Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

66.Хүііі ғасырдың бірінші жартысындағы еуропалық дипломатия

Испан мұрасы үшін соғыс және Францияның х/а маңызының күйреюі.

14Людовик билеген кезеңнің екінші жартысында Англияның х/а қатынастардағы орнының күшеюімен сипатталатын Еуропаның дип.тарихындағы жаңа кезең басталды. Англия мен Фр арасында отаршылдық тонауда бақталастық күрестер болып жатты. Бұл күрестердің ең маңыздысы 1701-1714 Испан мұрасы соғыс еді. Ол династиялық соғыс ретінде басталып, Фр мен Англия арасында теңізде және отаршылдық саясатта үстемдік ету үшін жүргізілген күрес ретінде аяқталды.

Соғыстың тұтануына мұрагері жоқ испан королі ІІ Карлдың қазасы себеп болды. 14Людовик өзін испания иелегіндегі жерлердің мұрагерімін деп мәлімдеді. Бұл тарихтағы мұралардың ең қомақтысы еді. Бұл жерде мәселе Еуропадағы саяси тепе теңдіктің Францияның пайдасына қарай бұрылуында, оның әлемдік гегемониясын орнатуында еді. 14Людовикке Испаниямен бірге оның иелігіндегі итал, нидерландық, бірқатар африкандық және американдық жерлер мұра ретінде тиесілі еді.

17ғ 90 жж 14 Людовик өзге державалармен осы мұраны бөлісу жөнінде келіссөздер жүргізген еді. Испан королінің тағы бір мұрагері пайда болды: испан королі – ІІІ Филиптің немересі Австрия эрцгерцогы Карл. Англия мен Голландияның Габбсбургтарға қарсы бірге соққы жасауы арқылы іске асатын Францияға қарсы коалицияны болдырмауға 14 Людовик күш салды. Лондон мен Гаагадағы Францияның елшілері ағылшындар мен голландықтарды Испания тағына тек бурбондардың немесе тек қана Габсбургтардың отыруы Еуропадағы тепе теңдікті бұзады деп сендірді.

Еуропадағы жағдай Фр үшін жайсыз болды. 17ғ 80жылдарындағы коалиция қайта құрылды – барлық Еуропа Францияға қарсы бірікті. 1701 ж басталған соғыс Фр үшін сәтсіз болды. Ол Испания, Италия, Нидерланды және Пиреней бойында тұтанды. Соғыстың бірінші кезеңінде (1701-1704) Франция күмәнді жетістіктерге жетсе, оған кейінгі уақытта бірнеше жеңілістерге ұшырады. Елдің ішінде ашаршылық басталып (1704-1710), Севенн тауларында орн.комизар протестанттар көтерілістерге шықты. Француздардың әскери ақуалы тек 1710-1717 жж аралығында біршама жақсарды. Соңында 14Людовик өзге елдерді келісімге келуге көндірді.

ХVІІІғ Англияның сыртқы саясаты.

18 ғ Англия екі революцияны басынан өткізген соң саяси құрылымын реттеп, сауда-саттық пен отаршылдық саясатында еңбек етті. Англияға Еуропа тарапынан қауіп жоқ еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да Еуропада саяси комбинацияларымен шектелді. Бисмарк бұл туралы былай деді: «Англияның саясаты Еуропадан ағылшын мүддесін жан тәнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды». Бұл 18 ғ Англияның қарсыласы саналып келген Францияға қарсы жіберу үшін өзге елдерден «дос» тауып алу саясаты.

18ғ – Ұлыбритан империясын дүниеге келтірген ғасыр – Фр мен Англия арасында осы империя үшін күрес кезеңі. 16ғ Англия Испанияға күйрете берді, 17 ғ Голландияны жеңді. 17ғ Америкада біраз жерлерді иемденген Үндістанға көз салып отырған, ұлы держава-Фр бар еді. Сондай-ақ Француздар Антилл аралдарына да ие еді. Ғасырдың ортасында Фр Англияға қарсы шыға бастады, әсіресе теңізде күрес шиеленісті.

ХVІІІғ. Германия, Австро-Пруссия бақталастығы.

18ғ Англияның билеуші топтары қомақты қаржыға ие еді. Олар өз мүдделері үшін одақтастарды сатып алуға қол жеткізді. Еуропада ақшаға сатушылар жоқ емес болды, олардың бірі Германия еді. Отызжылдық соғыста әлсіреген ол ыдырау үрдісінің шарықтау шегінде тәуелсіз мемлекеттер саны 1000-ға жетті. Рыцарлардың иелегіндегі осы майда мемлекеттер кедей өмір кешіп жатқандықтан, өз әскерлерін ақшаға жалдауға мәжбүр болды. 1648ж Вестфаль бейбіт бітіміне сәйкес олар саясатта өз бетінше әрекет етуге құқылы еді. Әскер сату, сол арқылы отанын сату сияқты келеңсіз іс-әрекеттер етек алды. Ұлы курфюрст атанған І Фридрих Вилгельмнің кезінен бастап, Бранденбург-Пруссия х/а дәрежеде маңызды орын алды. Осы кезден бастап Пруссия Германия шекарасында Австрияның қарсыласы болды. Пруссия әскери-крепостнойлық держава саналды. Ондағы билеуші топ- дворяндар өнімдерін батыс Еуропа нарығында сатылып отырған пруд шаруаларынан алынатын салық арқылы өмір сүрді. Бранденбург курфюсттары (кейін Пруссия корольдері де) ірі помещиктер еді. Өзен арқылы өтетін сауда жолдарын қорғау, көрші елдермен үздііксіз соғыс, әсіресе Швециямен (нан және ауыш шаруашылық заттарын шетелге Балтика арқылы шығару үшін ) болған соғыс Пруссияны ірі әскери державаға айналдырды. Пруссия қолайлы сәтті пайдаланып, көрші елдерді жаулап, жер аумағын кеңейтумен болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]