Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

25.Еуропалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуы (1945-2007жж.)

Еропадағы интеграциялық процесстердің басталуына түрткі болған ІІ джс кейінгі бесжылдық болды. Осы кезде көптеген Еропаны біріктіретін жобалар қайта жанданды. Бұған себеп болған Еуропалық континенттегі және бүкіл әлемдегі қалыптасқан жағдай еді. Тек жеңілген мемлекеттер ғана емес (Германия, Италия) сонымен қатар, Франция сияқты жеңімпаз мемлекеттер де соғыстан әлсіз болып шықты. Еуропалық державалардың қарама/қайшылықтары жалпы жеңіліске ж/е Еропаның әлімдік экономика мен саясаттағы ұстанымдарының әлсіреуіне алып келген болатын. Осыған байланысты аталған державалар соғыстан кейінгі әлемде өз өздерін қайта бекіту жолдарын іздестіреді. Бұған жеке жүріп қол жеткізу қиын болғандықтан, бірігу тақырыбы жалпы танымалдыққа ие болды. Ең алдымен еуропалық мемлекеттер континентте бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамсыз етуге, жаңа соғыс басталуына жол бермеуге ж/е ұзаққа созылған франко/германдық бәсекелестікті аяқтауға тырысты. Сонымен қатар, батыстық әлемнің экономикасының құлдырауынан Еуропадағы АҚШтың үстемдігі Еуропа мемлекеттерін біріге отырып, экономикалық ж/е саяси жағынан күш жинауға итермеледі. Сонымен, экономикалық факторлар Батыс Еуропалық монополиялардың мүдделері ж/е АҚШпен, социолистік лагерьмен бәсекелестік Еуропадағы интеграциялық процесстердің негізгі моменттері б/ы. Осылайша, 1947ж желтоқсанында Еуропаны біріктіру қозғалысының іс/қимылын координациялау үшін х/а комитет құрылды. Ол 1948 ж мамырында Гаагада Еуропалық интеграцияның мәселелеріне арналған Еропалық конгресс шақырды. Бұл конгресстегі талқылаулар нәтижесінде, Еуропа ммелекеттерінің экономикалық ж/е саяси бірігуге шақырған резолюциялар қабылданды. Батыс Еуропалық интеграцияның келесі бір қадамы ретінде 1948ж Маршалл жоспарына қатысу ж/е оны жүзеге асыру үшін Еуропалық экономикалық ынтымақтастық Ұйымы құрылды. 1949ж бұл ұйымға ФРГ қосылғаннан кейін 17 мүше мемлекет болды. 1950ж Еуропалық төлем одағы қалыптасты. Бұл екі ұйымның да қызметі шектелгендігімен қалыптасқан жағдайларда олардың екеуі де өзінің пайдалылығын көрсетті. Экономикалық интеграцияның алдыңға қадамдарымен қатар Батыс еуропалық мемлекеттер саяси интеграцияның қолданылымды формаларын ж/е оларды институционализациялау жолдарын іздестірді. 1948ж наурызда Англия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург кірген батыстық одақ п.б. Оның мақсаты мемлекеттердің тығыз экономикалық, саяси ж/е әскери ынтымақтастығы б/ы. 1948ж шілдеде Брюссель пакті кеңесінің отырысында Франция Еуропалық Ассамблея құру жөн. ұсыныс жасады. Бірақ бұл ұсынысты Ұлыбритания қолдамады. Францияның екінші ұсынысынан кейін 1948 ж қарашада Еуропа бірлігінің тұрақты комитетін құру тур. шешім қабылданды. Бұл комитет еуропалық федерацияның мәселелерін зерттеуі тиіс еді. 1949ж қаңтарда комитет Еуропа Кеңесін құру жөн. келісімге келді. 1949ж наурыз- сәуір аралығында Лондонда Брюссель пактісі мүшелері мен Дания, Италия, Ирландия, Норвегия, Швеция арасында Еуропа Кеңесінің Жарғысы жасалынды. Ол 1949ж 4мамырда жоғарыда аталған мемлекеттердің СІМінің қол қойылуымен қабылданды. Кейіннен бұл ұйымға Греция, Турция, Австрия, Исландия, ФРГ ж/е басқалары қосылды. Еуропалық интеграцияға негізгі жолды Шуман декларациясы ашты. Франция СІМ Р.Шуман 1950ж 9мамырда ФРГнің Үкіметіне өз үкіметі атынан франко-германдық антогонизмді аяқтау ж/е екі жақты қарым/қатынастарда жаңа сатыны бастауды ұсынды. Бұл жолдағы алғашқы қадам ретінде Франко-германдық Көмір ж/е Болат бірлестігін құру алға қойылған болатын. Бұл декларацияның мағынасы тек Германияға ғана емес, сонымен қатар, Италия, БеНиЛюкс елдер ж/е Ұлыбританияға да жолданған еді. Бұл ұсыныстарды қабылдаудан бас тартқан Ұлыбриатаниядан басқа алты мемлекет 1952ж 18сәуірде Еуропалық Көмір ж/е Болат Қоғамдастығын құру тур. келісімге қол қойылды (1952ж 23 шілдеде күшіне енді). ЕКБҚ мүшелері арасында ортақ нарықтың қалыптасуынан кедендік шекаралар жойылып, көмір ж/е металлургиялық салалардың тауарлары мен сауданың толық либерализациясы енгізілді. Бұл Қоғамдастықтың құрылуы көпжақты интеграциялық процессінің алғашқы қадамы ретінде қарастырылды. ЕКБҚ жөн. келісімге қол қойылумен қатар, Еуропалық Қорғаныс Қоғамдастығын құру жөн. келіссөздер басталды. Келісім мәтіні 1952ж мамырда Парижде қабылданды, бірақ ұзаққа созылған пікірталастардан кейін 1954ж бұл жоба Францияның Ұлттық жиналысымен қабылданбады. Сонымен, Батыс Еуропадағы әскери/саяси интеграцияның концепциясы жүзеге аспады. 1950ж ортасына қарай, Батыс Еуропада бүкіл экономиканы қамтитын қоғамдастықты құру жөн. идеялар үлкен қолдауға ие б/ы. Одан әрі экономикалық интеграцияның жолдарын еркін талқылау үшін, ЕКБҚ СІМдері Мессен (Италия) қаласында 1955ж маусымда конференция ашылды. Коференцияда қабылданған коммюникеде «еуропаны құру» жолында одан әрі қозғалуды энергетика саласында, әсіресе атомдық энергияны пайдалану саласында жалғастыруды ұсынды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, Бельгия СІМ Спаактың төрағалық етуімен министраралық Комитет құрылды. 1955ж қарашада «Спаак Комитеті» ЕКБҚ мүшелері арасында Атомдық энергия жөн. Еуропалық Қауымдастық құру тур. жоспарын ұсынды. Ол Француздық өнеркәсіпшісі Луи Арманмен жасалған болатын. Бұл жоба атомдық шикізаттың ж/е арнаулы құрылғылардың ортақ нарығын, зерттеуді қаржыландыру жөн. ортақ фонд құру ж/е бірлескен ғылыми зерттеу орталықтарын ж/е атомдық кәсіпорындарды қарастырды. 1956 ж Венецияда СІМ кездесуінде Спаак Комитетінің баяндамасы қарастырылып, қабылданды. 1957ж 27 наурызда Римде ЕКБҚ мүшелерінің елбасшылары Еуропалық Экономикалық Қауымдастықты құру жөн. келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Атомдық энергия жөн. Қауымдастық та п.б. Бұл келісімдер 1958ж 1қаңтардан кейін күшіне енді. Батыс Еуропада п.б. үш қауымдастық бірегей мақсаттарды көздеді: экономикалық гармониялы даму, экономиканың тұрақтылығы ж/е тұрақты өсуі, өмір сүру дәрежесінің жоғарлауы ж/е мүше мемлекеттердің қарымқатынастарын жақындастыру. Жоғарыда аталған Қауымдастықтар бірігіп, ортақ Кеңес ж/е Комиссия құрды. Еуропалық қоғамдастықтың институционалдық құрылымы осы ұйымның негізгі ерекшеліктерінің бірі б.т. ЕуроКомиссия – ЕОның саясатын жасап шығаруға және жүргізуге жауапты институт. Оның мүшелері қатысушы мемлекеттердің үкіметтерімен тағайындалады (5жыл). Негізгі қызметі: интеграциялық процесстердің алға қадам басуын қамтамасыз ету; осы мақсатқа қол жеткізу үшін институт қабылдаған келісімдер мен шаралардың орындалуын кепілдейді. Министрлер Кеңесі: ЕОның негізі құрылымы, ұлттық үкіметтердің мүшелерінен құралған мемлекетаралық орган. Қызметі: мүше мемлекеттердің жалпы саясатын координациялау; белгіленген шакараларда шешімдерді қабылдау ж/е оларды жүзеге асыру. Евро Парламент: ЕОның ағымдық қызметі мен дамуы мен мәселелерін қарастыратын маңызды саяси трибуна. Депутаттар пропорционалды жүйемен 5жылға сайланады. Еуропалық Сот: конституциялық бақылаудың органы б.т. ж/е ЕОның бекітуші келісімдерін талқылау мен қолдануға б/ты істерді қарастырады ж/е шешеді. 1968ж 1 шілдеде ішкі кедендік шекаралар толығымен жойылды. 1972-1974жж Париждегі кездесулерде ЕОны ағымдағы онжылдықтың аяғына дейін құру мақсаты қойылды. Бельгия Премьер-министрі Лео Тиндемансуға ЕОны құру жөн. жоспар құру тапсырылды. Тиндемансудың баяндамасы б/ша ЕО 1980жж экономикалық ж/е валюталық одақ құру, қоғамдастықтың институттарын реформалау ж/е ортақ аймақтық әлеуметтік саясат жүргізу арқылы қол жеткізу туралы жазылған болатын. 1979ж Евро Парламентке алғашқы тікелей депутаттар сайлауы өтті. 1984ж 14ақпанда Евро Парламент мақұлдаған ЕОны құратын келісімнің жобасы қаб/ды. ЕОны құру жолындағы маңызды қадам 1987ж 1шілдеде күшіне енген бірегей Еуропалық Акт б/ы. 1992ж 7ақпанда(1993ж 1қарашада өз күшіне енді) Маастрихте ЕО жөн. келісімге қол қойылды. ЕОның даму этаптарына тоқтала кетсек:

