Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

68.Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары

арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1991 ж. 25 желтоқсан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

1991 ж. 26 желтоқсан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. 15 қыркүйек – АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1992 ж. 30 қазан - ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі ашылды.

2009 ж. 14 желтоқсан – Алматыда АҚШ Бас консулдығы ашылды.

2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2011 ж. 25 қазаннан бастап – К.Фэйрфакс АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты-құқықты берік негіз құрылды.

2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына және елімізді Джексон-Вэник өзгерістерінің әсерінен шығаруына қолдауы көрсетілген.

2008 ж. 14 қарашасында АҚШ Президенті лауазымына сайланысымен Б.Обама тек қана бірнеше елдер басшыларына, оның ішінде Елбасына, телефон соқты. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. Б.Обама Қазақстанға жақын арада сапармен келуге ниетті екендігін білдірді.

2010 ж. 11-14 сәуірде ҚР Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу аясында АҚШ-қа ресми сапар шекті. Елбасы Президент Б.Обамамен, Энергетика министрі С.Чумен, сондай-ақ еврей ұйымдары мен АҚШ-тың ең ірі корпорацияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғаламдық қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесі ретінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК мен «General Electric» арасында ТМД елдеріне арналған маневрлік тепловоздар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2010 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон Астанаға ЕҚЫҰ Саммитіне американ делегациясының басшысы ретінде келді. Бұл оның Қазақстанға екінші іссапары болды: 1997 ж. ол Қазақстанға АҚШ-тың Бірінші ханымы ретінде келген болатын. Аталған шара шеңберінде американдық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевпен және ЕҚЫҰ Төрағасы – Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесті. АҚШ делегациясының басшысы мемлекет басшылығына және Қазақстан халқына қонақжайлылық көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Саммит қарсаңында Х.Клинтон Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде сөз сөйлеп, ҚР азаматтық қоғамымен, оның ішінде әйелдік ҮЕҰ-мен, «Болашақ» бағдарламасының студенттері және түлектерімен кездесті. АҚШ сыртқысаяси ведомствосының басшысы: «Қазақстандықтар тәуелсіздіктің қысқа мерзімі ішінде Республиканың жеткен жетістіктерін бағалап, оларды мақтаныш ету керек», - деп атап өтті.

2011ж. 22 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 66-сессия барысында Елбасының АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесуі өтті. Екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін, оның ішінде ядролық қауіпсіздік, лаңкестікке қарсы күрес және т.б. талқылады. Сондай-ақ іс-шараның аясында АҚШ, ГФР және АИР сыртқысаяси ведомство басшыларының төрағалығымен «Жаңа Жібек жолы» мәселелері бойынша брифинг өтті. Қазақстандық делегация Оңтүстік және Орталық Азияны Ауғанстанмен қосатын экономикалық және транзиттік байланыстардың өңірлік желісін құру жөніндегі аталған американдық бастамаға өз қолдауын білдірді.

2011ж. 12-13 қазанда Астана және Семей қалаларында Елбасының қатысуымен Семей полигонының жабылуының 20-жылдығына арналған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы өтті. Американдық тараптан Форумға АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман және Канзас штатының губернаторы С.Браунбек қатысты. Нәтижесінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың оның барлық қатысушы мемлекеттерімен орындалуының маңыздылығын құптайтын бірлескен декларация қабылданды.

2012ж. 30 қаңтар - 1 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың АҚШ-қа алғашқы ресми сапары өтті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастық кешенін талқылады. Атап айтқанда, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің экономикасын әртараптандыру және ғылыми-техникалық сұхбатты мәселелеріне зор назар аударылды. АҚШ Қазақстанның аса ірі инвесторы мен сауда әріптесі ретінде қала бермек.

Сапар барысында Бесжылдық визаларды беру және Визалық алымдарды бірыңғайландыру туралы ноталар алмасу түріндегі келісімдер жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Аталған келісімдер туристер, бизнесмендер, дипломаттар, студенттер және азаматтардың басқа да санаттарының өзара сапарлары тәртібін әлдеқайда жеңілдетеді.

Министр Е.Қазыханов АҚШ Конгресінде бірқатар маңызды кездесулер өткізіп, Американдық-қазақстандық іскерлік ассоциация мүшелерімен кездесті.

Сондай-ақ сапар барысында британдық жазушы Джонатан Айткеннің «Қазақстан: тосын сый және стереотип. Тәуелсіздіктің 20 жылы» атты кітабының тұсаукесері өтті.

