Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

32.Халықаралық лаңкестік халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінің феномені ретінде

Халықаралық терроризм- 2001жылдың 11 қыркүйегінен бастап қолданыла бастаған салыстырмалы жаңа түсінік б.т. Аталған оқиғдан кейін АҚШ Президенті Дж.Буш осы түсінікті ең алғаш қолданған болатын. Осы оқиғаларды түрткі ете ала отырып АҚШ дүниежүзі б/ша лаңкестікпен күресуді өздерінің сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі етіп қойды. Өз қауіпсіздіктерін кез келген қол жетімді шаралармен қамтамасыз етуге құқылымыз деп сенген АҚШ Ауғанстан мен Иракқа соғыш ашқан болатын. Ол кезден бері әлем б/ша көптеген мемлекеттер өздерін х/а лаңкестікпен күресуші ретінде жариялады. Х/а лаңкестік феноменін түсіну олардың жартылай ауыздан туған үрей тудырушы көшбасшыларын танусыз мүмкін емес.

XXғ соңы мен XXIғ басы әлемнің барлық дерлік құрлықтарында орын алған лаңкестік актілердің өршуімен сипатталады. Осындай қан төгісті актілерде мыңдаған кінасыз адамдар құрбан болып, матриалдық шығындар қалпына келмейді. Терроризм көп мағыналы түсінік. Ол мынадай элементтерден тұрады:

 экстремистік,террористік идеология;

 терроризмді жүзеге асыратын ұйымдастырылған құрылымдық кешендер.

 Террористік іс әрекеттердің тәжірибесі

Терроризм құбылыс ретінде библиялық заманнан тарихи тамырларға ие. XXғ соңында ол локалды ішкі фактордан х/қ құбылысқа айналды. Оның қатысушылар саны да, қолдайтын күштері, мақсаттарының сипаты да өзгерді. Бұл жалпы әлем халықтарының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.ь Қазіргі таңда терроризмнің жүздеген анықтамасы бар. Оның кез келгенінде зорлық зомбылық элементі бар. Р.Соле «зорлық/зомбылықтың» өзі мыңдаған беттен тұратын анықтаманы қажет етеді. Террорзмді сонымен қатар Й.Александр,П.Уилкинсон,Д.Вольф,А.Кетц және т.б. зерттеуде. Терроризм феноменіне бірыңғай анықтама бере алмауы оның табиғатының әралуандылығымен байланысты. Саяси әлеуметтік құбылыс ретінде терроризм халық/қ құқық пен халық/қ моральдің негізгі принциптері мен нормаларын бұзатын күш көрсететін саяси күрестің бір формасы. Терроризм/жүйелі басыңқы және жалпы халықтық зорлық зомбылық, ол күтпеген жерден кенеттен шабуыл жасау тактикасын пайдаланады.Орыс әдебиеттерінде терроризмнің мынадай түрлері көрсетіледі: саяси,қылмыстық,ұлттық,әуе,халық/,идеологиялық,этникалық,діни,жеке, мемлекеттік,әскери, бейбіт,ұйымдастырылған,қылмыстық,идеалистік, компьютерлік,абақтылық. Жаңа түрі ретінде ғарыштық типтегі терроризмді атап өтуге болады.

Қазіргі терроризм сипаты:

 Террористік актілер санының күрт өсуі, оларды қатыгездіктің шамадан тыс болуы.

 Құрбан санының өсуі,зардаптардың кеңмасштабтылығы.

 Террористік қызметінің жоғары деңгейде қаржыландырылуы

 әр түрлі мем/дің өздерінің геосаяси ықпал сферасын кеңейтуде жекелеген террористік топтарды пайдалануы

 өзінің ықпалын басқа аймақтарға таратуда халық/қ террористік ұйымдардың көптеп қатысуы,әсіресе, табиғат ресурстарға бай жерлерде.

 Террористердің жоғары кәсіптілігі мен дайындылығы

 Террористік топтардың интернационалдығы

 Жалдануышлықпен терроризм арасындағы байланыс

 Мемлекет іші және халық/қ терроризм арасындағы шекаралардың жойылуы(размывание)

 Техникалық жағынан жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі

 Жаппай қырып жою қаруын иеленуге деген талпыныстар

 Трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікпен(наркобизнес) тығыз қарым қатынас орнату

 Террористік ұйымдардың кейбір лидерлері өз қызметіне ұлт азаттық күрес сипатын бергілері келеді.

