Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

24.Қр мен ео арасындағы қарым/қатынастар

Еропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы б.т. Қазіргі уақытта ЕОға қарағанда анағұрлым дамыған сауда/экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелеріндегі, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту процессіндегі ЕОның өсе түсіп отырған ролі ЕОға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат өзара іс/қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру. ҚР мен ЕО арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар 1993ж 2ақпанда орнатылды. 1993ж желтоқсанда Брюссельдегі ЕО жанынан ҚРдың Өкілдігі ашылды.

1994ж қарашада Алматыда Еропалық Комиссияның Өкілдігі ашылды. ҚР мен ЕО арасындағы қарым қатынастар 17 жылдан бері қарқынды және бірізді дамып келуде. Өзара түсіністікке екі жақты диалогтар жолымен қол жеткізілуде. Екі жақты қарым қатынастардың қарқындылығы екіжақты кездесулердің дәрежесі және олардың тұрақты және жиі орын алуымен сипатталады. ЕО басқа әлемдік Орталық Азияда мүдделері мен қажетті жобалары бар державаларға қарағанда интеграционистік жобаны ұсынады. Бұның негізінде ЕО елдерінің бірегей Орталық Азия кеңістігін құру идеясы жатыр. ЕО Орталық Азия мемлекеттерінің өзін өзі идентификациялау және интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне ықпалдасуда. Қазақстандық эконмикалық жетістіктері мен осында жүргізіліп жатқан реформаларға позитивті баға бере отырып, Қазақстанды аймақтағы тұрақтылық пен аймақтық бірлестікті жүзеге асырушы ОАдағы шартсыз көшбасшы ретінде таниды. ОАны ЕОның серіктесі ретінде мүмкіншілігін тқарастырғанда Қазақстанның маңыздылығын ОАдағы еуропалық құндылықтарды және мүдделерді жүргізуші ретінде анықтайды. Өз кезегінде ҚР-ЕО қарым қатынастары қазақстандық жақтан серіктестік деп бағаланады.

Қазақстан Батыс Еуропа елдерімен егемендікті ж/е аумақтық тұтастықты құрмет тұту, бір/біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне араласпау, күш қолданбау және күш қолдану қаупін болдырмау, теңдік әрі өзара тиімділік принциптерін баяндайтын саяси шарттар жасасты. ЕО елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық/құқықтық базасы екі жақты сауда/экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал етеді. Біздің еліміздің экономикасын құрылымдық қайта құруға ж/е оның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға белсенді түрде қатысып жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айрықша маңызды. МЫС: Австрия мен ГФР 1993ж кредиттік желілерін ашты. 1993 ж күшіне енген Маастрихт шартында ЕОның с.с/ның негізгі мақсаттары: демократияны дамыту мен нығайту, заңның үстемдігі, адам құқығы мен негізгі бостандықтарын құрмет тұту б.т. көрсетілген. Сондықтан біздің еліміздің демократиялық реформалар процессіне байланысты мәселелер барлық уақытта қазақстандық/еуропалық қатынастардың басты назарында болады.

ҚР мен ЕО арасындағы техникалық ынтымақтастық бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда. МЫС: ИНТАС (ТМД елдерінің ғылымдарын қолдау жөн. х/а қауымдастық), КОПЕРНИКУС, Европартенариат ж/е т.б. ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету бағдарламасы) 1991ж бастап және ТЕМПУС (білім саласында ЕО тарапынан көмек көрсету бағдарламасы) 1994ж бастап жұмыс істеуде. Ұлттық бағдарламалармен қатар ТАСИС шеңберіндегі ынтымақтастық бірқатар аймақтық бағдарламалар б/ша да жүзеге асырылады, олар экономи/қ байланыстарды қалпына келтіруге, сауда/саттықты дамытуға, көліктік ж/е энергетикалық желілерді кеңейтуге бағытталған. Олардың бірі ОА ж/е Закавказье елдерінің сауда/саттық ж/е коммуникациялық мүмкіндіктерін дамытуға қызмет ететін ТРАСЕКА (Еуропа-Кавказ-Азия) жобасы. 1995ж басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекетаралық бағдарламасы Энергетика саласында инфрақұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған.

1995ж 23 қаңтарда (1999ж 1шілдеде күшіне енді) Президент Н.Назарбаев Брюссельде ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 2000ж шілдеде Брюссельде өткен Ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысының нәтижесінде Еуропалық тарап Арал теңізі мен Семей полигоны аймақтарының проблемаларын шешу үшін ТАСИС желісі б/ша бөлінетін техникалық көмек көлемін ұлғайтутуралы Қазақстанның ұсынысмен келісті.

Бүгінгі таңда тұрақты негізде екі жақты форматта әртүрлі саладағы әртүрлі жобаларды іске асыруға бағытталған келесі құрылымдар қызмет атқарады: 1.Министрлер деңгейіндегі ЕО ҚР ынтымақтастық жөн. Кеңес; (бұл кеңестің шеңберінде ОА елдерінің шекараларын басқару жөн. аймақтық жоба іске қосылған болатын); 2. Жоғарғы шенеуніктер деңгейіндегі ынтымақтастық жөн. Комитет ( мұнда сәйкесінше комитет асты құрылымдар құрылған); 3.ҚР-ЕО парламенттік ынтымақтастық Комитеті. 2001жылғы АҚШта орын алған жағдайдан кейін батыстық әлем ОАға деген қызығушылығын қайта жандандырды. Бұл өз кезегінде ЕО мен ҚР арасындағы қатынастарының 2004ж бастап қайта жандануынан көрініс тапты. ҚР Еуорпаның ОАдағы ірі сауда/экономикалық әріптесіне айналды, мұның өзі айтарлықтай деңгейде біздің ішкі саяси тұрақтылығымызға байланысты мүмкін болады. ЕОмен ынтымақтастықтың ерекше маңызы сондай/ақ ЕОның Еуропадағы түрлі құрылымдармен ж/е бірлестіктермен интеграциясының жоғары деңгейіне байланысты ( қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, ғарыш ж/е т.б. салаларда). Есірткілердің саудасы мен таралуына қарсы күрес проблемасының х/а сипатын ескеретін болсақ, ЕО бастамашысы болған , Есірткілерге бақылау жасау жөн. ЕО мен ОА мемлекеттері арасындағы іс/қимыл жоспарын іске асыруға Қазақстанның қатысуы өзекті б.т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]