Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

45.Версаль-Вашингтон жүйесінің құрылуы

1. Империялық елдер арасындағы қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешуге мүмкіндік туды.

2. қару жарақты қысқарту

3. х/а ұйым Ұлттар Лигасы құрылды.

4. Версаль бітімі империялық елдердің агрессиялық саясатын тежеді.

5. Кеңестік Ресейге қарсы «санитарлы кардон» саясаты ұстанды

6. Х/а қатынастарда жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа х/қ-да өзгерістер алып келді. Балқан түбегі екі ғасырдан астам уақыт бойы Еуропаның «оқ-дәрі толы бөшкесі» деп аталып келді. Орта ғасырларда Косово мен Метохияда ортағасырлық сербтік мемлекеттің негізі қаланып, XIV ғасырдан 1767 жылға дейін бұл жерде сербтік патриархтың престолы орналасты. ( Печ қаласының маңында). Сол себептен сербтердің Косово мен Метохия территориясына көз салуы тарихи ???ы? негізіне сүйенеді.Ал, албандықтар болса өз кезегінде этникалық басымдылық ???ы?ыны? мойындалуын талап етеді.қазіргі таңда аумақта көбінесе этникалық албандықтар қоныстанған (90% жоғары).Косоводағы екі миллион халықтың ішінде сербтер 100 мың (6%) құрайды.Тарихи тұрғыда албандықтар Косовода бұрыннан бері тұрады, бірақ XX ғасырға дейін олардың саны өте аз болды. Аймақтық этникалық құрамы Екінші дүниежүзілік соғыстан Иосип Броз Тито соғыс барысында Югославия территориясындағы албандықтарға Косовода қала беруге рұқсат еткеннен кейін өзгере бастады. 90-ж\рға дейін Балқан түбегін ?ыры? ??рау халықтан тұратын Югославия мемлекеті тұтастай алып жатты. 1991ж Югославиядан Словения «еншісін» алып шыққанда Белград оған танкімен басып кіргенімен, еш қайран қыла алмады. Югославияның мұрагері сербтер еді. Демократияшыл Батысқа ?сіреұлтшыл сербтердің өзге аймақтарға басқыншылық әрекеттері ұнаған емес. Ана бір жылдары НАТО хатшысы Хавьер Солананың Белградты бомбаның астына алды. 1999ж НАТО-ның бітімгершілік әскерінің күшімен Косово аймағынан Слободан Милошевичтің әскері қуылды. Косово сол жылдан бастап БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарары бойынша бір мезетте Сербияның құрамындағы өлке және БҰҰ бақылауындағы өзін-өзі басқаратын автономиялық провинция болып саналды. Алайда әлемде 193-мемлекет ретінде аталған дені мұсылман Косово елінің тәуелсіздігі аз ұлттарды қан қақсатқан империялар үшін қорқыныш, азаттыққа талпынған ұлттар үшін үлгі-өнеге болып тұр. Косово — батыстық құндылықтарға арқа сүйейтін бірден-бір мұсылман мемлекеті.

