Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

10.Ақш ның Тәуелсіздік үшін соғыс кезеңінде ақш сыртқы саясатының қалыптасуы және Еуропалық дипломатия

Солт Америкалық оотарлардың тәуелсіздік жолындағы Англияға қарсы соғыс кезеңі ұлт үстемдігінің буржуазиялық принциптеріне негізделген дипломатияның жаңа түрінің қалыптасуымен сипатталады. Абсолютті монархияның дворяндық династиялық сыртқы саясатының орнына халықтар теңдігін, бостандығын, тәуелсіздігін жариялаған буржуазиялық саясат келді. Атлант мұхиты жағалауындағы алғашқы ағылшын отары 1607 ж. пайда болып, тұрмыс құрмаған королева І Елизаветаның құрметіне Вирджиния деп аталды. Кейін Англияның тағы да 12 отары пайда болды. Басқару түріне байланысты оларды корпоративтік, жекеменшіктік және корольдік отарлар деп бөлуге болады.

ХҮІІІ ғ. 70 жылдарында солт Америкадағы Англияның 13 отары Англияға соғыс ашып, Америка метеригінде алғаш болып дербес мемлекет – Америка құрама штаттарын құрды.

Англияға қарсы соғыс кезінде (ол 7 жылғы созылды) отарлар еркіндікке шықты. Британ парламенті бұл отарларды өз өнімдерін өткізетін рынок және британ өнеркәсібі үшін бай шикізат көзі ретінде қарастырды.

1776 ж. 4 шілдеде Континентальді Конгресс тәуелсіздік үшін соғыс барысында 13 Америка құрама штаттарының бірыңғай декларациясын жария етті. Онда 13 отардың Ұл дан бөлініп, тәуелсіз мемлекет құратындығын мәлімдеген.

Бұл құжаттың авторы – Томас Джефферсон болған. Мұнда Америка дипломатиясының жаңа принциптері көрсетілген. Конгресмендер жалпыға бірдей теңдікті, адам құқықтарын, оның ішінде өмір сүруге, еркіндікке, бақытты болуға құқығын жария ете отырып, отарлар мен метрополия арасындағы бөлінудің себептерін айқындап берді.

Бұл бөлінудің себебі отаршылдық тәуелділіктің адам құқықтары идеясына қайшы екендігі. Халық өз үкіметін қалыптастыру керек. Халық егемендігі идеясын жариялаған американдықтар отарларға Англиядан бөліну қажеттігін дәлелдеді.

Декларацияның қортынды бөлімінде біріккен отарлар еркін және тәуелсіз мемлекеттер болуға құқылы делінген. Халық егемендігі идеясы отаршылдық езгіге қарсы отарлардың тәуелсіздігі үшін күреспен тығыз байланысқан.

Америка республикасының пайда болуымен дипломатияның жаңа принциптері пайда болып қоймай, сыртқы істерді жүргізудің жаңа формалары пайда болды. Сыртқы саяси қатынастарды жүзеге асыру үшін Континентальді конгресс пленумы құрылды. Кейін х\қ істер комитеттер мен конгресс алдында жауапты адамдардың қолына өтті. Бұл Америкада жас дип\қ қызметтің, сыртқы саясат жүргізуде арнайы дайындалған институттардың пайда болу кезеңі болды. 1776 ж. 4 шілдеге дейін отарлар мүшелерінен құрылған съездің өзге мемлекеттерден көмек сұрауға батылы бармады. Континентальді конгрестің мұндай әрекеті ағылшын үкіметін конгрестің мүшелеріне мем\к сатқын деп кінә тағуына сылтау болар еді. Конгресс ашық түрдегі көмекті тек Британияның өзге отарларынан және Ирландия халқынан сұраған.

1775 ж. 29 қарашада СІМ на сай келетін орган құрылды. Ұл да Ирландиядағы жақтастармен хат алысу үшін комитет құрылды, ол өз кезегінде америка әскері үшін Еуропадан құпия түрде қару жарақ, киім алу үшін жұмыс жасады.

Америка қару жарақ алу үшін Франциямен құпия келіссөздер жүргізді. 1775 ж. аяғында Филадельфияға франуцз саудагерлері келіп, олармен қару жарақ алу үшін контракт жасасты. 1776 ж. 3 наурызда құпия комитет континентальді конгресс мүшесі Сайлас Динді Францияға жіберді. Ол Парижге көпес ретінде келіп, құпия түрде келіссөздер жүргізу керек еді. Бұдан кейін ол осындай тапсырмамен Голландияға бару керек болды.

АҚШ қа көмектесе отырып, француз дипломаттары өздерінің сыртқы саясаттағы мүдделерін көздеп, Англия әлсіреген жағдайда Канаданы өздеріне қайтарып, сондай ақ, Англияның Вест Индиядағы отарларын басып алуды көздеді. Теңізде сауда саттықты дамытып, Францияның Еуропадағы мәртебесін биіктетуге де күш жұмсады. Францияның сыртқы істер министрі, граф Шарль де Вержен Макиавеллидің «Мақсатқа жету жолында барлық әдістер жақсы» деген ұстанымын берік қолданатын деипломаттар қатарында еді. Тәуелсіз американдық мем\ң идеологиялық принциптерін қолдамаған Шарль де Вержен дегенмен, оларға көмек беруге дайын болды, өйткені бұл жолмен Ұл ны әлсіретуді көздеді.

