Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

20.Келіссөздер жүргізудің негізгі тактикасы мен жолдары

Алға қойған мақсаттарға жету үшін қажетті тактикалық жолдар арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен келіссөздердің барлық этаптарына қолдануға болатын әмбебап тактикалық тәсілдерге тоқталсақ:

• «кетіп қалу» н/е «күрестен бас тарту» - талқылауға түсуі қажетсіз сұрақтар қарастырыла бастаған кезде қолданылады. Оған мысал – мәселен қарастыруды кейінге қою; талқылау уақытын мерзімге өзгерту; елемей қою.Талқылау тоқырауға ұшыраған кезде басқа мәселелерді талқылауға көшу, үзіліс жариялау да кеңінен таралған. Бұл тәсілге «созу» , «күту», «салями»тәсілдері жақын . Олар көбірек ақпарат алу үшін, жағдайды ашып алу үшін келіссөздерді созуға қолданылады.

• « күту» (выжидание) – серіктестен барынша көбірек ақпарат алу үшін, барлық шарттар мен ақпараттарды қарастырып, өзіндік шешім қабылдау.

• «Салями» - «күтудің» бір түрі, өз позицияларын ақырын, шетінен, жіңішке кесілген салями колбасасына сәйкес ашу. Мақсаты: серіктестен барынша максималды ақпарат алу, сөйлемдер мен ұсыныстарды өзіне тиімді түрде ойшықтау.

• «келісім білдіру» - (келісім білдірмеу) – көзқарастардың ортақтығын н/е айырмашылығын көрсету тәсілі.

• « бумаға жинақтау» (пакетирование) – талқылауға бір емес бірнеше сұрақтар н/е ұсыныстар түседі, сонда бір буманың ішіне серіктеске өте ұтымды ж/е ұтымсыз ұсыныстар жинақталады.Серіктес тиімді ұсыныстарға қызығып қалғандарын да қабылдай салады н/е маңызды ұсыныстарды маңызсыз ұсыныстарды алып тастаумен қабылдатады.

• «талаптарды шетінен көтеру» - қарастырылатын мәселелер қатарына серіктеске тиімсіз пункттер алдын ала қосылып қояды, кейін оларды уступкалар ретінде алып тастайды да, серіктестен жауапты уступка күтеді.

• «талаптарды соңғы минутта алға қою» - келісімге қол қою алдында ғана келіссөздердің соңынан жаңа бір талап қою. Келісімге қызығушылығы жоғары жақ бұл талаптарды бірден қабылдайды н/е оны елемей ақ алып тастауға болады.

• «қарастырылатын сұрақтардың күрделілігін шетінен көтеру» - келіссөздерді жағымды арнаға түсіретін ж/е келісімге келу мүмкіндігін көрсететін жеңіл сұрақтардан бастаған жөн.

• «ултиматум н/е соңғы сөз» - бірден айтылады, қарсы тарап не бірден қабылдайды не келісімге қол жетпейді. Қауіп жоғары бірақ, кейде эффективті.

• «өз позицияларына жалған екпін түсіру» - өзіне қажет емес пункттерге аса үлкен назар аударып, жалған екпін түсіру арқылы өзіне шынайы қажет жағдайларға жеңіл қол жеткізу.

• «екі түрлі мағына қою» - қорытынды құжатқа бір жақтың қос мағыналы ұсыныстар жасауы, кейіннен келісімді өзіне тиімді жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.

• «біреу кеседі, екіншісі таңдайды» - бұл әділетті бөлу принципіне негізделген бір жаққа бөлу құқықғы беріледі, екінші жаққа сол бөліктердің біреуін таңдауға мүмкіндік береді.

21.Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы қатынастар

1991 жылдың 28 желтоқсанында Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылдың 26 қантарында Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялиық қатынастар орнатылды.

1993 жылы Алматыда Жапонияның Елшілігі ашылды. 2005 жылдың қаңтарында Елшілік Астанаға ауысты. 2008 жылдың тамыз айынан Жапонияның Қазақстандағы елшісі – С.Нацуи.

1997 жылдың ақпан айында Токиода Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 2007 жылдың сәуір айынан Қазақстанның Жапониядағы елшісі – А.Камалдинов.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси қатынастар 1992 жылдың мамыр айындағы Жапония Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі М.Ватанабэнің Қазақстанға жасаған сапарынан бастау алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылдың 6-7 сәуірдегі және 1999 жылдың 5-8 желтоқсандағы Жапонияға жасаған сапарлары екі жақты қатынастардың негізін қалады. Елбасының Жапонияға жасаған бірінші сапары барысында Кеңес Одағы мен Жапония арасындағы келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасып, Бірлескен мәлімдеме қабылданса, екінші сапар барысында достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1997 жылы Жапония Премьер-министрі Р.Хашимото Қазақстан және Орта Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдету мақсатында «Жібек жолы дипломатиясы» атты Жапонияның сыртқы саясат тұжырымдамасын қабылдады.

