Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

31.Іі джс кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастар (1945-1950)

ІІ джс/та антифашистік коалицияның жеңіске жетуі әлемдегі жаңа күштер арақатынасын орнатты. Фашизм жеңілуінің нәтижесінде Кеңес Одағының беделі өсіп демократиялық күштердің әсері артты. Х/а аренадағы күштер арақатынасы өзгерді. Жеңіліске ұшыраған Германия, Италия ж/е Жапония ұлы державалар қатарынан шығып қалды. Францияның беделі әлсіреді. Ұлыбританияның өзі бұрынғы әсерін жоғалтты. Оның орнына АҚШтың күш қуаты айтарлықтай өсті. Атомдық қару жараққа монополиясы ж/е ең үлкен әскері бар АҚШ өзге мемлекеттерді экономика, ғылым ж/е техника салаларынан басқа мем/рді басып оза отырып, батыстық әлемнің гегемонына айналды.

Соғыс кезіндегі антифашистік коалицияның ұлы державаларымен соғыстан кейінгі бейбіт реттеудегі басты бағыттар байқалған болатын. АҚШ, КСРО ж/е Ұлыбританияның басшыларының Тегерандағы, Ялта мен Потсдамдағы конференцияларында, сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания ж/е Қытай басшыларының Каирдегі жиналыстарында төмендегідей маңызды мәселелермен келісті:

• Территориялық өзгерулерге б/ты;

• Жеңімпаз фашистік мемлекеттерге қатысты ж/е әскери қылмыскерлерді жазалауға б/ты;

• х/а бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы х/а ұйым құруға б/ты.

Қабылданған шешімдер:

 фашистік Германияны ж/е милитаристік Жапонияны милитаризм мен фашизмді бодырмау мақсатында оккупациялау;

 Басты әскери қылмыскерлерді Х/а трибунал сотына беру;

 Германия, Италия ж/е Жапонияның территориялық басып алулары өз күшін жойды.

 КСРО, АҚШ ж/е Англия шешімі б/ша: Австрия мен Чехославакияның тәуелсіздігін қалпына келтіру ж/е Румынияға Солтүстік Трансильванияны қайтару;

 Польшаның шекарасын анықтады;

 Жапонияның қол астындағы басып алынған территорияларды азат ету;

 Кореяға тәуелсіздік алып беру;

 Маньчжурияны, Тайваньды ж/е өзге де Қытай аралдарын Қытайға қайтару;

 Кеңес Одағына Оңтүстік Сахалин ж/е Куриль аралдарын қайтару.

Жоғарыда аталған шешімдердің көбісі соғыс кезінде ақ жүзеге асқан болатын(Германияның бұрынғы одақтастары Италия, Румыния, Болгария, Венгрия ж/е Финляндиямен бітімге келген кезінде ж/е де Германия мен Жапонияның капитуляциясы нәтижесінде).

Әскери кезеңдегі КСРО, Англия, АҚШ, Англия арасындағы келісімдерге сәйкес, Х/а Әскери Трибунал негізгі әскери қылмыскерлерді соттау үшін құрылды. Трибуналдың отырыстары 1945ж 20қарашада Нюрнбергте ашылды. Сотқа тірі қалған 24негізгі нацистік әскери қылмыскерлер тартылды. Оларға бейбітшілікке қарсы қастандықты, агрессивті соғыстар дайындау ж/е жүргізу, солар арқылы іске асыру, әскери қылмыстар,адамзатқа қарсы қылмыс жасаған деп айып тағылды. Нацистік партияның басшыларын күзет отрядтарын ж/е құпия полицияны (Гестапо) Трибунал қылмыскер ұйым деп тапты. Негізгі жапон әскери қылмыскерлері Токиода 1946ж 3мамырда басталған Х/а әскери Трибуналдың отырыстарында сотқа тартылды. Нюрнберг ж/е Токио процесстері тарихтағы алғашқы соғыс ұйымдастырушыларын сортқа тартқан процесстер б/ы.

