Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

57.Дип.Сұхбат:дайындау,сипаттамасы,жазу және кескіндеу

Сұхбаттағы протоколдық нормалар қалыптасқан көпшілік мемлекеттерге тән болып келеді. Мысалы,

 Сұхбаттта үшбұрышты форма қалыптастырып, қарама қарсы, бетпе бет отыруға болмайды(сұхбат түрі бетпебет аталса да)

 Сұхбатты жүргізуші тараптардың тулары ортада алмастыра орналастырылады.

 Серіктестер Сұхбаттың сипатына қарай киінеді.

 Сұхбат болатын ғимаратқа делегация үлкендік ережесі бойынша еніп, тиісті орындарына жайғасады.

 Сұхбаттасушылар аудармашымен қамтамасыз етіледі, олар оң жақтағы сұхбатшының оң, сол жақтағы сұхбатшының сол жағына жайғастырылады.

 Сұхбат жазбасын жүргізетіндер міндетті түрде сұхбат жүргізушіден дәрежесі төмен тұлға болуы тиіс.

 Сұхбат жазбасын жүргізушілер ұзына бойы тізіліп, өз делегациясынан сұхбатқа қатысушы тарапынан отырады.

 Сұхбат жазбашыларына басысушы ( диктофон. плеер т.б.) апараттар қолдануға тиым салынады. Алайда көбіне “ереже бұзу үшін жасалады” қағидасы жүзеге асады.

 Келіссөз, сұхбаттан кейін қол алысады

 Естелік пен БАҚ үшін суретке түседі

 БАҚ қа арналған брифинг өтеді. Онда келіссөздің қысқаша мәтіні, күтілетін өзгерістер жайлы айтылып, журналистер сұрағына жауап беріледі.

Кез келген сұхбаттағы негізгі мақсат үкімет тарпынан өзіне жүктелген қызметті дәрежесінде атқару, ақпарат алу, берілген мәселеге серіктестің көзін жеткізу, практикалық сұрақтарды талқылау. сұхбат жемісті аяқталғанына шартты түрде LAST ( listening apologize solve thanks ) кепіл бола алады. Яки, алдымен сұхбаттағы серіктесіңізді мұқият тыңдап, сұхбат барысында туындаған түсінбеушіліктерге кешірім сұрап, мақсат етілген сұрақ, мәселені шешіп, келгені үшін рақмет айтып, ризашылық білдіру болып табылады. Менімше өте дұрыс айтылған кеңес, себебі тыңдау арқылы тоқетері нені меңзеп отырғанын біле аласыз, әрі оны ой елегінен өткізуге мүмкіндік аласыз.

Сұхбат қашанда пікірталас, диалог деңгейінде жүріп, айтысқа айналмау тиіс. Күшейтпелі шырай мен теңеу, метафораларсыз қарапйым тілде сөйлеген жөн. Сұхбат барысында жеңіл әзілдерге жол беріп отырған орынды, өйткені бұл сергектікке, әрі достық атмосферасына ықпал етуші фактор ретінде үлкен рөл ойнайды.Бастыс әзілді мысқылға айналдырмау.Сұхбат барысында серіктестің тілін жақсы білмеген жағдайда сол тілде сөйлеуге тырыспай-ақ аудармашының көмегіне жүгінген дұрыс. Өйткені көп мағыналы, омоним сөздерді немесе тұрақты сөз тіркестерін қолдану нәтижесінде көптеген түсінбеушіліктер туындауы мүмкін.

Бетпе бет сұхбатта серіктесіңізге дұрыс көңіл бөле біліңіз. Сұхбаттас адамның көзіне тік қарауға тырысыңыз( күн көзіне арналған көзілдірік шешілуі тиіс) ,бұл әсіресе,Еуропа, Америка,Аустралияда өте маңызды. Өйткені көз көңілдің айнасы деп тегін айтылмаған, көз арқылы көп ақпарат алуға болады. Алайда адам тік қарамаса міндетті түрде күмән туғызуы тиіс емес, кейбіреулер табиғатынан ұяң, жасқаншақ болып келеді. Бірақ тесіле қарау да әдепсіздік болатынын ескере кеткен жөн. Мысалы, Азия мен Африка елдерінде жасы үлкенге немесе әйел адамға тік қарамайды, себебі бұл оларға деген құрметсіздіктің белгісі болып есептеледі.