• 1951-1957 жж. ЕКБҚ шеңберіндегі секторалды интеграция;

• 1958-1970жж. Кедендік Одақ пен ортақ нарықтың құрылуы;

• 1971-1985жж. Шиеленіскен дағдарыс пен кейінігі ЕОның тұрақтану кезеңі;

• 1986-1992жж. Бірегей ішкі нарыққа өту (тауар, қызмет, капитал ж/е тұрғындардың еркін қозғалысы);

• 1993- қазіргі уақытқа дейін. Экономикалық, валюталық ж/е саяси одаққа өту кезеңі.

ЕОның кеңеюі: 1951ж 6 мемлекет ( Франция, Италия, Батыс Германия; БеНиЛюкс);1973ж 3мемлекет (Ұлыбритания, Ирландия, Дания); 1981ж Греция; 1986ж Испания ж/е Португалия; 1995ж 3мемлекет (Австрия, Швеция, Финяндия); 2004ж 10мемлекет (Латвия, Литва, Эстония, Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Мальта ж/е Кипрдің Грек бөлігі). Мүшелікке ресми кандидаттар: Хорватия, Македония, Турция. Ресми потенциалды кандидаттар ретінде танылғандар: Албания, Босния ж/е Герцеговина, Монтенегро, Сербия ж/е Исландия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]