Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

44.Көпжақты дипломатия

Әлемнің өзаратәуелділігі мен жаһандануы бірден көптеген қатысушылар мүдделеріне қатысты. 1 джс-қа дейін дипл-қ қызмет негізінен екіжақты негізде елшілік миссиялар алмасу жолымен жүзеге асырылса, бүгінгі таңда дипломатия көпжақты сипатқа ие, яғни мәселелерді талқылау мен шешуге екіден артық тараптың қатысуы. Нәтижесінде Дипломатияда тәуелсіз бағыт – көпжақты дипломатия немесе тар мағынада «конференциялық дипломатия» қалыптасты. көпжақты дипломатия, әсіресе көпжақты келіссөздердің дамуы «өзаратәуелділікті ұжымдық басқару» үшін мүмкіндіктер туғызуды қамтамасыз етеді.

Көпжақты дипломатия – х/а үкіметаралық ұйымдар жұмысымен, консультациялар мен келлісөздер өткізумен байланысты бірнеше мемлекет өкілдерінің қатысуымен өтетін дипломатиялық қызмет түрі. Көпжақты дипломатия мәні 2 джс-тан кейін БҰҰ, оның мамандандырылған мекемелерінің, бірқатар аймақтық ұйымдар және үкіметаралық институттардың құрылуы нәтижесінде өсті. Көпжақты дипломатияның кеңеюі үкіметаралық қатынастың жиілігінің өсуімен байланысты. Соғыстан кейінгі кезеңде орын алған едәуір саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің себепшісі негізінен ғылыми-техникалық революция жеделденуі болды. Саны өсіп келе жатқан жаһандық мәселелерді шешу үшін барлық мемлекеттердің бірігуі қажеттілігі туды. Сонымен қатар, «үшінші әлемнің» кедей елдердің басқа мемлекеттерде елшілік ұстауға мүмкіншілігі жоқ, сондықтан дипломатиялық қатынастарды асыру үшін олар х/а мемлекетаралық ұйымдарды қолданады.

XX ғ екінші жартысында көпжақты дипломатия формалары түрлендіріледі. Бұрын олар түрлі конгресстер шеңберіндегі келіссөздер үрдісімен шектелсе (мысалы, 1648 жылғы Вестфаль конгресі, Вена конгресі 1814-15 жж), қазір көпжақты дипломатия:

• х/а әмбебап (БҰҰ) және аймақтық (ЕҚЫҰ, араб мемлекеттері Лигасы, Африка бірлігі ұйымы, ИКҰ және басқалар) ұйымдар

• қайбір мәселені шешу үшін шақырылатын немесе құрылатын коференция, комиссия және т.с.с. (мысалы, Вьетнам бойынша Париж коференциясы)

• дамыған елдердің көпжақты кездесулері (G8, G20)

• елшіліктер қызметі

шеңберінде жүзеге асады. Сонымен қатар, «қырғи-қабақ соғыстан» кейін қақтығыстарды реттеудегі х/а делдалдылық сияқты көпжақты дипломатияның бұл түрі ерекше мәнге ие болды. К.д. түрі тарихта бұған дейін белгілі болды. 1905 ж Ресей-жапон соғысынан кейін екі ел арасындағы делдал Рузвельт болды. Қазіргі таңда қақтығыстардың өсуіне байланысты делдалдылық кең таралған. Мысаладар, 90 жж. ортасындағы бұрынғы Югославия елдеріндегі қақтығыстарды реттеу үрдісіне (Дейтон үрдісі) көптеген державалар қатысты немесе Таяу Шығыс қақтығысында деладалдылық функцияларын БҰҰ, АҚШ, Ресей, ЕО атқарады.

Екіжақты дипломатиямен салыстырғанда көпжақты дипломатия бірқатар ерекшеліктерге ие: ол көпшілік талқылау жолымен, бейресми кездесулер мен пікір алмасу нысанында жүзеге асады; оның форумдарының жұмысы әдетте процедура ережелерімен реттеледі, қабылданатын шешімдер резолюциялар, декларациялар, қорытынды актілер, конвенциялар, протоколдар және т.с.с. құжаттар түрінде ресімделеді.

х/а шиеленісті бәсеңдету үшін күрес және ядролық соғыс қаупін алдын-алу жағдайында көпжақты дипломатия ерекше мәнге ие бола бастады. 60-70 жж қол жеткізген көптеген маңызды көпжақты келісімдер бұның дәлелі.

Көпжақты дипломатия және көпжақты келіссөздер дипломатиялық тәжірибеде жаңа ахуал туғызады. Мәселені талқылау кезіндегі тараптардың көбеюі ортақ мүдделер құрылымының күрделенуіне, коалиция құру мүмкіндігіне, келіссөздік форумдарда кқшбасшы елдің пайда болуына әкеледі. Одан басқа, көпжақты келіссөздерде көптеген ұйымдастырушылық, рәсімдік және техникалық мәселелер туындайды.

Әлемнің өзаратәуелділігі мен жаһандануы жоғарғы және жоғары деңгейде жүзеге асырылатын дипломатия мәнінің өсуіне әкелді. Дипломатияның бұл түрі 20 ғ жартысында ең шиеленісті х/а мәселелер бойынша х/а ахуалды өзгерткен түбегейлі шешімдер қабылдауға жол берді. Бұған қоса, жоғарғы және жоғары деңгейдегі дипломатия көптеген сұрақтарды өзарабайланыста талқылауға мүмкіндік береді, басқа деңгейлерде бұл қиындатылған. АҚШ мемлекттік хатшысы Г. Киссинджер дипломатиясына түрлі сұрақтарды байланыстыру(бірге қарастыру) тән болды. Мемлекеттердің жоғарғы тұлғаларының қолымен бекітілген келісімдер олардың орындалуына қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯ- бірнеше мемл-р өкілдерінің қатысуымен өтетін дип-қ қызмет, ол х.а үк/а ұйымдардың ж\е конф-ң , кеңестер мен келіссөздер жүргізу жұмыстарымен б\ты б\ды. 2-д.ж.с кейін, БҰҰ-н ж\е оның арнайы мекемелерін, көптеген аймақтық ұйымдарын, үкіметаралық институттарын құру нәтижесінде көпжақты дип-ң ролі өседі. Көпжақты дип-ң кеңеюі мемлекетаралық қатынастардың күшеюімен б\ты. Екіжақты дип-ға қарағанда көпжақты дип-я ың біраз ерекшеліктері бар:ол бұқаралық талқылау арқылы ресми кездесулер мен пікір алмасу нысанында жүзеге асырылуы мүмкін; оның форумдарының жұмысы әдетте процедура ережелерімен реттеледі, ал қабылданатын шешімдер резолюция, декларация, қорытынды актілер, конвенциялар, хаттамалар т.б түрінде нысанға келтіріледі.. Көпжақты дип-я х.а шиеленісті бәсеңдету ж\е ядролық соғыс қауіпін жою барысында ерекше мәнге ие болады, мұны 60-70-і жылдарда қол жеткізілген, бірнеше маңызды көпжақты келісімдер куәландырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]