Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

13.1815 Жылғы Вена Конгресі

Наполеон соғыстарынан кейін жаңа саяси тепе теңдік немесе жаңа еуропалық жүйе 1814 ж қырк 1815 ж маусым аралығында өткен Вена конгресінде негізі қаланды. Вена конгресі ұжымдық дипломатияның алғашқы көріністерінің бірі болды. Венаға барлық еур мем\ң (Түркиядан басқа) 216 өкілі жиналды. Олардың ішінде Ресей (І Александр), Ұл\я (СІМ лорд Кеслери, кейін Велингтон), Пруссия (министр през Гарденберг) және Австрия (І Франс, канцлер Меттерних) өкілдері бар. Франция делегациясын СІМ Талейран басқарды.

Конгрес жұмысында І Александр патша үлкен роль атқарды. Конгресті басқару Ресей мен Англияға жүктелді, себебі олар Наполеон империясын құлатқан коалицияның басында тұрған еді.

Жеңуші мем\ң бірінші мақсаты Наполеон үстемдігі кезінде бурж\қ реформалар жүргізген мем\де помещиктік дворян үстемдігін қайта орнату болды. С.қ Талейран ұсынған лигитимизм қағидасы б\ша Фр ХҮІІІ ғ аяғы ХІХғ басында басып алған мем\де бұрынғы династияларды қайта орнатуға ұмтылды.

Одақтас державалардың екінші мақсаты Фр\ны жеңгендіктерін күшейту және нығайту,Фр\да бүкіл еуропаны жаулап алатын басқыншылық саясаттың қайта туындалмауына жол бермеу болды.

Үшінші мақсат – өз аумақтық шағымдарын қанағаттандыру, яғни еуропа аумақтары мен отарларды өз мүдделеріне сай бөлініске салу еді. Фр\мен соғыс кезінде бір одаққа біріккен Англ, Рес, Австрия және Пруссия Фр\ны жеңгеннен кейінгі көптеген х\қ мәселелерде ұстанымдары алшақтап кетті. Англ ең алдымен өзінің теңіз және сауда үстемдігін нығайтуға және кеңейтуге ұмтылды. Англияның өз отарлары өндіріс пен өнерк шикізаты үшін жеткілікті рынок бола алмады. Сол себептен де Англия басқа мем\ң қарамағындағы теңіз иеліктерін жаулап алуға ұмтылды. Англия өзінің әлемдегі орнын бекіту үшін Фр мен Рес\ді бейтараптандыру керек болды. Бұл державаның біріншісі өзінің флоты және саудасымен үлкен қауіп төндірді, ал екіншісі оны шығ\тан ығыстыруға қауіп төндірді. С.қ Англ Германияның бірігуінен қауіптенді, сол себепті де Пруссияның күшеюіне қарсы болды. Австрияның мүдделері Англ\мен байланысты болды. Ал Рес\ң мүдделері болса, Англ жоспарларына қарама қайшы болды. І Александр Фридрих Вильгельм королімен тығыз достық қатынаста болды, сол себепті Пруссияның жаңа аумақтарды иелену жоспарына қарсы болған жоқ. Пруссия Герм\да гегемонияға жету ұмтылысын ашық көрсетпесе де, конгресте өз іс қимылдарымен осыған жетуге ұмтылды. Бұрынғы одақтас мем\р арасындағы қарама қайшылықтар айқын көрініс тапты. Мұны жеңілуші мем Фр шебер қолданды. Фр делегациясын басқарған Талейран лигитимизм қағидасын жариялап, Венадағы бірден бір әділдіктің қорғаушысы болды. Лигитизм принципінің мәні келесідей: Вена конгресіне жиналған Еуропа жерлерді қайта бөліп, аумақтық шекараларды өзгертуде 1972 ж басына дейінгі, яғни рев\қ соғыстар басталғанға дейінгі бұзылмаған заңды күйінде қалдыру. Егер осы қағида қабылданатын болса, Фр өз аумақтық тұтастығын сақтап қалар еді, ал Пруссия мен Рес өз аумақтарны кеңейту ұмтылыстарынан шектеліп қалар еді. Талейран Меттернихпен және Кеслеримен алдын ала уағдаласып қойды, олар да Польша мен Рес, ал Саксонияның Пруссияға өтуін қаламайды.

