Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

22.Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасуы

Қираған кеңестік империяның орнында туындаған жаңа мемлекеттер үшін (Ресейден басқа) бұрынғы жүйден экономиканы басқарудың белгілі бір дағдылары мұраға қалғанымен, дербес түрде сыртқы саясатты жүргізу мүлдем тың жол еді. Х/а қатынастарға тоқталатын болсақ, белгілі бір себептермен бұл салада бұрынғы кеңестік мемлекеттер үшін мүлде жаңа дүние боды: дәстүрде, тәжірибеде де, ең бастысы мамандар болған жоқ. Отандық дипломатияның іргетасын қалау тақыр жерден басталды. Отандық дипломатияның адына қойлған мақсаттарды әлемдік қоғамдастықтың түсіністікпен қабылдағанын, оның үстіне жас мемлекетті қолдайтындығын мәлімдегенін атап өту қажет. Қазақстанның с.с-ң тұжырымдамасын Президент Н. Назарбаев өзінің 1992ж мамыр айында шыққан «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, көп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні- әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын ж\е еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттерімен достық ж\е өзара сенімділік сипатындағы қарым-қатынастарды дамыту б.т. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа тең құқылы ж\е тәуелсіз әріптес ретінде танылды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 2 айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті елімізді таныды. Осылайша, шабуыл жасау мақсатындағы стратегиялық қару-жарақты қысқарту мен шектеу тур. КСРО мен АҚШ арасындағы шартқа қосымша ретінде 1992ж 23 мамырда Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Яғни, осы құжатта Беларусь ж/е Украинамен қатар Қазақстан жоғарыда аталған шарт б/ша бұрынғы КСРОның міндеттемелерін өзіне алды ж/е ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде 1968ж 1маусымдағы Ядролық қаруды таратпау тур шартқа қосылуға дайындығы көрсетілді. Қазақстанның оң сипаттағы қадамдарына жауап ретінде жетекші ядролық державалар біздің елімізге қауіпсіздік кепілдігін беру тур. шешім қабылдады. 1994ж Будапешттегі СБСЕ саммиті барысында Меморандумға қол қойылды, ол құжатта АҚШ, Ұлыбритания ж/е Ресей Қазақстанның ДНЯОға қосылғандығы нақтыланды. 1995ж Қазақстан қауіпсіздігіне кепіл болуға тағы да екі ядролық держава Қытай мен Франция қосылды.

1996жылдың өзінде, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін бес жылдан соң іс жүзінде барлық жетекші мемлекеттер мен х/а ұйымдардың өкілдіктері Қазақстанда тіркелді. 2009 жылғы мәліметтерге сәйкес ҚРның шетелде 43 елшілігі, 7 дип-қ миссия, 7 бас консульдық пен 13 консулдық жұмыс істейді.Америка, Еуропа мен Азияның жетекші елдерімен арадағы ынтымақтастық белсенді түрде дамып отыр. Қазақстан егемендігімен аумақтық тұтастығын баршаның мойындауына қол жеткізді. Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне тоқталатын болсақ, БҰҰ БАның 47 сессиясында (1992ж) Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзін мысл етсек болады. Яғни, ең алғаш болып, Азия құрлығында қауіпсздік құрылымын құру туралы ұсыныс жасады (АӨСШК-СВМДА). Қазақстандық дипломатияның шын мәніндегі жеңісі ретінде Алматыда 2002ж 3-4маусым аралығында өткен АӨСШК Саммитін атап өту қажет. (Қабылданған құжаттар: Алматы актісі, Терроризмді болдырмау ж/е өркениеттер арасында диалогқа ықпал ету тур. декларация). АӨСШК процесі «Шанхай бестігінің» (кейінірек, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) жұмысымен тығыз байланысты.1996ж сәуірде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан бір жағынан, екінші жағынан Қытай Шанхай қаласында «Шекара ауданында қарулы күштерді қысқарту тур. келісімге қой қойды.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Түркеменстан, Иран арасында көптеген конвенциялар жасалынып жатыр. Дамудың бірден бір кепілі болып табылатын қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ТМД елдерімен ж\е әлемдік қауымдастық пен ықпалдастықты күшейту.

Қазақстан БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелерінің қызметінде де белсенді түрде қатысуда. Осы ұйымның башылығы СНВ-1 шартына, ядролық сынақтарға жан жақты тиым салу тур. шартқа қосылу арқылы ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға біздің еліміздің қосқан үлесін бірнеше рет атап өтті. 1998ж БҰҰ БАның 53-сессиясында қазақстандық дипломатияның табанды күш/жігерінің нәтижесінде «Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясын сауықтыру мен экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатындағы х/а ынтымақтастық ж/е қызметті үйлестіру» атты төтенше маңызды қарар қабылданды. Қазақстан ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ,ДДҰ,ХЕҰ, ЮНЕП, ФАО,ЮНИДО, БҰҰ УНКПП, ИКҰ сияқты ж/е де басқа да ұйымдардың қызметіне белсенді түрде қатысуда. Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық саласына келетін болсақ, арасындағы ынтымақтастық жемісті деп атап кетсек болады (ЕҚЫҰға төрағалық ету). НАТОға қатысты айтсақ, Қазақстан «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қосылды. Бұл жерде тек қана әскери ынтымақтастық қана емес, сонымен бірге саяси, ғылыми-техникалық ж/е экологиялық салалардағы тұрақты консультациялар қаперге алынып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]