1775 ж. дан бастап америкадағы отарларға құпия қолдау көрсете отырып, ол Англияға қарсы ашық соғысуды мақсат етпеді. Алайда француз буржуазиясы арасында Америка тәуелсіздігін ашық қолдағандар болды.

1776 ж. 15 желтоқсанда Франциядағы АҚШ тың ресми түрде алғашқы елшісі ретінде Бенджамин Франклин Парижге келді. Еуропа АҚШ туралы аз мәлімет білетін еді, сондықтан Американы әлеммен таныстыру үшін беделді адам керек болды. Франклин жан жақты талантты, білімді адам еді. Ол тек француз үкіметінің ғана емес, Англияның Франциядағы елшісі лорд Стормонттан басқа дипломаттдың бәрімен жақсы қатынаста боды. Англияның әлемдік аренадағы орны және сол кездегі саяси ахуал Америка үшін қолайлы еді. Ағылшын француз бақталастығының және Испанияның Англияға қарсы болуын Американың пайдасына қолдануға болатын еді.

1776 ж. 23 желтоқсан да Париждегі Америка миссиясы Франклиннің басшылығымен сыртқы істер министрі Верженге АҚШ тың алғашқы дип\қ құжатын жолдады. Олар Фр\ны одақтастық пен сауда саттық қатынас орнатуға шақырды. Вержен көмек қолын созғанымен, одақтастық туралы келісімді жасасуға қарсы болды. Ол тек Англияны әлсіреуіне ғана мүдделі болғандықтан, АҚШ қа көмектесті және ол саяси көзқарасы үшін монархист еді.

1777 ж. желтоқсан айында американдықтар соғыста жеңе бастады. АҚШ пен Англия арасында бейбіт келісім туралы келісімдер жүргізілді. Бұл екі ел арасындағы соғысты жалғастыруды көздеген Вержен Франклинге француз үкіметі АҚШ пен одақтастық жөнінде келісім жүргізбек деп хабарлады.

Осыдан кейін АҚШ Англиямен келіссөзін үзді, бірақ Вержен тағы да салығырттық танытты. Ол Франклинге Испаниямен біргіп барып, одақ құрамын деді. Бұл дип\қ ойын еді. Соғысты созу Англияны әлсірету және АҚШ тың күшеюіне жол бермеу іс жүзінде Вержен франко американдық одақтастыққа Мадридтің қосылуы туралы испан үкіметінен сұраған емес. 1778 ж. 6 ақпанда АҚШ Англиямен келіссөздер жүргізе бастады деп естігеннен кейін ғана Вержен АҚШ пен сауда саттық және одақтастық жөнінде екі келсім жасады.

Одақтастық Францияның Англиямен соғысуына әкеліп соқтырады. Бұл келісім бойынша Франция АҚШ тың егемендігін мойындай отырып, оның тәуелсіздігінің кепілі болды. АҚШ өз тарапынан Францияның Америкадағы иеліктерінің сақталуына кепілдік берді. АҚШ Британияның Америкадағы иеліктеріне оның ішінде Канада, Бермут аралдарына, ал Франция Англия иелігіндегі Вест Индияға қол салды.

Бұл АҚШ тың тек дип\қ табысы емес еді. Жасалған екі келісім АҚШ тың пайдасына жасалғанын белгіледі. Франция Американы мемлекет ретінде танығандардың бірі болды. 1779 ж. Америкаға Испания көмекке келді. Испания Англияның теңізде үстемдігін әлсіретуді көздеді. Американың Испанияға тиесілі жерінде де азаттық қозғалыстар басталды. Сол себепті Испания АҚШ тың ресми елшісі Артур Лиді Мадридте қабылдамады, бұл дегеніміз Америка респ\ң тәуелсіздігін мойындамау.

Америкадағы соғыста Англия жеңіске жете бастады. Ағылшын әскері оңт\гі қалаларды өртеп, оңт Каролинаны жаулап алып, Виргинияға бет алғанда, конгресс Парижге қосымша көмек сұрау мақсатымен Лоренсті жіберді. Франклиннің араласуымен Фр\я жаңа субсидия бөлді. Фр\дан АҚШ қа үлкен эскадра, жаңа әскер және жиырма мың адамға амуниция, қару жарақ жөнелтілді.

1782 ж. Англиямен бейбітшілік келісімнің жобасы Парижде жасалды. Бір жағынан Англия, екінші жағынан Франция мен Испания арасында жасалған бейбіт келісімде АҚШ тың тәуелсіздігі мойындалып, Англия мен АҚШ тың ағылшын американдық келісімі ратификациядан өткеннен соң, ол күшіне 1787 ж. 3 қыркүйек те енді.

1783 ж. жүзеге асқан Америка мен Англия келісімі тарихқа Версаль келісімі деген атпен белгілі болып, Американың Англияны жеңуін мойындатты. Англия АҚШ тың тәуелсіздігін мойындап, АҚШ тан өз әскерлерін, гарнизондарын және кемелерін шығаратын болды. АҚШ тың батыс шекарасы Миссисипи өзені арқылы өтті: солт\те Ұлы көлдер мен Қасиетті Лаврентий өзені арқылы және Атлантика мұхитына дейін созылды. Оңт\те Миссисипи өзені мен Атлантика мұхиты арасындағы келісілген сызықпен Флоридадан солт\ке қарай өтті. Канада Анг\ң отары ретінде сақталды, бірақ оның шекарасы нақтыланбағандықтан ұзақ уақытқа созылған Америка Англия текетіресі болды. Американдықтар Нью Фаундлендте балық аулауға құқылы болды. Миссисипиде еркін жүзе алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]