Сұхбатты жүргізу – жұмыстың жартысы ғана. Одан кейін сұхбат жазбасы түрінде, күнделіктегі айлық сұхбат жөніндегі жазба немесе елшіге қол қоюға жіберілетін телеграмма ретінде есеп беріледі. Егер сұхбат өте маңызды болатын болса, үш құжат та жазылады. Дипломатия – жазбаша өнер. Басқа мамандықтар сияқты өзінің тілі, стилі болады. Сұхбат жазбасын елшілер де, дипломатиялық қызметкерлер де жасайды. Әрине, елшілер өзге дипломаттарға қарағанда сұхбатты сирек жазады. Сұхбат жүргізудің кейбір фиксирленген тәртіптері бар. Жоғарыда сол жағынан: "Мынадай адамның күнделігінен (Мысалыға, Жамалбаева П.Т.). Кейін тақырып ретінде: елші Ибрагимов С.Т.-ның сыртқы істер министрі ...(фамилия) арасындағы сұхбаттың жазбасы, 12 тамыз 2006 жыл. Сұхбаттың соңында – қызметін көрсету, аты-жөні, қолы.

Сол жақ бұрышына сұхбат жазбасы жіберілетін адамның, немесе бөлімнің аты.

Сұхбаттар пьеса, сценарий түрінде де жазылады. Мұндай сұхбаттар сирек жазылады, негізінен ең жоғары дәрежедегі кездесулерде және сұхбат жүргізушінің сұранысымен немесе келісімімен жазылады.

Кез келген сұхбат дипломаттан жоғарғы шеберлілікті, нақты дайындықты талап етеді. Дипломат келіссөздерді шебер жүргізіп, жағдайды анализдей отырып, интеллектуалды жан-жақты дайын болуы қажет. Сұхбат барысында өз әріптесіңді ұтқаннан бұрын сендіруге әрекет жасау керек. Г. Никольсон айтқандай, келіссөздер (сұхбаттар) ешқашан дауға айналмау керек, олар дискуссия, диалалог дәрежесінде өтуі қажет. Кальердің айтуы бойынша, дипломат сұхбат жүргізу барысында күтеген сұрақтарға жауап қайтару үшін тапқырлылық өнеріне ие болуы керек.

Сұхбатты жүргізу методтарына қарай оларды шартты түрде ьылай бөлуге болады: а)қабылдаушы мемлекеттің өкілдерімен сіздің мемлекеттің басшылығының ресми тапсырмасы б\ша сұхбат; б)сіздің СІМ ресми тапсырмасы б\ша сұхбат; в)қабылдаушы мемлекеттің басшылығымен СІМгінің ресми шақыруы б\ша сұхбат; г)қабылдаушы мемлекеттердің өкілдерімен сіздің бастамаңыз б\ша н\н олардың ұсынысы б\ша сұхбат; д)ортақ қабылдаулардағы ресми мероприятиялардағы көрмелердегі сұхбат; е)үзілістердегі (ресми отырыстардын тыс) келісөздер кезіндегі (ресми емес н\е жартылай ресми) сұхбат; ж)театрға бару, кинофильм қарау, қонақ үйде астанадан кету кезінде ж\е басқа да қоғамдық орындардағы кездейсоқ сұхбат; з)күтпеген алдын ала болжанылмаған,тақырып белгілі болмаған сұхбат; и)телефонмен сұхбат.

Сұхбат өз кезегінде келіссөздерге дайындық, кейде тіпті оның бөлігі б.т.Дип\қ сұхбаттың негізгі мақсаты ақпарат алу н\е онымен алмасу б.т. Ол әртүрлі тақырыпта сұхбаттасушының пікірін білу, оның көзқарасымен танысу мақсатында жүргізіледі.