2012ж. 26 наурызда Сеулде Ядролық қауіпсіздік саммитінің шеңберінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесуі өтті.

Екі елдің көшбасшылары ядролық қауіпсіздік, таратпау және қарусыздандыру салаларындағы ынтымақтастық және ҚР-дың ДСҰ-на кіру перспективалары бойынша пікір алмасты.

Елбасы американдық әріптестерді Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына белсендірек қатысуға, шағын және орта бизнес саласында, ғылыми-технологиялық салада ынтымақтасуға шақырды. Халықаралық сауданы дамыту үшін ҚР-дың транзиттік әлеуетінің маңызын ерекше атап өтті.

Б.Обама «Қазақстанды көппартиялы Парламенттің құрылуына жетелеген сайлаудың нәтижелерін» қоштап, «Қазақстан халқының өз Көшбасшысына деген жоғары сенімін» атап өтті.

АҚШ-пен қатынастардың нығаюында жыл сайынғы қазақстандық-американдық саяси консультациялар зор рөл атқарады. 2012 ж. екіжақты саяси консультациялардың деңгейін екі елдің жаңа кезеңдегі өзара ықпалдастығының кеңдігіне әрі тереңдігіне сәйкес келетін «Қазақстандық-американдық Саяси әріптестік жөніндегі комиссияға» дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

2010 ж. қыркүйегінде өткен консультациялардың алғашқы отырысы барысында Мемлекеттік департамент «Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы екіжақты ынтымақтастықтың осыншама кең ауқымды әрі қаныққан күн тәртібі бар жалғыз елі. Екі жақты консультациялардың тетіктері өзінің тиімділігін көрсетіп, Қазақстан – Америка диалогын одан әрі кеңейту мен жетілдіруге септігін тигізіп отыр», - деп мойындады. Консультациялардың екінші отырысы 2011ж. 24-25 наурызда өтті.

2012ж. 9-10 сәуірде Вашингтонда Қазақстандық-американдық Саяси әріптестік жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Отырыс келесі жұмыс топтарының мәжілістері түрінде өтті: «Саяси мәселелер және қауіпсіздік», «Демократия және адам құқықтары», «Энергетика», «Экономикалық және әлеуметтік даму».

Сондай-ақ Комиссия жұмысы үш «тректі» қосты, олар – қазақстандық-американдық Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы; «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырған «Қазақстан – американдық бизнес үшін көз тартымды инвестициялық орта» атты роуд-шоу; сондай-ақ Хельсинки комиссиясының және 15 американдық құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері қатысуымен үкіметтік емес ұйымдар форумы.

Парламентаралық ынтымақтастық

АҚШ Конгресімен ынтымақтастық жоғарғы деңгейге жеткен.

2008 ж. АҚШ Конгресінде конгрессмен Р.Адерхольттың төрағалық етуімен Қазақстанның достары кокусы (ынталы бейресми топ) құрылды.

2012 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі депутат Г.Исімбаева басқарған АҚШ-пен ынтымақтастық тобы құрылды.

Қорғаныс және қауіпсіздік

ҚР және АҚШ-тың әскери-қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың негізі 1994ж. 14 ақпандағы ҚР Қорғаныс министрлігі және АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы қорғаныс және әскери қарым-қатынастар саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум және 2008ж. 1 ақпандағы ҚР Қорғаныс министрлігі және АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы 2008-2012 жылдарға арналған Бесжылдық жоспарына және оны іске асыруға қатысты меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Жоспар Казбаттың, аэромобильді әскерді, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттігі мен бітімгерлік әлеуетін күшейту, сондай-ақ Каспий маңындағы өңірдің әскери инфрақұрылымын дамыту салаларын қамтиды.

Амрикандық тарап «Шетел әскери қаржыландыру» (FMF); «Халықаралық әскери оқыту және дайындық» (IMET), «Контртерроризм» (CT) және т.б.

АҚШ-пен әскери ынтымақтастық НАТО-ның Әріптестік іс-қимылдарының жеке жоспары шеңберінде де дамуда. Мұндай жоспарларды Альянс оның құрамына кірмейтін елдермен жасасады. Сондай-ақ Қазақстан НАТО-мен

Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының және Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі аясында ынтымақтасуда.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

АҚШ – Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. 2011 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,743 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 2010 жылғы көрсеткіштен 26% артық (2,181 млрд. доллар).