 Терроризмнің жаңа түрлерінің пайда болуы: ақпараттық және электрондық

33.19ғ. аяғы – 20ғ. Бас Қиыр Шығыстағы х/а қатынастар. 19ғ.70-80жж. – Қиыр шығыстағы жапон милитаризімінің өршіп дамыған кезеңі болып белгіленді.Оның мақсаттары:а)Азияны экон/қ,саяси,идеологиялық ену алаңына айналдыру,б)еуропалық мем/н жасалынған тең емес келісімдерден азат болу,в)Жапонияны барынша күшті қаруландыру,әсіресе теңіз флотын күшейту,г)Оңтүстік теңіздер аймағында аралдық базаға қол жеткізу,д)Қиыр шығыста мүдделері қиылысатын мем/ге қарсы одақтастар іздеу.Қиыр шығыстағы Жапонияның бірден-бір бәсекелесі – Ресей болды.Оған қарсы жапон милитаристері ағылшын және американ қолдауына ие болып алды.Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жап/р Корея,одан кейін Қытайды басып алуды көздеді.Онсыз да әлсіреп тұрған Кореяны өзіне байлап алу Жапония үшін қиындыққа соқпады.1894ж.Кореяда бас көтерулер басталды,корей үкіметі Қытай басшылығынан көмек сұрауға мәжбүр болады.Н/де жап/р Қытайды 1885ж.Тяньцзин келсімін бұзды деген сылтаумен 1894ж.25 шілдеде Қытайға қарсы соғыс ашады.Қытай соғыста ойсырата жеңіліс тауып,бейбіт келісімге келуге мәжбүрлі болды.1895ж.17 сәуірде жапон-қытай Симоносек келісіміне қол қойылды.Ол б/ша:а)Корея «тәуелсіздігі» мойындалды,б)Ляодун түбегі,Тайвань,Пескадор аралдары иеленді,в)300млн тали контрибуция,г)шетел саудасы үшін 7 қытайлық порт ашылды,д)Янцзы өзені бойымен навигацияға рұқсат берілді,е)арнайы сауда келісімі арқылы жап/р көптеген артықшылықтарға қол жеткізді.Алайда жапонияның шектен тыс күшейіп кетуінен сескенген батыс державалар араласа бастады,н/де Қытайға Ляодун түбегі қайтарылды.1899ж. жап/р шетел/н келісімдердің бірқатарын қайта қарастырды,шетел/ң экстерриториалдық құқығы жойылды.Жап/н кейін бірінен кейін бірі батыс державалары Қытайды бөлшектеуге кірісті:1)орыстар – 1891ж.бастап Сібір темір жолын соға бастады,1895ж.орыс-қытай банкісі ашылып,Қытайға несиелер беруін бастады,1896ж.3 маусымда орыс-қытай қорғаныс Мәскеу шартына қол қойылды,орыстар Маньчжурияны да иемденіп алды;2)германдықтар – 1897ж. Шаньдун провакациясын сылтаулатып,1898ж.6 наурыздағы келісім б/ша Цзяочжоу бухтасын 99 жылға арендаға алуға Қытайды мәжбүрлейді,Шаньдунда темір жол салуға рұқсат береді,ЦИндаода әскери-теңіз базасы құрылды;3)ағылшындықтар – Янцзы өзені ағылшын ықпал ету аймағына айналды,Шанси провинциясын иемденді,орталық Қытайды толығымен өз бақылауына алды,Коулун түбегін 99жылға жалға алды;4)француздықтар – 1898ж. Сәуірде Франция Гуанчжоувань бухтасын 99жылға жалға алып,Юннань провинциясын иемденді.1899-1900жж.Қытайдың өзінде толқулар орын ала бастайды,өздерінің ықпал ету аймақтырынан айрылып қалудан қауіптенгін державалар тез арада әскерлерін Қытайға жібереді.Бас көтерушілерді жаныштап тастаған шетел коалициясы Қытай үкіметін 1901ж.7қыркүйекте «Қорытынды протоколға» қол қоюға мәжбүрлейді.Ол б/ша:а)450млн таэль контрибуция төлеу,б)Қытайға қару кіргізуге тиім салынды,в)шетелдіктерге өз әскерлерін ұстауға рұқсат берілді,г)бас көтерген азаматтарын өлім жазасына кесу секілді құлаққа кірмейтін талаптар Қытай мойнына ауыр жүк боп салынды.Осылайша Қытай жартылай отар елге айналды.Ресейге қарсы соғыс ашуды көздеген жапон милитаристері Ұлыбританиямен одақ құруды ең бірінші мақсат ретінде қойды.Дип/қ әдіс-тәсіледр арқылы 1902ж.30 қаңтарда ағылшын-жапон одақтық келісімі жасалынды.Ағылшын қолдауына ие болған жап/р ендігі кезде ресейге қарсы соғыс ашуға асықты.1904ж.24қаңтарда жап/я ресеймен дип/қ қат/н үзіп, сол күні әскери әрекеттірн бастайды.Ресей жеңіліп,1905ж.23 тамызда Портсмут келісіміне қол қойылады.Ол б/ша:а)Жап/я Кореяда «еркіндік»алды,б)Сахалин аралының оңтүстік бөлігін иемденді.Жапония милитаризімінің жеңісі бүкіл х/а қат/рға ықпал етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]