Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

34.Сыртқы қатынастардың мемлекеттің органдары. Сыртқы істер Ведомствосы.

Сыртқы істер Ведомствосы – сыртқы қатынастарды реттеуші мемлекеттің ішкі органы, мемлекеттің сыртқы саяси іс әрекетін жүргізеді. Көптеген мемлекетте бұл – сыртқы істер мнистрілігі; АҚШта мемлекеттік департамент, мемлекеттік хатшының басшылық етуімен; Францияда- сыртқы қатынастар министрлігі; Швейцарияда саяси департамент, директордың басшылық етуімен; Аргентинада сыртқы қатынастар және дін министрлігі; Ливияда сыртқы қатынастар бойынша Халықтық бюро деп аталынады.

Еуропалық мемлекеттерде, сыртқы қатынастармен айналысатын мекемелерді ерекше бөлу ХҮ-ХҮІ ғғ жатады. Мұндай мекемелер, ертеректе Шығыс елдерінде пайда болды (Жапонияда, Түркияда). Ресейде 1549 ж Елшілік бұйрығы ұйымдастырылды. ХҮІІІ ғ таман Батыста және ХІХ ғ таман Шығыста, сыртқы істер Ведомствосы арнайы министрліктер сияқты қалыптасты.

Сыртқы істер Ведомствосы мемлекет механизмін басқарудағы маңызды бөлімшесі бола отырып, х/а қатынастар шеңберінде, мемлекеттің құқығын және мүдделерін қорғайды, шет ел мемлекеттерімен дипломатиялық және консулдық қтынастарды іске асырады, х/а үкіметаралық ұйымдарда қатысуды қамтамасыз етеді, шет ел мемлекеттеріндегі дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге бағдар береді, олардың іс/әрекеттерін бағыттайды ж/е бағдарлайды. СІВсы шет ел дипломатиялық өкілдіктерімен ж/е делегациялармен байланысты болады ж/е келіссөздер жүргізеді, келісімдердің жобаларын дайындайды, келіп түскен ақпаратарды өңдейді. СІВна шет елдегі азаматтарының құқықтарын және мүдделерін қорғау жүктелген.

Осындай көпқырлы функциялардың іске асырылуы басты түрде, сыртқы саясат мәселелерінің шешілуі, СІВның ұйымдастырылуымен ж\е құрылымымен көрсетілген. Әдетте, мұның құрамында аумақтық, функционалдық, әкімшілік бөлімдер ж/е басқармалар (департаменттер) бар. Аумақтық бөлімдер, мемлекеттердің белгілі аймақтарымен қатынас бойынша шапшаң жұмыстар жүргізеді, осы мемлекеттердің елшіліктерімен қарым/қатынаста болады. Функционалдық бөлімдер ж/е басқармалар (протоколдық, консулдық, х/а ұйымдық, мөрлік, келісімді/құқытық, мәдениеттік байланыс, тарихи/құжаттық ж/е т.б.) сыртқы қатынастарда арнайы сала бойынша жұмыс атқарады. Әкімшілдік бөлімдер шаруашылық, қаржылық ж/е т.б. мәселелерді қарастырады.

СІВның басшысы, үкімет құрамына кіреді. Мемлекет басшысы ж/е үкімет басшысы сияқты, ол келіссөздерді арнайы өкілеттіксіз жүргізе бере алады ж/е ережеге сай, х/а келісімдерде формалды өкілеттіксіз қолдар қояды. Бөлімдердің меңгерушілері ( басқармалардың басшылары, департамент директорлары) ж/е басқа сыртқы істер ведомствосының дипломатиялық қызметкерлері , шет ел дипломаттарымен келіссөздер жүргізген кезде, сыртқы істер ведомствосы атынан сөйлейді деп саналады. Сыртқы істер вдомствосының басшысы шет елдерде болған кезде, дипломатиялық артқшылықтарды ж/е иммунитеттерді пайдаланады.

