Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

52.Қазіргі халықаралық қатынастардағы трансатлантикалық серіктестіктің рөлі/ақш-ео/

Трансатлантикалық серіктестік- мүдделердің келісімі және даулы мәселелер мен американдық\еуропалық қарым қатынастардың серпінін құрайтын екі тарап арасындағы басты салаларда(экон\қ,саяси,әлеу\к,сауда\қаржылық ж\е қауіпсіздік) туындайтын мәселелерді шешу механизмдерін өндіру деңгейінде АҚШ пен ЕО арасындағы ынтымақтастық.Бұл ынтымақтастықтың қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Алғаш рет бұл термин АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы қатынаста 1941ж Атлантикалық Хартияға қол қоюда қолданылған болатын. Батысеуропалық интеграцияның дамуы трансатлантикалық ынтымақтастықтың бір мемлекет көлемінен бірнеше мемлекеттер бірлестігі көлеміне дейін дамуына мүмкіндік берді.АҚШ пен ЕО ынтымақтастығының дамуын бірнеше сатыға бөліп көрсетуге болады:

• АҚШ гегемониясының кезеңі(1945-1965)

• Американдық гегемонияның құлдырау кезеңі(1966-1985)

• Пост\гегемония кезеңі(1986-1990)

Бөлініп көрсетілген бұл кезеңдер АҚШ пен ЕО арасындағы өзаратәуелділіктің қаншалықты артқанын көрсетеді,яғни «қырғыиқабақ соғысы» кезінде ассиметриялық пішінді иемденіп, «қырғықабақ соғысынан» кейінгі симметриялық формаға ауысқанын көрсетеді.Көптеген мамандар биполярлық жүйе құлағаннан кейін транстатлантикалық серіктестіктің ары қарай дамуына жаңа тенденциялар беретін жаңа антлантизм ойластыру идеясын ұсынып келді. Екінші джсоғыс аяқталғаннан кейін екі жақты ынтымақтастық нақты идеологиялық,әскери\саяси,экономикалық(антикоммунизм,либерализм,көпжақты саясат,ұжымдастық) құндылықтарды анықтаған институционалды шеңберде дамыды.1985ж американдық\кеңестік қатынастарда ядролық қауіптің жойылуы мен әлемдік экономикадағы түбегейлі өзгерістерден кейін екі жақты ынтымақтастық жаңа приоритеттерге ие болды. Экономикалық институционализация үрдісінің дамуына бірден бір әсер еткен батысеуропалық интеграцияның дамуы болды.Жаңа даму сатысына бұл серіктестік қырғиқабақ соғысы аяқталысымен қадам басты.Оны біз ресми бірнеше құжаттардың қабылдануынан көре аламыз,атап айтсақ Трансатлантикалық Декларация(1990), Жаңа Трансатлантикалық күн тәртіп(1995) және Трансантлантикалық Экономикалық Серіктестік(1998).Бұл келісімдердің әр қайсысы еуроатлантикалық ынтымақтастықтың дамуына бірте бірте мүмкіндік берді және Атлантика арқылы диалогтың тереңдеуіне жаңа механизмдер құрды.Экономика,сауда,инвестиция иснтитуцияланған салаға айналды.Алайда бұл ынтымақтастық идеально дамып келе жатыр деп те айта алмаймыз,кез келген нәрсенің минус жақтары да болады. Трансатлантикалық серіктестіктің дамуына кедергі болатын көптеген жағдайлар бар,олар екі тараптың көпдеңгейлі басқару формасы мен мемлекеттік құрылымы,себебі мемлекет пен интеграциялық топ арасындағы ынтымақтастықты орнату күрделі үрдіс болып табылады. Оған қарамастан ынтымақтастық Поккер мен Шафердің идеясы бойынша серіктестіктің дамуы жиі бас қосулардың нәтижесінде дамиды деген тарнсатлантикалық акторлардың қатысуымен,мемлекетаралық(Үлкен не жоғары жұмыс тобы құрылды осы деңгейде) пен үкіметаралық(мысалы АҚШ\тың Сауда өкілдігі және ЕО\ның әділет министрлігі,федералды сауда комиссияся мен өнеркәсіп кеңесі жанындағы бәсекелестік бойынша комиссия арасында “Positive Comity” келісіміне қол қойылды) және ұлтаралық акторлардың қатсуымен тереңінен дамып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]