Сұхбат аяқталғаннан кейін дипломат сұхбат жазуы, бір айғы сұхбаттар жөніндегі күнделіктегі жазба, елшіге қол қоюға жіберілген телеграмманың жобасы түрінде н\е осы үш құжаттың барлығын да жазуы қажет. Сұхбаттың жазбаларын барлық дип\қ қызметкерлер, елшілерді де қоса жасайды. Сұхбат жазбасында негізгі мақсат берілген мазмұнға сәйкес мемлекеттің осы мәселеге б\ты саясатының мәнін, ұстанымдарын нақты жеткізу. Сұхбат барысындағы ақпаратты нақтылай және толығымен жеткізу үшін оны сұхбат өткеннен кейін көп уақыт өтпей жазған жөн. Әдетте, сұхбат жазбасы үшінші жақта жазылады. Сұхбат жазбасы сұхбаттың өзінің құрылымына сәйкес келмеуі мүмкін. Ең алдымен аса маңызды мәселе жазылады, егер бірнеше мәселе қарастырылған болса, олардың әрқайсысы номерленуі мүмкін. Бұл жерде ең қажеттісі шынайылық ж\е нақтылық. Сұхбат жазу тәртібі: сол жақ жоғары жағында «Фатима Нурлыкулованың күнделігінен.» одан кейін тақырып «12тамыз 1996жылғы СІМорынбасары (фамилия)мен елші (Жаманкулова Самал) сұхбат жазбасы. Сұхбат соңында қызметі көрсетіледі,фамилиясы ж\е қолы қойылды. Сол жақ бұрышында кімге бағытталған адам фамилиясы н\е бұл сұхбат жіберілетін бөлімдердің аттары жазылады.

58.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы дипломатиялық күреc.1914 ж.көктеміне қарай еуропалық мемлекеттер арасындағы қарама\қайшылықтар өте\мөте шиеленісе түсті.Қалыптасып жатқан жағдайдың күрделілігі белгілі бір дәрежеде тек қалыптасқан екі әскери\саяси топ Үштік одақ пен Үштік келісім арасында ғана емес,сонымен бірге әр топтың өз ішіндегі қайшылықтардың өсуімен анықталды. Үштік одақтан бойын аулақ салған Италия осы одақтың ыдырауын күшейтуге тырысты. Сондықтан Германияның әскери және саяси басқарушы топтары өздерінің Австрия\Венгриядағы ықпалының күшеюіне мүдделі болды. Бұл жамау империяны мекендеген халықтардың ұлттық қозғалыстарының өсуінен туындаған терең дағдарыстың алдында тұрды және оның басқарушы топтары империяның ыдырауының алдын алудың бір ғана жолы бар-қаруланудың өсуі және Сербияға, ал қажет болған жағдайда Ресейге қарсы превентивті соғыс деген қорытындыға келді. Бұл агрессиялық бағытты жүзеге асыруда Германия тарабы барлық жағынан өз қолдауын көрсетті, тіптен австрия\венгрияны әскери ж\е қарулы күштермен толық қамтамасыз ете бастады. Әскери қақтығыс үшін жалпы және жергілікті қарама\қайшылықтар жеткілікті болды.Көпке бармай Австралиялық эрцгерцог Фердинандтың Сараеводағы өлімінен кейін еуропалық державалардың қарулы қақтығысы аталмыш әлемдік сипаттағы соғысқа алып келді. Герман дипломатиясы: австриялық одақтасымен біріге отырып Сербияға қарсы соққы беріп,оңтүстік славяндардың бірігуін болдырмау және Балқанда өз ықпалын толық орнату,Гамбург империясынан Прасы шығанағына дейінгі аумақта өзінің саяси\эконом\қ ықпалын күшейту,Балқан түбіндегі және Кіші Азиядағы француз капиталының саяси ықпалын ығыстыру келешектерін ашты.Сонымен қатар,габсбург империясының,австро\герман одағының құлауына жол бермеу болды. Бұл кезеңдері герман дипломатиясы әлі де болса соғыс болған жағдайда,Италияның одақтық міндеткерлігін лоялды орындауына қол жеткіземіз деп санады.Алайда 1914ж шілденің ортасында Италия өзінің лоялдылығы үшін ірі компенсация талап ететіндігі жөнінде қорытындыға келді.Егер Франция мен Ресей шілде дағдарысы басталғаннан\ақ Англияның қолдауына ие болуға тырысса,Германия мен Австрия\Венгрия Англия тарапынан бейтараптық саясат уәдесіне қол жеткізуге ұмтылды.Герман дипломатиясының Англиямен жасасқан саудасы оған жетістік әкелмеді.Ұлыбритания Германиямен бақталастық күрес жолына түсті. Дағдарыс барысында Берлиннің саяси топтарында лғаш рет күмәндану болды.Ал Балқанда болса,соғыс оты тұтанып кетті.Еуропаның барлық елдерінде әскери дайындық жүргізілуде.Әрбір еуропалық мемлекет уақыт ұту,соғыс жауапкершілігін өзінің қарсылысына аудара салу үшін өз дайындығын жасыруға тырысты.1914ж 20маусымда Германияның келісімімен Австрия\Венгрия Сербияға қарсы соғыс бастайды.Орыс үкіметі мобилизациямен жауап берді.Германия тоқтатуын талап етеді,бірақ Ресей ол ультиматумды кері қайтарады.Сонымен,Германия Ресеймен соғысқа кіріседі.Германияда мобилизация бұрыннан және өте мұқият дайындалған болатын.Германияның Бас штабы Шлиффен жоспарын тезірек жүзеге асыру мақсатында Францияға кешіктермей бірден соғыс жариялауды талап етті.Мольт толықтырған Шлиффеннің жоспарын іске асырған герман әскері Бельгия жеріне кіреді және 3тамызда Германия Францияға соғыс жариялайды.Дәл осы уақытта ағылшын үкіметі де Германияға ультиматумдық нотаны бағыттайды,бірақ ол қабылданбады.Соғысқа еруопалық мемлекеттердің отарлары да тартылды. Сонымен соғыс дүниежүзілік сипат алады. Шиелініс теу еуропалық емес,Қиыр Шығыс мемлекеттері арасында туындады. Жапония Германияға Қиыр шығыс пен Тынық мұхитындағы отарларын тартып алу мақсатында соғыс жариляайды,сондай\ақ Қытайға 1915ж қаңтар айында Жапонияға ерекше экон\қ ж\е саяси артықшылықтар берілетін 21 талабын қояды.

