Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

56.Дипломатиялық протокол.

Бұл халықаралық деңгейде қолданылатын ізеттіліктің ең маңыздысы. Дипломатиялық протокол дегеніміз-әр мемлекетте бірнеше жылдар бойы, сол елдің салт-дәстүрін, қағидаларын негізге ала отырып қалыптасқан ережелер жиынтығы. Мұны халықаралық қарым-қатынас барысында бұзбауға тырысу – мемлекеттер мен оның сыртқы істер ведомстволарының дипломатиялық өкілдіктері мен жоғары лауазымды тұлғалардың бірден-бір міндеті.

Дипломатиялық протокол-мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас орнату оны одан әрі дамыту барысындағы саяси – ұйымдастырушылық шаралардың ажырамайтын бөлігі. Оның негізінде жоғары лауазымды тұлғаға және оның мемлекеті мен халқына көрсетілетін шынайы құрмет жатыр. 1961 жылғы «Дипломатиялық қарым-қатынастар жөніндегі Вена конвенциясындағы» халықаралық құқықтық құжатта қабылданған ережелер жиынтығын әлемдегі қауымдастық елдерімен қатар Қазақстан Республикасы өз парламентінде бекіткен болатын. Екі жақты және көп жақты қарым-қатынастарда дипломатиялық протоколдың қажеттілігі – Төтенше және Өкілетті елшінің Елбасына тапсыратын Сенім грамотасынан басталып, өзара жоғары деңгейде ұйымдастыратын сапарлар мен ресми кездесулер және әр түрлі жиындар өткізумен аяқталады. Сондай-ақ дипломатиялық протокол – адамның өзін –өзі ұстау, киім кию, жүріс-тұрыс этикеттерін сақтауын да қамтиды. Сондықтан да дипломаттар алдында қабылдау мемлекетіндегі әріптестерімен достық қарым-қатынас орнату арқылы өз халқы мен мемлекеті туралы жағымды пікірлер қалыптастыру мақсаты тұрады. Осы орайда дипломатиялық протоколдың маңыздылығы жөнінде бірер мысал: 1992 жылдың ортасында тәуелсіз ҚР\мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Франция Респ\сының сол кездегі Презіиденті Франсуа Миттеран мырза біздің Елбасымызды Францияға ресми сапармен келуге шақырды. Франция мем\ті бесінші боллып, яғни 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастар жөніндегі Хатттамаға қол қойған болатын. Осы кезде ҚР СІМ\нің протокол бөлімінің бастығы басқа жұмысқа ауысып, оның орны бос болғанды. Қалыптасқа тәжірибе бойынша, топқа қол қойылуға тиісті құжаттарды дайындайтын әр түрлі мекеменің өкілдері кірді. Әрине, дайындық тобына бсшылық ететін СІМ-нің өкілі. Баршаға мәлім, сапардың сәтті өтуі дайындық тобына байланысты, оған қоса, бұл жәй ғана сапар емес, жоғары деңгейдегі Елбасының сапары.

Қабылдаушы тараптар барынша қонақжайлығын көрсету керек. Өкіл етуші тараптар қабылдаушы мемлекетке келген кезде, ұшақтан түсе сала Елбасына арнаған машинаның алдында 300 атты әскери кортеж гвардиясы тұрады. Бұл – ең жоғары дәрежедегі өте сыйлы қонаққа арналған салтанат болып саналады.

Протоколдық шаралардың мүлтіксіз орындалуынан, оған республиканың жауапты қызметкерлерінің айрықша мән беруінен сол ел туралы бет-бейне қалыптасады, оларға немқұрайлы қарамай, оның барысында ұстамдылық пен төзімділік көрсеткен абзал.

Протоколдық қызметтің ішіндегі маңыздыларының бірі – ҚР\ның қабылдаушы мемлекетіне барған Төтенше және Өкілетті елшілерінің Сенім грамоталарын тапсыру үрдісі. Мысалы, Сауд Арабиясы Корольдігінде ҚР\ның Төтенше және Өкілетті елшісі болып, Оман Сұлтанында Қазақстанның елшісі қызметін қоса атқарған Бағдад Әміреев өзінің «Аравия монархиялары» атты кітабында сол елдің Сұлтаны Кабус Бен Саид мырзаға Сенім грамотасын тапсырғандығы туралы былай жазады: «Оман Сұлтанатындағы сенім грамотасын тапсыру басқа елдерге қарағанда өте сәндә және салтанатты өтеді екен. Бір күн бұрын қонақ үйге Оман Сұлтанатының СІМ\дегі протокол бөлімінің қызметкерлері бір кітап әкеліп берді. Онда болашақ салтанат жәйі түгелімен қамтылған, тіпті, Сарайдың маңы, құрметті қарауылдар тұратын орындар, салтанатқа қатысатын лауазымды тұлғалар тізімі бар. Сенім грамотасын тапсырғанға дейін, қонақ үйге, Елшіге арналған лимузин машинасы мен тоғыз адамнан тұратын мотоциклистер кортежі келді, оған қоса, Елшілік дипломаттары мен Оман СІМ\нің протокол қызметкерлері мінетін тағы да екі машина болды. Келуді алты қатардан тұратын құрметті қарауыл мен әскери оркестр күтіп тұрады. Екі елдің әнұрандары кезектесіп орындалады. Сенім грамотасын тапсыру рәсімі 5 минутқа созылады». Сенім грамотасын тапсыру рәсімі әр елде әр түрлі жағдайда өтетіндігі және оған қабылдаушы мемлекеттің протокол қызметінің аса зор мән беретіндігі маңызды.

Халықаралық протокол – барлық дипломаттарға тән, ол міндетті түрде сақталуға тиісті қағидалардан тұрады. Олар – дипломаттардың жүріс-тұрысы, киім киюі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері тағы да басқалар.

Біздің елдегі дипломатиялық қарым-қатынаста пайдаланылатын протокол – көптеген Еуропа мемлекеттері қолданысындағы протокол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]