Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

4.Отарлық жүйенің күйреуі

Соғыстан кейінгі кезеңнің ерекшеліктерінің бірі ұлт азаттық қозғалыстармен ұлт азаттық революцияларының өршуі болды. Бұл ақырында отарлық жүйенің құлауына алып келді. Ұлт азаттық рев\р шетелдік басқыншылықты жойып, ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізіп, бұрынғы отарлық иеліктерде егемен мемлекеттер құруға бағытталды. Олардың қозғаушы күшетрі интелегенция, ұлттық буржуазия, шаруалар, жұмысшылар болды.

ІІ дж соғыстың аяқталу кезінде ұлт азаттық қозғалыстар әсіресе Азия мемлекеттерінде көптеп орын ала бастады. бирма, Малая, Индонезия, Үнді Қытай және Филиппинге жасалған жапон оккупациясының нәтижесінде еуропалық және американдық отарлаушылардың билігі жойылды. Жапон оккупанттарына қарсы азаттық қозғалыстар кең етек ала бастады. осы мемлекеттерде ұлт азаттық қозғалыстарды ұлттық буржуазия қайраткерлері немесе демократтар жүзеге асырды. Вьетнамдағы (ол кезде француздық үндіқытайдың құрамында еді) азаттық қозғалысын басқарушы ролді коммунистер алып алды, олардың бастамасымен Вьетнам тәуелсіздік лигасының негізі қаланып, Вьетнамдық азаттық армиясы құрылды.

Жапонияның капитуляциясы туралы алғашқы хабар жеткен кезде, Вьетнам, Индонезия және Бирма өз тәуелсіздіктерін жариялады. Вьетнамда коммунистік партия мен тәуелсіздік лигасының ұранымен 1945 жылы 15 тамызда Тамыз рев\сы басталды. Вьетнам азат ету армиясы жапондық гарнизондарды қарусыздандырды. Коммунистер басқарған патриоттар жапон оккупанттары құрған қуыршақ мемлекеттіқуып шықты. Билік ұлтты азат ету комитетіне өтті. Оны компартияның басшысы Хо Ше Мин басқарды. 1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ше Мин Вьетнам тәуелсіздігін жариялады.

Индонезияда Сукарно бастаған тәуелсіздік комитеті 1945 жылы 17 тамызда тәуелсіздіктерін жариялады. Сукарно тәуелсіз Индонезияның алғашқы президенті болды.

Бирмада антифашистік ұлттық азат ету лигасы 1945 жылы 19 тамызда жапон оккупантарын қуып, тәуелсіз Бирманың конституциясын жасауға ұран тастаған манифест жариялады. Бирманың азат ету армиясы жапон оккупанттарын қуды, ал оның қолбасшысы генерал Аун Сан елде билік жүргізе бастады. 1948 жылы қаңтарда Бирма халқының ұзаққа созылған күресі жеңіспен аяқталды. Ұлт азаттық көтерілістің қысымы нәтижесінде Ұлыб\я оның тәуелсіздігін мойындады. Сөйтіп, Бирма Британ ұлттар достастығынан шықты. 1948 жылы ақпанда бұрын Үнді аралдар отарының құрамына енген Цейлон (Шри Ланка) доминион құқығын алды.

Күшті ұлт азаттық қозғалыстар толқынына тап болған метрополия мемлекеттер қозғалыстарды күшпен басып жаншуға, ал күштер жетпеген жерлерде жергілікті буржуазиямен келісімге келіп, немесе өздерінің бұрынғы отарларына саяси тәуелсіздіктерін берді. 1946 жылы Құрама Штаттар Филиппин аралдарына тәуелсіздігін беру туралы мәлімдеме жасады. Алайда олар Филиппин үкіметімен бірқатар келісімдер бекітті. Келісімдерге сай, АҚШ Филиппин аралдарында әскери база құру мүмкіндігі мен экономикалық артықшылықтарға ие болды.

1946 жылы Англия Трансиорданиядағы мандатын алып тастау туралы жариялады (Иордания атауын иеленген) және солүкіметімен ағылшын әскерлерінің Иорданияда қалуы туралы келісімді бекітті.

