түсіністікпен қабылдағанын, оның үстіне жас мемлекетті қолдайтындығын мәлімдегенін атап өту қажет. Қазақстанның с.с-ң тұжырымдамасын Президент Н. Назарбаев өзінің 1992ж мамыр айында шыққан «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні- әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын ж\е еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттерімен достық ж\е өзара сенімділік сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту б.т. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа тең құқылы ж\е тәуелсіз әріптес ретінде танылды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 2 айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Осылайша, шабуыл жасау мақсатындағы стратегиялық қару-жарақты қысқарту мен шектеу тур. КСРО мен АҚШ арасындағы шартқа қосымша ретінде 1992ж 23 мамырда Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Яғни, осы құжатта Беларусь ж/е Украинамен қатар Қазақстан жоғарыда аталған шарт б/ша бұрынғы КСРОның міндеттемелерін өзіне алды ж/е ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде 1968ж 1маусымдағы Ядролық қаруды таратпау тур шартқа қосылуға дайындығы көрсетілді. Қазақстанның оң сипаттағы қадамдарына жауап ретінде жетекші ядролық державалар біздің елімізге қауіпсіздік кепілдігін беру тур. шешім қабылдады. 1994ж Будапешттегі СБСЕ саммиті барысында Меморандумға қол қойылды, ол құжатта АҚШ, Ұлыбритания ж/е Ресей Қазақстанның ДНЯОға қосылғандығы нақтыланды. 1995ж Қазақстан қауіпсіздігіне кепіл болуға тағы да екі ядролық держава Қытай мен Франция қосылды.

1996жылдың өзінде, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін бес жылдан соң іс жүзінде барлық жетекші мемлекеттер мен х/а ұйымдардың өкілдіктері Қазақстанда тіркелді. 2009 жылғы мәліметтерге сәйкес ҚРның шетелде 43 елшілігі, 7 дип-қ миссия, 7 бас консульдық пен 13 консулдық жұмыс істейді.Америка, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен арадағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр. Қазақстан егемендігімен аумақтық тұтастығын баршаның мойындауына қол жеткізді. Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне тоқталатын болсақ, БҰҰ БАның 47 сессиясында (1992ж) Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзін мысл етсек болады. Яғни, ең алғаш болып, Азия құрлығында қауіпсздік құрылымын құру туралы ұсыныс жасады (АӨСШК-СВМДА). Қазақстандық дипломатияның шын мәніндегі жеңісі ретінде Алматыда 2002ж 3-4маусым аралығында өткен АӨСШК Саммитін атап өту қажет. (Қабылданған құжаттар: Алматы актісі, Терроризмді болдырмау ж/е өркениеттер арасында диалогқа ықпал ету тур. декларация). АӨСШК процесі «Шанхай бестігінің» (кейінірек, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) жұмысымен тығыз байланысты.1996ж сәуірде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан бір жағынан, екінші жағынан Қытай Шанхай қаласында «Шекара ауданында қарулы күштерді қысқарту тур. келісімге қой қойды.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Түркеменстан, Иран арасында көптеген конвенциялар жасалынып жатыр. Дамудың бірден бір кепілі болып табылатын қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ТМД елдерімен ж\е әлемдік қауымдастық пен ықпалдастықты күшейту.

Қазақстан БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің қызметінде де белсенді түрде қатысуда. Осы ұйымның башылығы СНВ-1 шартына, ядролық сынақтарға жан жақты тиым салу тур. шартқа қосылу арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға біздің еліміздің қосқан үлесін бірнеше рет атап өтті. 1998ж БҰҰ БАның 53-сессиясында қазақстандық дипломатияның табанды күш/жігерінің нәтижесінде «Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясын сауықтыру мен экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатындағы х/а ынтымақтастық ж/е қызметті үйлестіру» атты төтенше маңызды қарар қабылданды. Қазақстан ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ,ДДҰ,ХЕҰ, ЮНЕП, ФАО,ЮНИДО, БҰҰ УНКПП, ИКҰ сияқты ж/е де басқа да ұйымдардың қызметіне белсенді түрде қатысуда. Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық саласына келетін болсақ, арасындағы ынтымақтастық жемісті деп атап кетсек болады (ЕҚЫҰға төрағалық ету). НАТОға қатысты айтсақ, Қазақстан «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қосылды. Бұл жерде тек қана әскери ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге саяси, ғылыми-техникалық ж/е экологиялық салалардағы тұрақты консультациялар қаперге алынып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]