Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

47.Солтүстік-Оңтүстік мәселесі

Әлем дамуының қазіргі үдерістері, халықаралық проблемалардың кең шеңберіне жаңа өлшем берді. Өнеркәсібі дамыған және даму үстіндегі мемлекеттер қарым-қатынастарының жалпы шарттарымен байланысқан Солтүстік пен Оңтүстік арасының үзілу проблемасы да солардың қатарына енді. Отаршылдық жүйесінің ыдырауынан кейін, бұл қарым-қатынастар мәселесі алғашқы рет күн тәртібіне қойылды. Ал Солтүстік және Оңтүстік атаулары саясат сөздігінде нығайып қана қоймай, «бай» және «кедей» мемлекеттер арасындағы XXI ғ. ғаламдық майдандасу векторы секілді қайшылық синонимі ретінде де көп кездесе бастады.

«Әлемдік Оңтүстікке» қатысты, аймағында қалыптасқан нақты ахуалды талдау, қырғи-қабақ соғыстың бітуінен кейін, халықаралық саясатта басым болған үрдістер апокалиптикалық мағына болжамдарын дәлелдемейді. Сонымен қатар, адамзат көпшілігінің мүшкіл халімен байланысты көптеген қауіп-қатерлеріне елеулі назарының күшейуін болжайды.

Мәселенің түсіндірілуі. Қазіргі таңда ғаламшарымыздың шамамен 80 % жұрты тұратын әлем Оңтүстік аймағындағы, ауыр әлеуметтік жағдайлар (БҰҰ жіктеуі бойынша 140 дамыған ел), көптен бергі ауыр уайым болатын. 15-20 жыл бұрын болған жағдайға қарағанда қазіргі Оңтүстік аймақ жағдайы едәуір өзгерген, алайда дамыған және даму үстіндегі мемлекеттер арасындағы тұрмыс-деңгей айырмашылығы, көпшіліктің мойындауынша – қазіргі заманның бірден бір маңызды гуманитарлық шақыруы болып табылады.

Бұл әркелкілік материалдық қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім, тұрмыс жағдайлары, тамақтандыру, қауіпті аурулардың таратылуы, шетінеу, өмірдің жалғасуы, мемлекет қарызының мөлшері, саяси тұрақсыздық, азаматтардың жеке қауіпсіздігі, осы заманғы технологиялар, тағысын тағы ұзақ тізім көрсеткіштерін драматикалық диспропорцияларда көрсетеді. Солтүстік жартышары елдерінде тұратын, жер шары халықының шамамен 20 % пайызы, барлық өндірілетін өнімнің шамамен 90% пайызын, 60 % пайыздай дерлік өндірілетін қуатын тұтынады, ал олардың табысы дамыған елдер халықының табысынан 60 және одан да көп есе болып келеді. Бұл ретте, ғаламшар халқының шамамен бесінші бөлігі XX-XXI ғ.ғ. төңірегінде қарапайым табиғи шаруашылық жағдайымен ғұмыр кешуде.

Әр елдің даму сатысын салыстыру мақсатында небір көрсеткіштер ойластырылған болатын. Қолданыста жиі кездесетіні – адам дамуының көрсеткіші. Бұл көрсеткіш мемлекеттің ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім)-ін есептеп қана қоймай, өмір ұзақтығы, білім деңгейі т.т. сияқты әлеуметтік параметрлерді де қарастырған.

Азия, Африка және Латын Америка кейбір елдерінің абсолюттік кедейлік жағдайында тұратын халық санының мәліметі даму Бағдарламасының бағасы бойынша Солтүстік пен Оңтүстік болып табылады. Дүние жүзілік банк (ДБ) анықтамасы бойынша, жан жақты өлшем осы жағдайда – күніне бір АҚШ доллары көлеміндегі жандық табыс, бұндай табысқа Жер тұрғындарының 1,2 млрд саны өмір сүруге мәжбүр. Ғасырлар мәресінде бұлардың 90 % пайызы (атап айтқанда 1млрд. 90 млн. адам) Африка мен Азияда, 6,5 % пайызы Латын Америкасы мен Карибта тұрған. Егер «абсолютті кедейлер» қатарына, күнгі табыстары 1 ден 3 долларды құрайтын «өте кедейлерді» қоссақ, онда кедейлер саны ғаламшарымыздың жартысын құрайды. Жоқтық, қайыршылық және соған жақын кедейліктің басқа да түрлері – бұл кешендік құбылыс, өзіне тән белгілері табыстың және тұтыну деңгейінің төмендігі, аштық және тойып жемеушілік, денсаулықтың төмен болуы, білімсіздік және квалификациясыз еңбек, таза су көзінің жоқтығы, басқа да санитарлық жағдайлардың жоқтығы және де әлеуметтік-экономикалық сілкініс осалдығы. Бұл сипаттамалар тығыз байланысты және жалпы барлық адамзаттының даму жолында маңызды қатерлер жүйесін құрайды. Сонымен қатар, миллиондаған адамның өз елдеріндегі демократиялық үрдісіне қатысу құқығынан мүлдем айырылуы да осыған кіреді.

Сонымен, ХХI ғ. басында Солтүстік пен Оңтүстік арасын үзу проблемасы стратегиялық мәселелерді шешуді қиындататын әртүрлі қосымша негіздерге ие болады. Дамудың барлық сұрақтар ауыртпалығы, алдыңғы мерзімге қарағанда кедейшілікті жеңу мен кейбір елдердегі халықтың ішкі әлеуметтік теңсіздігі саясатының аясына көшеді.

«дүние жүзілік Оңтүстік» -ке жататын көптеген елдердің экономикалық ахуалын нығайту, және осы макроаймақтың дифференциациясы бұрынғыдай кедейшілік пен байлықтың глобальдық поляризациясынан емес, дамыған елдердің дүние-мүлкінің теңсіздігінің критикалық көлемінен қауіптендіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]