Ұлыбритания үкіметі өзінің бұрынғы Азиядағы отарларының бөлігіне тәуелсіздік немесе өзін өзі басқаруға мүмкіндік беруге келісті, бірақ олармен Британдық империя шеңберінде (Британдық ұлттық ынтымақтастық деп ауыстырлған) тығыз байланыс орнатқысы келетінін білдірді. 1947 жылы 15 тамызда Англия Үндінің діни себептермен бөлінетіндігін – Үнді және Пәкістан – және әр қайсысына доминион мәртебесін беретіндігін (яғни өзін өзі басқаруға құқық беру) жариялады. Пәкістанға мұсылмандық тұрғындары бар бөлігі өтті, Үндістанға – индуизмге құлшылық ететін тұрғындары бар жерлер өтті. Үндістан үкіметінің бірінші басшысы болып ұлт азаттық қозғалыстың атақты қайраткері Д.Неру, ал Пәкістан үкіметінікі – Мұсылман лигасының басшысы Лиакат Али Хан болды. 1950 жылы Үндістан доминион мәртебесінен бас тартып, өзін республика деп жариялады. 1956 жылы Пәкістан республика болып жарияланды.

40 жылдары француз және голланд отарлары тәуелсіздікке қол жеткізілді. 1946 жылы Франция Сирия мен Ливанның тәуелсіздіктерін мақұлдап, осы елдерден әскерлерін шығаруға мәжбүр болды. Француздық империя ағылшындық секілді француздық одақ деп атын өзгертті. Бұл жерде барлық мүшелер ресми түрде тең құқықтар мен міндеткерлітер иеленуге тиіс болды.

1947 жылы Голландия Индонезия республикасын мойындады. Бірақ та Индонезияның басқа бір бөлігін голландық әскерлер жаулап алып, өз бақылауларында ұстауға ұмтылды.

Отарлардың азат болуы осы мемлекеттердегі ұлт азаттық рев\рының жеңісін білдірді. Ол отарлау жүйесі құлауының бастамасы болды.

Таяу және Орта Шығыста 50 жылдардың аяғы-60 ж ІІ жартысында үлкен өзгерістре орын алды. 1958 жылы Ирактағы пробатыстық режим құлап, республикалық құрылым орнайды. Ирак өзінің ішкі келеңсіздіктеріне қарамастан Лондонмен байланысын үзіп дербес бағыт жүргізе бастады. 1962 жылы Йемен монархиясы құлады.

Соғыстан кейінгі ең ауыр қақтығыстардың бірі Палестинада пайда болды. БҰҰ БА 1947 ж қарашадағы Палестина аумағындағы Англияның қол астында еврей және араб мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1948 жылы мамырда Израиль мемлекеті жарияланды. Бұл өз кезегінде жағдайды қиындатып, араб мемлекеттерімен соғысқа алып келді.

Отарлардың бір бөлігіне тәуелсіздіктерін бере отырып, батыс державалары басқаларын күшпен ұстауға ұмтылды. Голландия, Англия және Францияның бұрынғы отарлық иеліктерінде жүргізген соғыстары басталды: Индонезия, Малая Үндіқытай.

Индонезияның тәуелісздігін сөзбен мойындаған голландықтар 1947 жылы ультиматум қойып, біріккен «федералды» голланд Индонезия үкіметін құруды талап етті. Бұл жерде Голландяи шешуші роль атқаруы тиіс болды. Ал Индонезия бұдан бас тартты. Индонезияда орын тепкен голланд әскерлері екі жылға созылған әскери іс қимылдарды бастады. Тек 1949 жылы қарашадағы Индонезия халқының жаппай қарсылығы және әлемдік қауымдастықтың қолдау нәтижесінде Голландияны Индонезияны тәуелсіз мемлекет деп мойындады.

Малайада ағылшын әскерлері өз биліктерін орнатты. Сингапур қаласын Малайадан бөліп, оны дербес аумақтық бірлік деп жариялады. Малайлық патриоттар колонизаторларға қарсы партизан соғысын бастады. Ол 1955 жылға дейін жалғасты. Тек 1956 жылдың көктемінде ғана ағылшын үкіметі Малаяның тәуелсіздігін мойындайтығын мәлімдеді. 1957 жылы тамызда тәуелсіздігін ресми түрде жариялады.