Соғыстан кейінгі маңызды мәселелердің қатарына бейбітшілік келісімдеріне қол қою енді. Бейбіт келісім шартта Италия, Румыния, Венгрия, Болгария ж/е Финляндиямен қол қойылды. Потсдам конференциясында осы мақсатқа қол жеткізу үшін,КСРО,АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай СІМрінің Министрлер Кеңесі бекітілді. Бұл келісімдердің мәтіндері 1946ж жазында Парижде болған конференцияда талқыланды. Нәтижесінде 1947ж 10ақпанда жоғарыда аталған мемлекеттермен Парижде бейбіт келісімдерге қол қойылды. Бейбіт келісімдердегі аймақтық қаулылар: Италия Албания мен Эфиопияның егемендігін мойындады; Италия басып алған Додекан аралдары Грецияға қайтарылды; Юлийская Крайна Югославияға берілді; Триест азат аймақ деп жарияланды; Италия Африкадағы калонияларынан / Ливия, Эритреи,Италиялық Сомалиден айырылды; Румыниямен Венгрия арасындағы бітімге келу шарттарына сәйкес Румынияға Трансильванияның бөлігі қайтарылды; Финляндия КСРОға Петсамоны қайтарды. Бұл келісімдердің экономи/қ бөлімдері агрессия құрбандарына – КСРО, Албания, Греция, Югославия ж/е Эфиопияға репарация төлеуді қарастырды.

Ялта Потсдам конферен/да КСРО, АҚШ ж/е Ұлыбритания Германияның ұзақ уақытқа оккупациялануы жөн. келісімге келді. Германия аймағы төрт оккупациялық зоналарға бөлінді: кеңестік, ағылшындық, француздық ж/е американдық (астанасы Берлинде). Австрияда оккупациялық режим орнады. Ол да аталған төрт зонаға бөлінді. Жапония туралы бейбіт келсім дайындауда одақтастар арасындағы қарама/қайшылықтар кедергі б/ы. Каир ж/е Потсдам конф/ның шешімдеріне сәйкес Жапония толық қарусызданып, әскери қылмыскерлер жауапқа тартылып, демократиялық еркіндіктер қайта орнауы тиіс еді. Әскери ыс қимылдардың нәтижесінде американдықтар барлық жапон аралдарын оккупациялады, оның ішінде Каролин, Маршалл, Марианн аралдары б/ы. Сол себепті Жапонияда әртүрлі оккупацияланған зоналар болған жоқ, оны тек қана американдық әскерлер жүргізді. Американдық оккупация зонасына Оңт. Корея енді. Ал Солт.Корея кеңестік әскермен басып алынды. 1947ж Каролин, Маршал, Мариан аралдары БҰҰ қарауына берілді. Жапониямен бейбіт келісімнің жобасына қатысты КО, АҚШ,Ұлыб. Келісімге келе алмады. АҚШ пен Ұлыб. 1951ж Сан-Францискода х/а конференция шақырды. (КСРО, Польша, Чехословакия келісімді қабылдаған жоқ, одан бөлек 49 мем. қол қойды.)Шешімдері: Корея тәуелсіздігін мойындады; Куриль аралдары, Оңт.Сахалин, Тайвань, Пенхулидао, Парасель аралдарына б/ты шағымдардан бас тартты.

«ҚҚС» басталуына себеп болған, 1946ж 5наурызда Фултондағы Черчильдің сөзі б/ы. Онда, Черчиль КОғын агрессия мен тиранияға кінәләп, коммунистік партияны христиандық өркениетке қауіп төндіретін «5-калонна» деп айтты.Американдық үкімет өзінің ресми доктринасы р/де коммунизмді ұстап тұру деп жарялап, атомдықдипломатияны кеңінен қолдана бастады. Атомдық қауіппен батпе бет келген КО ядролық қару жасау жөн. жұмыстарын тездетті. 1949ж 29тамызда алғашқы Кеңестік атомдық бомбаның сынағы өтті.