1944 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі одақтас мемлекеттерге сыртқы саясатта құзыреттілік беру туралы заң қабылдайды. Нәт. 1944 ж. 13 сәуірде Қазақ КСР-нің Сыртқы Істер Ұлттық Комиссариаты (НКИД) құрылып, оны Төлеген Тәжібаев басқарды. 1946 ж. Қазақ КСР-нің НКИД-і Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылады. Кеңестік кезеңдегі Қазақ КСР-інің сыртқы саяси ведомствосы мәдени және ғылыми алмасулар мен хаттамалық және консулдық мәселелермен шектелді. Қазақ КСР-і СІМ-ң жұмысшыларының саны да аз болды. ҚР тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты 1992 ж. 2 шілдеде «Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігі туралы Заң» қабылданды. Бұл құжатқа сәйкес, СІМ Қазақстанның шетел мемлекеттері және хал.қ ұйымдармен қарым-қатынастар аясындағы функцияларды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган. Бұл құжат Сыртқы Істер министрінің, оның құрылымы мен персоналдарының функцияларын, дипломатиялық қызметтің тәртіптерін, рангтерді иелену, т.б. мәселерді анықтады. Министрлікті Министр басқарады. Оны ҚР Президенті премьер-министрдің ұсынуымен тағайындайды және қызметінен босатады. Министрдің функциясы: министрлікті басқарады және оған жүктелген тапсырмалар мен қызметтер үшін жауап береді; ҚР Президенті мен Үкіметтің тапсырмасы б.ша екі жақты және көп жақты келіссөздерде, келісімдерге қол қоюда ҚР атынан өкілдік етеді; министрлік бөлімдерінің жетекшілерінің міндеттері мен құқықтарын анықтайды; министрлік персоналдарын жұмысқа тағайындайды және босатады; ҚР-ның шетелдердегі және хал.қ ұйымдардағы елшілерін тағайындау және шақыртып алу туралы өз ұсыныстарын енгізу құқығына және атташеден бастап 1-ші кластағы кеңесшіге дейінгі дипломатиялық рангтерді беру құқығына ие. Министрдің 5 орынбасары – вице-Министрі бар. Олардың әрқайсысы департаменттерді, министрлік бөлімдерін басқарады. СІМ құрылымы: Министр Кеңсесі және Мем.тік Хаттама қызметі – ерекше тапсырмалар б.ша елшілер мен Министр кеңесшілерінің тобы, Баспасөз қызметі және дип.қ корпус жұмысы Басқармасынан тұрады. Министрмен шақырылатын ҚР СІМ Коллегиясы (алқасы) сыртқы саяси және сыртқы экон.қ қызметтің негізгі бағыттарын жүзеге асырушы министрлік бөлімдері қызметіне қатысты мәселелерді талқылайды. Министр аппараты СІМ құрылымында ерекше орынға ие. МА дип.қ қызмет қызметкерлерін Қаз.ның шетелдердегі мекемелеріне жібереді, бос орындарға конкурстар өткізеді, шетелдерге дипломаттарды тәжірибеден өтуге жібереді, тілдер үйрететін курстар ұйымдастырады, т.б. Аумақтық департаменттер ҚР мен нақты бір мемлекеттердің аймақтары б.ша әлем мемелекеттерімен қар-қатынастарын дамытумен айналысады.Олар: Еуропа және Америка елдері Департаменті, Азия және Африка елдері Департаменті. С.қ. СІМнің функцияларына байл.ты Департаменттер бар: Хал.қ ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері б.ша Департамент, Экон.қ және гуманитарлық ынтымақтастық жөн. Департамент, Консулдық қызмет Департаменті, Хал.қ-құқықтық Департамент, Валюта-қаржылық Департамент. Сыртқы саясат б.ша Кеңес – Сыртқы Істер Министрі жанындағы кеңес беруші орган. Хал.қ қат.дың өзекті мәселелерін, ҚР сыртқы саяси басымдықтарын талқылайды. ҚР-ның шетелдік мекемелері: 2004 ж. жағдай б.ша ҚР-ның дип.қ қызметі жүйесінде 56 дипломатиялық өкілдік қызмет етеді, оның ішінде 32-сі елшілік, 6 дип.қ миссия,14 консулдық мекеме, 1 ҚР елшілігінің бөлімі және 3 хал.қ ұйымдардағы өкілдік – БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕврАзЭС.

35.19ғ. 70-90жж. х/а қатынастар

19ғ. 70жж-на келгенде х/а қат/ң жалпы сипаты төмендегідей сипат алды:

• Италия мен Германияның бірігу үрдісі аяқталды;

• Австро-венгр біріккен мемлекеті құрылды;

• Х/а қат/р негізгі акторлар күштер арақатынасы өзгерді – Ұлыбритания,Франция,Австро-Венгрия мен Ресейдің еуропалық саясаттағы рөлінің төмендеуі; ал Германия мен Италияның беделі керісінше нығайды.

1871ж. Лондон конвенциясы – 1856ж. Париж бейбіт келісім-шартын ресей жағының бастауымен қайта қарастырды,ол бойынша Ресейдің Қара теңіздегі суверенді құқытары шектелген болатын,ендігі кезде осы конвенция – ресей дипломатиясының жеңісі деп атаса болады.Алайда бірқатар державалардың (Ұлыбритания,Франция,Австро-венгрия,Италия) Қара теңізге байланысты ұстанымдарына байланысты бұғаздар режимі бұрынғысынша Ресейдің мүдделерін шектеді.