Ішкі талас тартыстың кесірінен конгрес жұмысы алға баспады. Наполен соғысы нәт\де қол жеткізген Рес\ң ықпалын шектеуге ұмтылған Кеслери мен Меттерних Фр\мен құпия одақ құруға дейін барды. 1815 ж 3 қаңтарда түш ел өкілдерінің арасында құпия келісімге қол қойылды. Ол Рес мен Пруссияға қарсы бағытталды, Австрия, Фр және Англ\ны бірнеше державалар тарапынан қауіп төнсе, бір біріне көмектесуге міндеттелді. Бұл құпия шарт Саксон жобасына қарсылықты одан сайын күшейтті. Александрдың алдында соғыс не болмаса, түсіп беру жолы тұрды. Польша да өз қалағанын алған соң, Александр Пруссия үшін соғысуды қаламады. Ол Пруссияға Саксонияның бір ғана бөлігін беруге келісті. Александр мен Меттерних Герм\ғы феодалдық бытыраңқылықты дұрыс деп санады. Англия да осы ұстанымда болды. Пруссия қанша күрессе де әлсіздік танытты. Меттерних жоспарына сай конгрес «Герман одағы» деген атқа ие ұйым құруға бел буды. Бұл ұйымды басқару үшін «Германдық сеим» құрылды. Бұл одақ Герман халқының бірігуне емес, керісінше оның бытыраңқы болып қалуы үшін құрылды. Бұл жерде Австрия шешуші рольге ие еді.

Конгрес өз жұмысының қорытындысын шығаратын кезде, күтпеген оқиғаға тап болды. 1815 ж 1наурызда Наполеон Фр\ға басып кірді. 20 наурызда Наполеон Парижге енді. Король қашып кетті. Наполеон корольдің бөлмесінен Тлейран жіберген үш ел арасындағы құпия құжатты тауып алып, Александр І ге жіберді. Александр шартпен танысып, Ресйеге қарсы бағыталғанына қарамастан, Меттернихке «Біздің ортақ жауымыз – Наполеон» деп мәлімдеді. 1815 ж. Ватерлода Наполеон жеңіліс тапқаннан кейін, Фр\да Бурбон дин\ң екінші реставрациясы орын алды.

Ватерлодағы шайқасқа дейін, 1815 ж. 9 маусымда Вена конгр\ң соңғы отырысы орын алды, сондай ақ, Қорытынды актіге қол қойылды.

Вена конгр\ң трактатына сай, Бельгияны жаңа голланд короліне сыйға тартты; Данияға Шлезвигтен басқа, тағы неміс Гольштинияны берді; Австрияға итал\қ тұрғындары бар Ломбардия мен Венецияны берді; Германия 38 дербес мем\рімен бытыраңқы болып қалды. Польша тағы үш бөлікке бөлінді, бұрынғы Варшава герцогтігінде жаңа Польша корольдігі құрылд. Ол конгрестің шешіміне сай тығыз қарым қатынаста болу керек. Познань, Гданск(Данциг) және Торун Пруссияға, ал бат Украина (Галиция) Австрия иелігінде қалды. Краков қаласы Рес, Австрия және Пруссияның қарамағындағы еркін, тәуелсіз, бейтарап қала болып қалды.

Пруссия айырылған Польша жерлеріне өтемақы ретінде Саксонияның солт бөлігі, Рюген аралы және шведтік Померанияны, ал бат\та Рейн, Вестваль облысын алды.

Австрия Тироль, Вальтелина, Триест, Далмация және Иллирияны алып, күшейе бастады. Моденде, Тосканда және Пармада І Франц императорының туысқандарын таққа қойып тастады.

Екі күшті еуропалық державалар Англия мен Рес Фр\мен ұзақ уақыт соғыстан қуатты және күшті болып шықты. Олардың біріншісі отарлық иеліктерін одан сайын кеңейтті. Ең басты бәсекелесі – Францияны ығыстырып, толығымен «теңіз үстемдігіне» ие болып қалды. Әсіресе, Мальта және Ион аралдарында британ үстемдігінің орын алуы үлкен мәнге ие болды.

Патшалық Ресей наполеондық Фр\мен соғысынан Варшава герцогы, Финляндия және Бессарабия жерлерінің есебінен кеңейіп шықты. Негізгі саяси және территориялық мәселелердің шешімінен басқа, Вена конгресі қосымша тағы акт түрінде « қара нәсілділерді сатумен айналысуды жою турыл державалар Декларациясын» қабылдады, ол осы конгресте ерекше орынға ие болды. Ол 1815 ж 8 ақпанда қабылданды, сонымен қатар1815 ж 19 наур қабылданған «Дипломатиялық өкілдердің рангілері туралы ереже» болды. Бұл қаулылар ХҮІІІ ғ\ғы дипломатиялық тәжірибедегі үлкенділік туралы шексіз қақтығыстар мен дауларға нүкте қойды. Рангілер келесідей тәртіппен орындалу тиіс:

1. Елші, папа легаты және нунция

2. Кіші елші

3. Сенімді уәкіл

Кешірек 1818 жылы осы үш рангіге қоса, кіші елші мен сенімді уәкілдің арасына министр резиденті рангі қосылды.

Вена конгресі Наполеон соғыстарынан кейін әлемде жаңа күштер балансын бекітті. Конгресте қалыптасқан қатынастар жүйесі 1815 қыркүйекте Қасиетті Одақтың құрылуымен толықтырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]