Үндіқытайдағы француз отарлаушыларының соғысы ең ұзаққа созылған қанды шайқас болды. Үндіқытай аумағындағы Вьетнам, Лаос және Камбоджа орналасқан. Бұл соғыс 1946 жылдан 1954 жылға дейін 8 жылға созылған еді. соғыс барысында колонизаторлар Вьетнам, Лаос және Камбоджада өз бақылауларында қуыршақ үкіметтер құрып, саяси маневрлерін кеңінен қолданды. 1949 жылы француз үкіметі француз одағы аясында оңтүстік Вьетнам, Лаос және Камбоджаға тәуелсіздік беру туралы мәлімдеді. Бұл мемлекеттер өзін өзі басқару құқығын алғанымен, француздық әскерлері әлі де олардың аумағында қалып, қарулы күштері мен сыртқы саясатын бақылап отырды.

Француз колонизаторларының Демократиялық Вьетнам республикасына қарсы соғысы жеңіліспен аяқталынды.

1954 ж шілдеде Женевадағы КСРО, АҚШ, Англия, Франция, ҚХР және демократиялық Вьетнам респ\ң СІМ кеңесінде Үндіқытайдағы әскери іс қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Вьетнам аумағы 17 параллель бойынша бөлінді: солт – демокр Вьетнам респ, оңт- оңт Вьетнам үк\ң әскерлері қоныстанды. Женева келісімдері толығымен жүзеге аспады. Алайда Үндіқытайдағы соғысты аяқтап, Үндіқыт түб\гі елдердің тәуелс\ке қол жеткізілуіне мүмкіндік жасады. Франция Вьетнам, Лаос, Камбоджаның тәуелс\рін нақты мойындады және өз әскерлерін шығарды.

Отарлаушыларға қарсы табанды күресті солт Африка елдері жүргізді. 1951 жылы бұрынғы Италия отары Ливия тәуелс\ке қол жеткізді. 1952 ж Египетте антиимпери\к және антифеод\қ рев\я орын алды. Монархия құлатылды. Билікке Г.Насер басқарған офицерлік топ келді.

Солт.Африкадағы француз отарлары Марокко және Тунисте тәуелс\к үшін күрестер бой көтере бастады. 1956 ж олар тәуелс\ке қол жеткізді. Француз отарлаушылардың қол астында болған Алжирде 1954 ж қарулы көтерілістер басталды. Француз үкіметі оларды күшпен басып жаншуға ұмтылды, сөйтіп Алжирде 8 жылға созылған отарлық соғыс басталды.

1950 жылдары ортасында көптеген Африка мемлекеттері тәуелс\к алды: 1956-Судан, Марокко, Тунис. 1957 ж Кана тәуелсіз\ке қол жеткізді. 1958 ж күзде Гвинея халқы Францияның жаңа конституциясынан бас тартып, өз егеменді мем\рін құрды.

50 жылдары аяғы 60 ж басында Африка контиентінің барлығында дерлік тәуелс\к үшін күрестер бой көтерді. 1957 ж бұрынғы ағылшын отары тропикалық Африкадағы алғашқы тәуелсіз мем\ке айналды. Француздық Батыс Африка мен француздық экваторлық Африка отарлары да тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. Экваторлық Африкадағы отарлық жүйенің күйреуі жаңа мем\ң пайда болуына алып келді. Того мен Камерун тәуелс\рін алды.

1960 ж (тарихқа «Африка жылы» деп енген) 17 Африка мем\ті тәу\рін жариялады. 60 жылдары Шығыс және Орт Африка елдері де отарлық тәуелділіктен азат болды. 1961 ж ағылшын отарлары Сьерра Леон және Танганика дербестігін жариялады, 1962 ж – Руанда, Бурунди, Уганда, ал 1963 ж – Кения, Занзибара. 1964 ж ортасында Африкада отыз бес тәуелс мем пайда болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]