2002 жылдың желтоқсан айында ҚР Мемлекеттік хатшысы және Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары болды.

2004 жылдың тамыз айындағы Жапонияның Сыртқы істер министрі Й.Кавагучидің Қазақстанға жасаған сапары барысында екі ел арасында жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Сапар барысында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы интеграцияға ықпал ету және аймақтағы мемлекеттермен екі жақты қатынастарды дамыту мақсатында жапон тарапының бастауымен ұйымдастырылған «Орталық Азия+Жапония» диалогы бойынша Сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі болып өтті.

2005 жылғы 13-16 маусымда ҚР Премьер-министрі Д.Ахметовтың ЭКСПО-2005 көрмесі аясында ұйымдастырылған Қазақстан күндерінің ашылуы рәсіміне қатысуна байланысты ресми сапары болды.

2006 жылғы 28-29 тамызда Жапония Премьер-Министрі Д.Коидзумидің Қазақстанға ресми сапары болды. Сапар нәтижесінде достық қатынастар мен серіктестікті және ынтымақтастықты жалғастыру туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2008 жылдың 18-22 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары болды. Сапар барысында Жапония Императоры Акихито Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа Жапониямен қарым-қатынастағы жетістіктерін ескере отырып және екі ел арасындағы тығыз достық байланыстар үшін Жапонияның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Үлкен таспадағы бақыт гүлі» орденін сыйлады. Ал Жапония Императоры екі ел халықтыры арасындағы достық пен өзара түсініспеншіліктің нығаюына қосқан жеке үлесі үшін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Алтын Қыран» орденімен марапатталды. Сапар нәтижесі бойынша Казақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Я.Фукуданың Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Қазақстан мен Жапонияның халықаралық кауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымдары ортақ және жақын. Жапония Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылғанын қолдады және Астананың халықаралық және аймақтық ұйымдарға кіруге бағытталған интеграциялық ынтасын оң бағалайды. Сондай-ақ, Жапония Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты өзара келісім мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалайды. Қазақстан Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше болуын қолдайды.

Экономика саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Жапония арасында экономикалық қарым-қатынас жедел қарқынмен дамуда. Жапон компаниялары Қазақстанның көптеген салаларына, әсіресе энергетика саласына инвестиция тартуда. Уран өндіру және уран өнімдерін шығару саласында Қазақстан мен Жапония арасында бірлескен кәсіпорындар құрылып, Қазақстанға жаңа технологиялар әкелінуде.

Екі ел арасындағы сауда айналымы 2007 жылы 1,7 млрд. долларды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда (1,1 млрд. долл.) 54,5% пайызға өскен.

Жапон компаниялары Қазақстанның мұнай игеру саласындағы ірі халықаралық жобаларына қатысуда және сирек кездесетін металлдар іздеу саласында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Қазақстанда жапон компанияларының қатысуымен жаңа технологиялар негізінде энергия үнемдеу жобалары да іске асырылуда.

Қазақстанда Жапонияның Дамуға ресми көмек (ODA) бағдарламасы аясында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Жапонияның Қазақстанға көрсеткен бүгінге дейінгі ODA көлемі 102,1 млрд. йенді (шамамен 1 млрд. долл.) құрап отыр.

2007 жылдың 29-30 сәуірінде Жапонияның экономика, индустрия және сауда министрі А.Амари мен Жапонияның ең ірі ұлттық корпорациялары мен электроэнергетикалық компаниялары, сауда компаниялары және қаржы мекемелері басшыларының Қазақстанға сапары болды. Сапар барысында Атом энергиясын бейбіт жолда қолдану саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жайында Бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ, уран саласында жиырмадан астам келісімге қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Жапон Үкіметі Қазақстанға Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) арқылы 500 мың доллар көлемінде қайтарылымсыз мәдени гранттар берді.

Жапония Семей аймағы бойынша БҰҰ резолюциясының тең авторы болып, 1999 жылы Семей ядролық полигоны туралы халықаралық конференцияның Токиода өтуіне ықпал етті.

Қазақстан мен Жапония 1998 жылдың наурызынан бастап Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ апаттарын бірлесіп зерттеуде.

2000 жылы Токиолық «Тама» зоопаркіне Қазақстандық барс сыйға тартылды.

Алматы мен Астана қалаларында «Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталықтары» (Жапон орталықтары) жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жапон тілін үйрету курстары мен жапон мәдениетін таныстыру шаралары ұйымдастырылып тұрады.

Қазақстанда жапон кинофестивальдары мен мәдени күндері өткізілсе, Токиода және Жапонияның басқа да қалаларында қазақстандық әртістер мен музыканттар өз өнерлерін көрсетіп тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]