1871ж. Франко-прус соғысын аяқтаған Франкфурт келісіміне қол қойылды.Н/де Еуропа континентінде Франция әлсіреп,бірінші орынға Германия шықты.Герман канцлері О.Бисмарк саясатының мақсаты – Францияны барынша әлсірету,артқа итеру,Ресей және Австро-Венгриямен жақындасу.Бірқатар кездесулердің н/де 1873ж. «Үш император одағы» құрылды.

1872-1875жж.француз-герман қат/ң шиеленістігі шырқау шегіне жетті.Одақтас мемлекеттерсіз қалған Француз дип/сы өзінің жағына ағылшындықтар мен орыстарды тартып алғысы келді.Бисмарк Францияның х/а изоляциясы үшін қолда бар дип/қ құралдарды қолданды.Алайда күштер тепе-теңдігінің бұзылып кетуінен сескенген ағылшындықтар мен француздар немістерді қолдаудан бас тартты.19ғ.70жж.да Осман империясының иелігінде славяндық аумақтар әлі де болды – болгарлар,македондықтар,Босния мен Герцеговинаның сербтері.Осы аймақтарда түрік бұғауынан шығуға бағытталған ұлт –азаттық қозғалыстар орын ала бастады.Балкандағы процестерге мүдделі державалар–Түркия,Ресей,Ұлыбритания,Австро-Венгрия,Германия араласып отырды.Серб-түрік соғысының нәтижесі барлық дерлік еуропалық державаларды алаңдатты.Әр ел өз позициясы үшін тиімді нұсқаның болуын қалады. 12.04.1877-1878жж ара/да сербтер үшін жақтасқан Ресей мен Түркия ара/да соғыс болды.Соғысты аяқтаушы Сан-стефан келісімі Түркияның жеңілуін толық жариялады.Бірқатар балкандық елдер – Сербия,Черногория,Румыния-тәуелсіздік алды,Босния және Герцеговина-автономия берілді,ал Болгария түрік үстемділігінен азат болды.Алайда еуропалық державалардың араласуымен (оларды тиімді болмауына бай/ты) 1878ж.21шілдеде бұл келісім көпжақты Берлин трактатымен алмастырылды.Бір сөзбен айтқанда,Түркия бөлшектенді:Босния мен Герцеговинаны Австро-венгрия оккупациялады,Черногория,Румыния,Сербия тәуелсіздіктері мойындалды,Ардаган,Карс,Батум-Ресейге өтті,Дунай бойымен еркін жүзу жарияланды.Берлин трактатының нәтижесі – Балканды «Еуропаның порох ұрасына»(погреб) айналдырды – 1885ж.серб-болгар соғысы,1908-1909жж.балкан дағдарысы,1912-1913жж.балкан соғыстары бұл тек үлкен қайғы-қасіреттің басы ғана болды.Бұрынғы одақтастар ара/ғы қат/р да өзгерді – сербия басшылығының өзгеруімен проавстро-венгриялық бағыт айқындалды,1886ж.саяси төңкеріс н/де Болгар билігіне антиресейлік басшылық келді,Бесарабияны тартып алғаны үшін Румыния да Ресей жағынан шығып кетті.1877ж.қайтадан француз-герман шиелінісі өрши түсті,неміс басшылығы барынша одақтастарды өз жағына тартып алуға тырысты,алайда оның тым күшейіп кетуінен қауіптенген державалар оны өз шегінде ұстап тұруға тырысты.Осылайша,Францияға екінші мәрте төнген қауіп жойылды.1875-1878жж.Шығыс дағдарысы кезінде орыс-герман қат/ы нашарлай түсті,бұл жайт керісінше австро-герман жағын жақындастыра түсті.1879ж.австро-герман одақтық келісімі Ресейге қарсы жасалынды.Осылайша,Герман бастауындағы еуропадағы екі лагерге (австро-герман,орыс-ағылшын-француз)бөліну үрдісі бастау алды.1914ж. келгенде осы екі коалиция қақтығысы Бірінші дүниежүзілік соғысқа алып келді.

