Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

63.Халықаралық қатнастардың жаңа жүйесіндегі ақш мен Латын Америка елдерінің қарымқатнастары.

90- жылдар Латын Америка елдері үшін бұл өлкенiң мемлекеттерiнiң халықаралық қызметі айтарлықтай ықпал тигiзген саяси және экономикалық облыстардағы сапалы алға жылжулардың он жылдығы болды. Жоғалтылған «80-ші жылдардың он жылдықты дамыту» зардабынан соң, аймақ елдерiнiң көпшiлiгi экономикалық өсу жолына түсті. Сонша әсерлi экономикалық жетiстiк он жылдықтың бiрiншi жартысында аймақ елдерiнiң құрылымдық жаңартулары арқасында жүзеге асты. Олардың негiзiнде экономиканы ашу бойынша шаралар жатты : саудалық тәртiптiң либерализациясы, қаржы жүйесiн жекешелендiру, сауығуы. Осы жылдары белсендi сыртқы сауда саясатына өте бастады. Батыс жершарында х/а қатынастарды анықтайтын сипаттар арасында, әрине, ең бірінші кезекте интеграциялық үрдістердің тез арада белсенуін айта кету керек. Оларға мықты импуьсты 1990 ж АҚШ Президенті Дж. Буш жариялаған «Америкалар үшін бастама» берді. Ол ортақ экономикалық кеңістікті Аляскадан Отты Жерге дейін құруды мақсат тұтқан. «Америкалар үшін бастама» онжылдықтың басында-ақ АҚШ пен латынамерикандық елдердің қатынастарын белсендетті. Бір ғана 1991 жылдың өзінде Құрама Штаттар субрегионалды бірлестіктердің барлығымен еркін саудаға өту жөнінде келесімге отырды, олар: КАРИКОМ, СЦАИ (Система Центральноамериканской интеграции), Андылық пакт, МЕРКОСУР. 1991 ж АҚШ Мексика және Канадамен Солтүстікамерикандық еркін сауда зонасы (НАФТА) құру жөнінде келіссөз процесін жүргізе бастады. АҚШ-тың латынамерикандық елдерге осыншама қызығушылығы онжылдықтың басында келесі факторлармен түсіндірілді. Қырғи-қабақ соғыс аяқталған соң екі қуатты экономикалық мегаблоктардың – Батыс Еуропа және АТР құрылуы айдан анық болды. Сондықтан соның орнын толтыру үшін осындай қызығушылық танытты. «Америкалар үшін бастаманы» ынтыландырған тағы бір маңызды жағдай АҚШ пен аймақтың басқа бөлігінің өзара байланысының артуы болды. Мұндай жағдай 80-ші жылдары орын алды. АҚШ Латын Америкасындағы қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарларын шын мәнінде алғаш рет сезінді. Себебі ол кезде оңтүстіктен заңсыз мигранттар қаптап кетті. Сондай-ақ бұған себеп орталықамерикандық қақтығыс негіз болды. Өзаратәуелділіктің тағы бір факторы болып наркобизнес және наркотрафик мәселелерінің кешені табылды. Батыс жартышарында әлемдегі ең ірі есірткіні тұтынушы - АҚШ орналасқан, ал ең ірі есірткіні шығарушы - Колумбия, Перу, Боливия и Мексика. Онжылдықтың басында наркотрафикпен күрес АҚШ-та ұлттық қауіпсіздіктің басым мәселесі ретінде жарияланды.

Батыс жартышарының Солтүстігі мен Оңтүстігінің өзара тәуелділігі американ-мексикан қатынастарында ерекше көрініс тапты. Мексиканың НАФТА-ға қосылуы онжылдарға созылған интеграция негізінде жүзеге асты. Жалпы 90жылдарды «екі Американың» жақындасуы, америкаралық қатынастардың гармонизациясы деп сипаттауға болады. Оның шарықтау шегі 1994жылғы 10-13 желтоқсандағы 34 мемлекет басшыларының Майамидегі саммитте басқосуы болды. Бұл кездесуде бірқатар шешімдер жүзеге асырылды. Онда коррупция, наркотрафикпен күрес ерекше аталып өтілді. Алайда Майамидегі саммиттен күтілген үміт ақталмады. Себебі Мексикада 1993 ж Чияпас штатында көтеріліс болып, фондылық рыноктың колласы, мексикандық песоның төмендеуі орын алды. Осылайша саммиттен кейін бірнеше күннен кейінгі Мексикадағы қаржылық дағдарыстың кесірінен АҚШ-тың қайтадан Мексиканы тығырықтан «алып шығаруға» алып келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]