Швейцария,Испания,Голландия,Дания,Швеция ж\е Норвегия сияқты бейтараптық танытқан мемлекеттер соғысушы мемлекеттердің бақталастығының айналды.АҚШ президенті В.Вильсон соғысып жатқандарға шиеліністі реттеу үшін өзінің делдал болғысы келетінін ұсынды,бірақ оның делдалдылығы қажет болмады,себебі екі жақта өздерінің жеңетініне нық сенімде болды. Осман империясы Германия жаққа шығып,ал египет Антанта жаққа шығады.1914ж Германия Франциямен бейбіт келісім жасауға тырысты,алайда Франция одан бас тартып,өзінің бейбіт шарттарына келесілерді кіргізді:Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алу,африкалық отарларға ие болу,Англияға гонновер корольдігін қосу,Дания Шлезвиг пен Гольштейнді қайтарып беру,Польшаны Ресейге қосу сияқты. Алайда герман дипломатиясы бұған әлсіз болды. 1915ж дипломатиялық күрес Италия жанында орнады.Ол алғашында бейтараптылық позициясын ұстанғанымен,кейін бірнеше жерлердің берілетін уәдесімен Антанта елдерінің жақтасы болады. Ізімен Үштік одақ қатарын кеңейту мақсатында Германия Болгария Сербияның,Түркияның,Грекияның бірнеше аумақтарын беру уәддесімен соғысқа тартады. Осылайша Австрия\Венгрия,Болгария,Германия ж\е Осман империясы қатысқан Төрттік одақ құрылады.Бірінші джсоғыстың бірінші кезеңі коалицияны бұзу мақсатында жауласқан елдердің бірімен оңаша келіссөздер жүргізуге ұмтылған германдық дипломатияның белсенділігімен сипатталды. Соығсушы тараптр үшін бейбіт мәселесі 1916ж туындады. Германия тарабы Антанта елдерінң біреуімен келесімге келуін шешті.1917ж Ресейде орнаған қазан революциясын пайдаланған Германия КО\мен келіссөздер жүргізе бастады.Антанта елдері бейбіт кезліссөзді болдырмау мақсатында соғыстың аяқталғаны туралы өз жоспарларын жасады. АҚШ президенті Вильсон 14тараудан тұратын «14пункт» бітім шарттарын ұсынды,олар:келісімдердің ашық болуы;теңіздердің еркіндігі;сауда еркіндігі;қару\жарақтарды қысқарту;отарлау мәселелерін әділ түрде реттеу;Ұлттар лигасын құру және т.б.Германия нәт\де Ресеймен Брест\Литовск бейбіт келісіміне 1918ж отырады. Бұл бойынша Ресей бірнеше жерлерінен айырылуға тура келді,алайда бұған қарамастан Ресей империясы Төрттік Одақ жағына өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]