Косово 20 жыл бойы азаттық жолындағы күресте мұратына жетті. Әрине, АҚШ және Еуроодақтың қолдап-қолпаштауымен. Осы кезге дейін жүргізілген халықаралық келісімдерде Сербия еркін автономия, ал Косово тәуелсіздіктің кез келген формасы үшін жан алысып, жан берісіп бақты. Алайда тәуелсіздік 20 жыл бойы төгілген қанның өтеуі ме, әлде дүние бөліске мүдделі алпауыттардың «тартуы ма?» Ол жағын нақты бағамдау қиын. Сарапшыларға сенсек, тәуелсіздіктің сценарийі алдын ала жоспарланған. Мәселен, Косовоның қызыл туын Түркияның «Сабах» баспасы дайындапты. Косово жетекшілерінің түркиялық компанияға 30 мың ту дайындауға тапсырыс бергені мәлім болды. Тәуелсіздік декларациясы да шынайы демократиялық құндылықтармен «тұздалғанға» ұқсайды. Ресей Думасының депутаты Виктор Заварзин: «Косовоның тәуелсіздік декларациясы қандай заңнамалық негіздерге сүйеніп жасалғаны мүлде түсініксіз. Бұл АҚШ мемлекеттік департаментінің қолымен әзірленген декларация», — деген күмәнді ойын білдірді. Түркияның мұсылманшылықпен қол созғаны түсінікті, ал ислам әлемінің ортақ жауы саналатын АҚШ-тың жаңа мұсылман мемлекетіне бүйрегі бұра қалғаны қалай? Аз-маз ауыл шаруашылығынан басқа байлықтан жұрдай Косоводан АҚШ-қа келіп-кетер пайда да шамалы. Бәлкім, бұл АҚШ-тың сепаратизм «сырқатына шалдыққан» алып елдерге көрсеткен қыры шығар. Қалай дегенмен Косово тәуелсіздігі — НАТО мен АҚШ-тың Ахтисаари жоспарының жемісі. Әзірше Еуроодақ пен НАТО Косоводағы қауіпсіздікті сақтау жауапкершілігін өз мойнына алып отыр. Тәуелсіз Косово халықаралық құқық және БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарарына сай, Еуроодақтың протектораты болып қала береді. Ұлттар құқығы мемлекеттерден маңызды деген желеумен «үй ішінен үй тігетін» Косово синдромы әлемдегі сепаратизм сырқаты бар елдерге «жұғуы» әбден мүмкін. Ертең «бұғаудағы» күптеген халықтар «біз кімнен кембіз?» деп желігіп шыға келмек. Саясаттанушы Александр Князев: «Егер БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Приштина парламентінің тәуелсіздік туралы декларациясының күшін жоймайтын болса, әлемдегі 200-ден астам танылмаған мемлекеттердің тәуелсіздігін тануға тура келеді», — деген пікір білдірді. Косово тәуелсіздігі біреуге қуаныш, біреуге қайғы. Шыңжаң мен Тайвань мәселесі¬мен үрейленіп жүрген алып қытайға да жайсыз тиетіні жасырын емес. Жалпы, Косово мәселесі ТМД елдері ішінде Әзірбайжан, Армения, Грузия, Молдавия, Украина және Ресей үшін қолайлы емес. Қазірдің өзінде Кавказ аймағындағы тәуелсіздігі танылмаған елдердің көсемдеріне жел біте бастапты. Абхазия президенті Сергей Багапш «Косовоға қарағанда біздің тәуелсіздік алуға құқымыз зор», — деп желкесін күжірейтіп шыға келді. Косовоның артында Тайвань, Солтүстік Кипр түрік республикасы, Сомалиленд, Приднестровье, Абхазия мен Оңтүстік Осетия, Таулы Карабах, Вазиристан, Тамил-Илам сияқты жүздеген тәуелсіздігі мойындалмаған елдердің халық күші келе жатыр. Енді әлемде тәуелсіздігі танылмаған мемлекеттер «ояна» бастаса, онда Косово синдромы жұқты дей беріңіз. Өйткені Косово синдромы біреуге бүлік, біреуге бағыт. Биполярлық жүйе «Қырғи қабақ» соғысы кезінде пайда болды. Әлемде 2 держава, яғни АҚШ пен КСРО өзінің әлемдегі ықпалын күшейту, ядролық қару жағынан бәсекелес болды. Э.Я. Баталовтың айтуы бойынша, «бір жүйе шеңберінде тек қана екі қарама қарсы күштер орталығы, екі полюс ғана болады» дейді.

Екі полюстер арасындағы едәуір дұшпандық қалып;

Қарама қарсы блоктың ықпалын төмендетуге ұмтылыс;

Жаңа мүшелерді қабылдау арқылы өз ықпалын күшейту;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]