Американың коммунизмді ұстап тұру саясатының көрінісі Батыс мем/рге экономи/қ ж/е әскери көмек көрсетуінен көрінді. Осы жолдағы алғашқы ресми қадам 1947ж 12наурыздағы АҚШ Конгресіне жолдаған Трумэн доктринасы б/ды. Греция мен Турция үкіметтерінің сұраныстарына сәйкес, бұл елдерге коммунизммен күресу үшін 400млн. Долл көлеміндегі әскери ж/е экономикалық көмек жіберу жөн жариялады. Бұл доктрина тек қана Грец мен Турц қатысты емес, сонымен қатар, АҚШтың коммунизммен күресуші барлық елдерге қолдау көрсету саясаты б/ы. Бұдан кейін Америка үкіметі Еуропа мем/ріне көмек көрсету жөн арнайы жоспар құрды. Ол 1947ж 5шілдедегі АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Маршаллдың сөз сөйлеуінде анықталды. КО Маршалл жоспарына қарсы шығып, бұл жоспарды Еуропаны қыспаққа алу үшін жасалған деп айыптады. КОна халықтық демократиялық мемлекеттер мен Финляндия қосылды, 16 Бат.Еуропалық мемлекет Америкадан көмек алуғадайындықтарын көрсетіп, бұл мақсатта арнайы х/а Еуропалық Эконом/қ ынтымақ/қ жөн. тұрақты ұйым құрды. !948ж ішінде бұл мем/тер көмек алудың шарттары жөн. АҚШпен екіжақты келісімдерге қол қойды. Американдық көмекке жауап ретінде бұл мем/тер өздерінің экономикасы жөн. ақпарат беріп отыруға, АҚШты дефицитті материалдармен қамтамасыз етуге, стратегиялық тауарларды КОна сатпауға, американдық капитал салымдарына қолдау көрсетуге міндетті б/ы. Маршалл жоспары 1948-1952жж аралығында қызмет жасады. Бұл уақыт ішінде АҚШ Бат.Еуро/ға 17млрд. көлемінде құрылғылар, өндірістік тауарлар ж/е азық түлік жеткізді. 1949ж 20қаңтарда Трумэн Маршалл жоспарына 4-пункт қосу арқ. Бұл көмектерді бұрынғы отар мем/рге қолдануға жол ашты. 1950-1953жж аралығында 4-пункт бағдарламасы б/ша 37дамушы мем/т көмек алды.

Анг, Фр, АҚШ ж/е КСРО арасындағы саясатының өзгеруіне орай, бұл мем/рдің Батыс Германияға қатысты көзқарастары өзгеруіне алып келді. 1946ж АҚШ пен Анг Германиядағы оккупациялық зоналарын біріктіріп, оған 1948ж француз зонасы қосылып, тризония құрылды.

ҚҚС кезеңінде АҚШ басшылығымен Еуропада, Азияда ж/е Л.Америкасында әскери саяси одақтар құрыла бастады. Оның алғашқысы 1947 ж өзара көмек жөн. Америкааралық келісім б/ы. Бұл келісімге Канададан басқа американың барлық мем/тері қосылды. Еуропадағы болактардың құрылуына негізгі бастамашылар Анг мен Фр б/ы. 1947ж 4 наурызда Анг мен Фр өзара көмек жөн келісімге қол қойды. 1948ж Анг мен Фр/ға БеНиЛюкс қосылып Батыстық Одақ құрылды. Батыс Еуропа мен Американы біріктірген әскери саяси одақ НАТО ( 1949ж 4сәуір) б/ы.

Кореядағы соғыс кезінде ж/е ол аяқталғаннан кейін АҚШ әскер саяси блоктар қатарын АТР мемлекеттерімен жаңа келісімдермен толықтырды. Жапониямен қол қойылған қауіпсіздік жөн. келісімді ж/е Оңт. Кореямен өзара көмек жөн келісімдерді сақтай отырып, АҚШ 1951ж Австралия ж/е Жаңа Зеландиямен қауіпсіздік жөн келісімге қол қойды (АНЗЮС).Одан кейін, АҚШ Оңт Шығ Азия үшін келісім ұйымын құруға кірісті (СИАТО). СИАТОға 1954ж 8 қыркүйекте Манилада қол қойылып оған сегіз мем/т кірді (АҚШ, Анг, Фр, Пакистан, Тайланд, Филиппины, Австралия ж/е Жаңа Зеландия).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]