2011 жылғы тауар айналымындағы экспорт көлемі 1,029 млрд. АҚШ долларын құрады, 2010 жылмен салыстырғанда, 18% артық (868 млн. долл.). АҚШ-қа өткізілген қазақстандық экспортының негізгі болып мұнай өнімдері, металл өнімдері, минералдар, химиялық өнімдер және т.б. болып табылады.

Сәйкесінше, импорт көлемі 1,714 млрд. АҚШ долларына тең болды, 2010 жылмен салыстырғанда, 30% артық (1,313 млрд. долл.). Оның негізгі өнімдері: ауылшаруашылық техника, электроника, транспорттық жабдықтар, химиялық өнімдер, металл бұйымдары, тағам өнімдері, ауылшаруашылық өнімдер және т.б.

2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында сауда айналымы 572 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 149,3 млн., импорт – 442,6 млн.), ол өткен жылдың тиісті көрсеткіштерінен 51% артық (377 млн., оның ішінде экспорт – 164 млн., импорт – 213 млн.).

1993 жылдан бастап Қазақстанға түскен американдық тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 22 млрд. АҚШ долларынан асты (2011ж. – 1,039 млрд.долл.). Американдық инвестициялардың негізгі салалары: тау-кен өндеу секторы, жылжымайтын мүлікпен операция, аренда және кәсіпорын қызметтері, көлік және байланыс, сауда және жөндеу қызметі секторы және электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу.

2006ж. бастап, АҚШ Үкіметімен бірлесе, Экономикалық даму бағдарламасы (ЭДБ) жүзеге асырылуда. Қазақстандық тараптың бастамасымен Бағдарлама 2012 жылға дейін созылған болатын. Жаңа талаптарға сәйкес, 2010-2012жж. ҚР Үкіметі ЭДБ жүзеге асыру үшін 9 млн. АҚШ долларын бөлуге (жыл сайын 3 млн.). ЭДБ мақсаты – Қазақстан экономикасының әртараптандыруына қолдау көрсету, экономиканың, оның ішінде кәсіпкерлік тұлғаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

ҚР мен АҚШ жеке секторларының жақындасуы бастамасы энергетика және мұнай-газ секторларының дамуымен тікелей байланысты.

Қазақстандық нарықта «ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс» сияқты американдық компаниялар жетекші орындарды иелеуде. Американдық компаниялардың қатысуы «Тенгизшевройл» (ТШО) бірлескен кәсіпорны, «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграцияланған ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларда байқалады.

Бұл ретте ТШО Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші компания болып табылады, оған еліміздегі өндірілетін барлық мұнай өнімдерінің 20%-дан астамы келеді. 1993-2011 жж. аралығында 220 млн.тоннадан астам мұнай өндірілді. ТШО құрылғаннан бері, компанияның мемлекеттік бюджетке төлеген салықтардың жалпы сомасы 43 млрд. АҚШ долларынан асты.

АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан арасында сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту туралы келісімді (ТИФА, Вашингтонда 2004 ж. маусымда қол қойынған) іске асыру маңызды бастама болып табылады. ТИФА Кеңесінің 6 отырысы болып өтті, соңғысы 2009 ж. 11 қазанда Вашингтонда орын алды.

2002 ж. наурызынан бастап Энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен қазақстандық-американдық комиссия нәтижелі жұмыс істеуде (Комиссияның тең төрағалары – ҚР Мұнай және газ министрі С.Мыңбаев және АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман). 2011 ж. 12-13 қазанда Астана қ. «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумы шеңберінде Комиссияның 8-ші отырысы өтті.

Екі мемлекет көшбасшыларының ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасу бойынша сәуір айындағы (2010ж.) уағдаластықтарын орындауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Әрқайсысының қуаты 5 мың басқа дейінгі ірі қара мал бордақылайтын кешендерді, яғни Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорындарын құру жоспарланып отыр.

2011ж. 13-21 қыркүйектегі Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Ж.Айтжанованың Вашингтонға сапары нәтижесінде, ҚР-дың ДСҰ-ға кіру бойынша АҚШ-пен екіжақты келіссөздер аяқталды.

Нью-Йорктегі Қазақстан-Америка инвестициялық форумы іскерлік байланыстардың белсенділігіне оң ықпалын тигізуде. Төртінші форум (2011ж. 7 желтоқсан) «Самұрық-Қазына: Қазақстан экономикасының стратегиялық өнеркәсіп салаларын дамыту» тақырыбына арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]