Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

27.Х/а қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесінің құрылуы

Халықаралық қатынастардың ялта-постдам жүйесі – 1945 жылы 4-11 ақпан аралығында Ялта (Қырым) және 1945 жылы 17 шілде-2 тамызда Постдамда (Берлин) өткен конференциялардың келісімдерімен бекітілген халықаралық қатынастар жүйесінің геосаясаттағы аталуы.

Алғашқы рет соғыстан кейінгі реттеу мәселесі жоғарғы деңгейде 1943 жылы (28 қараша-1 желтоқсан) Тегеран конференциясы барысында қойылды, сол кездің өзінде екі держава – АҚШ пен КСРО – позицияларының күшеюі айқын байқалды, бұларға соғыстан кейінгі әлемнің тағдырын анықтаудағы шешуші рөл өтті. Яғни соғыс барысында болашақ биполярлы әлем негіздерін қалыптастыру алғышарттары туа бастады. Бұл тенденция толық сипатта Ялта және Постдам конференцияларында көрініс тапты, осы конференцияларда ХҚ жаңа моделі қалыптастырумен байланысты кілтті мәселелерді шешудегі басты ролді екі супердержава КСРО мен АҚШ атқарды.

1945 жылы 4-11 ақпан аралығында Ялтада (Қырым) антигитлерлік коалиция елдерінің – АҚШ, КСРО және Ұлыбритания көшбасшыларының конференциясы орын алды. Кездесу Ливадий сарайында Черчилль, Рузвельт, Сталин қатысумен өтті. Мұнда әскери мәселелер және әлемнің соғыстан кейінгі реттелуі бойынша мәселелр талқыланды.

Ялтадағы шешімдер негізінен екі мәселеге байланысты болды:

• Үшінші рейхпен оккупацияланған жаңа мемлекеттік шекаралардың өткізілуі қажет етілді. Осымен қатар, Тегеранда басталған іс –одақтастар арасындағы ықпал ету аймақтарының бейресми, бірақ тараптармен жалпымойындалған демаркациялық сызықтарды орнату керек болды.

• Ортақ жаудың жоғалуынан кейін Батыс пен КСРО-ның мәжбүрлі бірігуі мәнін жоғалтатынын одақтастар жақсы түсінді, сондықтан әлем картасында жасалынған шекаралық сызықтардың өзгерместігін кепілдейтін процедуралар өткізу қажет болды.

• Сонымен қатар, жау күштерін біржолата талқандаудың жоспарлары мен мерзімдері келісілді.

• АҚШ, КСРО және Англия «өздерінің айнымас мақсаты – герман милитаризмі мен ұлтшылдығын жою және Германия енді бүкіл әлемнің бейбітшілігін бұза алмайтындығының кепілдіктерін жасау» деп атап өтті. Үш держава герман ұлтының жоюлуын көздемейтінін және ұлтшылдық пен милитаризмнің құртылғанынан кейін ол әлемдік қауымдастықта лайықты орын ала алатынын жариялады.

• Бұған қоса, АҚШ, КСРО және Англия Германияда үш аймақ басып алуға және басқару және бақылау үшін одақтық әкімшілік пен арнайы бақылау органын құруға келісті. С.қ., Францияны оған белгіленген аймақты басуға және бақылау органы жұмысына қатысуға шақырылды.

• Репарацияларды максималды мүмкін шамада белгілеу және ол үшін репарация бойынша арнайы комиссия құру

• Польша мәселесіне байланысты Сталин мен Черчилль арасында қызу пікір-талас болды. Оның шығыс шекаралары Керзон сызығы бойынша өтті.

• Югославия мәселесі талқыланды және «Азат Еуропа туралы Декларация қабылданды». Державалар бір-бірімен тұрақты консультациялар үшін механизм құрды (сыртқы істер министрлерінің кеңестері).

• Қиыр Шығыс тағдыры жеке құжатпен шешілді. КСРО Курил аралдары мен Оңтүстік Сахалинді алды. Монголия тәуелсіз мемлекет болып қалды.

• Ялтада жаңа Ұлттар Лигасының құру идеясының жүзеге асуы басталды. Одақтастарға ықпал ету аймақтарының белгіленген шекараларын өзгерту талпыныстарын алдын-алуға қабілетті мемлекетаралық ұйым керек болды. Тегеран, Ялта конференциялары және Думбартон-Окс келіссөздерінде БҰҰ иделогиясы қалыптасады. БҰҰ қызметінің негізіне қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды сұрақтарды шешу кезінде вето құқығына ие Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – ұлы державалардың бірауыздылық қағидасы жататыны келісілді. Осы ялта құжаттарында 1945 жыл 25 сәуір – БҰҰ Жарғысы жасалуы тиіс Сан-Франциско конференцияның басталу датасы пайда болды.

Постдам конференциясы 1945 жылы 17 шілде-2 тамыз аралығында 2 джс-да антигитлерлік коалицияның үш ірі держава басшыларының қатысуымен Цецилиенхоф сарайында Еуропаның соғыстан кейінгі тағдыры бойынша келесі қадамдарды анықтау мақсатымен өтті. Бұл «ұлы үштіктің» үшінші және соңғы кездесуі болды. Конференция жұмысына АҚШ президенті Гарри Трумэн, КСРО басшысы Сталин және Ұлыбритания премьер-министрі Уинстон Черчилль, кейін ол сайлауда жеңіліске ұшырап, орнына Клемент Эттли қатысады. Шешімдері:

• Германияны оккупациялау мақсаттары оның денацификация, демилитаризация, демократизация, децентрализация және декартелизациясы жарияланды. С.қ., Германия біртұтастығын сақтау.

• Германияның шығыс шекаралары батысқа Одер-Нейсе сызығы бойынша жылжыды, 1937 жылмен салыстырғанда оның аумағы 25%-ға азайды. Германиядан алынған аумақтың басым бөлігі Польша құрамына кірді. Кеңестер Одағына Кёнигсберг астанасымен Шығыс Пруссияның үштен бірі (қазіргі Калининград облысы) кірді. Курш косасы мен Клайпеда қаласын қамтитын үлкен емес облыс Литва КСР өтті.

• Сталин Германия капитуляциясынан 3 айдан кейін Жапонияға соғыс ашуға міндеттемесін растады. Одақтастар Жапониядан сөзсіз капитуляцияны қажет ететін Постдам декларациясына қол қойды.

• Үш держава әскери қылмыскерлердің жазалануы керектігін жариялады. 1945 жылы 20 қарашада Нюрнбергте Халықаралық әскери трибунал өз жұмысын бастады.

Постдам дәуірі тарихи прецедентке айналды, себебі бұған дейін бүкіл әлем ықпал ету аймақтарына жасанды бөлінбеген еді. Күштердің биполярлы бөлінуі тарихта «қырғи-қабақ соғысы» деп аталып кеткен капиталистік және социалистік лагерьлер арасындағы қайшылықтың өсуіне әкелді.

Бұл жүйеге АҚШ пен КСРО арасындағы тікелей әскери қарсыласу басталуының тұрақты қаупі тән.

Ялта-Постдам жүйесінің аяқталуын әлемдік социалистік лагерьдің күйреуі белгіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]