Ендігі кезде «үш император одағы» елдері ара/ғы қат/ң суып кетуіне б/ты Германия әлі де Ресейді өз жағында ұстап тұруға тырысты.Осы себепті Бисмарктің белсенді дипломатиясы н/де 1881ж.18 маусымда «үш император одағы» келісімінің міндеттемелері 3 мерзімге қайта расталды.Ең бастысы – нейтралитет,егер келісуші тараптың біреуіне төртінші мемлекет шабуыл жасаса,басқалары бейтарап позиция ұстанады және көмек береді.1884ж.наурызда бұл келісім тағы үш жылға ұзартылды.Осындай қалыптасқан жағдайда Италия сыртқы саясатының басты мақсаттары:а)одақтас елдер табу (олардың саны шектеулі ғана болды),б)дип/қ изоляцияда қалу қауіпін жою,в)Германиямен жақындасу,алайда ол үшін оның одақтасы-Австро-венгриямен де келісімге келі қажет болды.Осылайша 1882ж.20 мамырда Италия,Германия,Австро-венгрия ара/да одақтық келісім – Үштік одаққа қол қойылды.Ол бойынша тараптар соғыс не шабуыл болған жағдайда бір-біріне көмекке келуге,бейтараптылық ұстануға,қарсыласуышлармен сепаратистік келісімдерге келмеуге кепіл берді.Алайда келісімнің 3 бабына сай Италия шабуыл жасаған не соғысқан мемлекет Ұлыбритания болса,онда ол ешқандай әрекетке бармайтындығы көрсетілді.Мұның себебі – Италия жағалаулары ағылшын әскери флоты үшін ашық болды,ол одан сескенді.1887ж.басына қарай Герман басшылығы көптен бері артқа қалдырылып келген франциямен соғысты бастаудың сәті түсті,алайда Ресейдің қолдауынсыз қалуы – Германияны артқа шегіндірді.Отарлық мәселе/гі француз-ағылшын қарама-қайшылығы,Таяу Шығыстағы Ресей позиция/ң нығаюы Ұлыбританияның Үш Одақ мем/н жақындасуына итермеледі.1887ж. Ұлыбритания мен Италия ара/да келісім жасалынды.Тараптар ара/ғы қат/ң шиеленісуіне бай/ты Германия Ресеймен 1887ж. «қайта сақтандырушы (перестраховачный) келісімге қол қойды.О.Бисмарктың 30жыл бойы жүргізген дип/ң бірден-бір мақсаты –орыс-француз одағына жол бермеу еді.Алайда Бисмарктың кетуімен бұл осал жоспарлар артта қалды,жаңа басшылық жаңа ұстанымда болды.С.қ. Ресей мен Францияны сол кезде жақындастыра түскен бірқатар факторлар болды – отарлық саясатта Ұлыбританиямен бәсекелестік,айтарлықтай қарама-қайшылықтардың болмауы,герман қаупі.Осылайша 1893ж.27 желт/да орыс-француз әскери конвенциясына қол қойылды.Еуропалық континент,тіптен бүкіл әлемдегі жағдай щиеліністің шырқау шегіне жетті.1899ж.Гаагада Ресей бастамасымен алғашқы х/а конференция шақырылады.Мұнда:а)х/а дауларды бейбіт реттеу,б)уландыратын және іште жалпаятын оқтарды пайдаланбау,в)тұтқындар мен жараланғандармен адами тұрғыдан қарау,г)әскери шығындарды және қарулы күштерді қысқарту.Алайда бұл конференцияның аты жарқын болғанымен,көтерілген мәселелер б/ша шешімдер тек кеңес берушілік сипатта болды.Ресеймен жағдайларын реттеген соң,Франция Италия,кейіннен Ұлыбританиямен қат/н реттеуге көшті.1902ж.Италиямен,1904ж.8 сәуірде ағылшын-француз Африкадағы ықпал ету аймақтарын бөлу туралы келісімге (тарихта оны «Сердечное соглашение» деп атап кеткен) қол қойылды.Осылайша Германияға қаупі төнген ағылшын-француз-ресей одағы қалыптасты.

Бірінші мароккан дағдарысы – Германия Француз отары Марокконы пайдалана отырып, Антанта елдері ара/на шоқ салуды көздеді.1906ж.Альхесираста Марокко б/ша өткен конференцияда «сердечное соглашениеге» беріктігін танытқан ағылшындықтар Антанта одағының мызғымастығын дәлелдеді.Күн артқан сайын ағылшын-неміс бәсекелесітігі артып отырды,соның ішінде теңіз бәсекелестігі ерекше орынға ие болды.Ұлы/я – 200жылдай теңіздегі номер бірінші держава өз позицияларын ешбір мем/ке бермеуге тырысты,керісінше Германия өзінің теңіз флотын барынша күшейтуге әрекет жасап отырды.Осындай жағдайда ағылшын дип/сы – орыс-ағылшын қарама-қайшылығана қарағанда неміс-ағылшын қайшылығы күрделірірек боп көрінді.Н/де 1907ж.31 тамызда ағылшын-орыс келісіміне қол қойылды.Осылайша Антанта одағы құрылды.Еуропалық державалар бейбіт уақытта соғысты өз қолдарымен жасап алды...

1907ж.АҚШ-ң бастамасымен екінші Гаага конференциясы шақырылды.Мұнда:а)х/а дауларды бейбіт реттеудің нормалары жасалынды,б)құрлық пен теңізде соғыс жүргізудің нормалары нақтыланды,в)бейтарап мем/ң құқықтары мен міндеттері анықталды.Алайда бұл шешімдер де тек жазылған бетте ғана қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]