Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

17.Қазіргі кездегі аймақтық дауларды реттеу ерекшеліктері және шешу жолдары (бір қақтығысты мәселені талқылау)

Американ ғалымы Л.Козер: «Қақтығыс бұл құндылықтар, мәртебе,билік немесе ресурстар үшін ұжымдық акторлар арасында соқтығыс ж\е бұл жағдайда әрбір жақ өзіне қарсы тұрған жақты әлсіретуге немесе жоюға тырысады» . Американ ғалымы Боулдинг « Қақтығыс дегеніміз бәсекелестік жағдайы ж\е бұл жағдайда қақтығысқа қатысушылар өзінің позициялары бір біріне қайшы екенін нақты түсінеді». Осы анықтамалар қақтығысты зерттеуде объективтік көз қарасты ұстану болып табылады. Дж.Бертон: « Қақтығыс көбінде субъективтік сипатта болады. Қақтығыс акционалдық бағыт дегендердің өкілдері Девяник объективтік ж\е субъективтік бағыттарды қосқысы келді».

С.Митчел бойынша:« Қақтығыс бұл қарама қайшы мақсаттары бар н\е олар бар деп ойлайтын екі н\е бірнеше жақтардың (адамдар, топтар) арасындағы қатынастар. Р.Дарендорф бойынша: «Қақтығыс бұл бәсекелестік, жарыс, дауыл, шиеленіс, сонымен қатар әлеуметтік күштер арасындағы қарама қайшылықтар». Дж.Галтунг бойынша: «Қақтығыс бұл бір мезетте жоюшы әрі құраушы өзіне тиісті зорлығына байланысты қазіргі ж\е болашақтағы потенциалды қауіпті құбылыс, сонымен бірге белгісіз бір жаңа дүниені жасауға мүмкіндік беретін тамаша құбылыс».

Алдымен аймақтық қақтығыс түсінігінің өзіне анықтама беру қажет. Қазіргі американдық халықаралық қатынастар мамандары Патрик Морган ж\е Дэвид Лейк жұмыстарының бірінде былай деп жазылған: Қазіргі әлемдегі регионалстиканың жетістіктерінің барлығына қарамастан атаулы ұғым бұрынғыша анықталмайтындардың қатарына жатқызылады, минимум ретінде аймақтарды бөлудің сегіз критерилары туралы ж\е атаулы ұғымның 21 нұсқада түсінігі туралы айтуға болады. Қырғи қабақ соғыстан кейін 90жылдары көптеген жергілікті қақтығыстар өріс алды, мысалы посткеңестік кеңістіктегі Шығыс Еуропадағы, Африкадағы, Таяу Шығыстағы. Енді «Ғаламдық» сөзінің орнына «аймақтық» қолданысқа енгізілді. Қақтығыстардың интернационализациясы жүріп жатыр. Осы тарапта «аймақтық» сын есімі универсалды сипат алып, ішкі ж\е х\а қақтығыстарға бірдей пайданылады. Осылайша, аймақтық қақтығыс термині жаңа ғаламдық қарама қайшылықтың жоқтығын , қазіргі заманғы қақ\ң ішкі көп түрлілігін, оларда жаңа сипаттың пайда болуын көрсетеді. Бұл терминнің қолданысы өте кең. Оның қалай пайда болатындығы аса маңызды емес. Оның қандай қызмет атқаратындығы маңыздырақ. Д.Лейк пен П.Морган бойынша « Аймақ- бұл екі немесе оданда көп мемлекеттен құралған өзара байланысқан территория». Маңыздысы аймақтық қақтығысқа тек мемлекет қана емес сонымен бірге өзге де факторлар мүше бола алады.

Қақтығыстарды зерттеуші барлық дерлік мамандар қақтығыс қарама қайшылықтар негізінде пайда болады деп есептейді.Қақтығыс екі н/е одан да көп қатысушылар арасында пайда болады.Қатысушылар: мемлекеттер;мемлекеттер топтары (альянс,блоктар); саяси қозғалыстар;ресми билік;ұйымдар;әр түрлі ағымдар.Қақтығыс саласын терең зерттеушісі Оле Холсти 1919-1965жж. аралығында орын алған 77 х/а қақтығыстарды зерттей отырып,мынадай дәстүрлі пайда болу себептерін анықтаған:

• Территориалдық претензиялар;

• Мемлекетегі режимге деген негативті қатынас;

• Белгілі бір құқықтар н/е артықшылықтардың болмауы/болуы;

• Ұлтшылдық;

• Империялық амбициялар;

• Экономикалық проблемалар (салықтар,тарифтер,коммерциялық кеме жүзу,балық аулау,т.б.)

Институционалды процедуралар.

Үкіметаралық ұйымдардың (Ұлттар Лигасы, БҰҰ) пайда болуы мен дамуы халықаралық қақтығыстарды екі бағытта шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, Ұлттар Лигасы, БҰҰ ға мүше елдер қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге міндетті. Екішіден, институционалды механизмдерді пайдалану. Ендігі кезде «үшініші мемлекет» ғана емес, сонымен қатар үкіметаралық ұйым да шешім қабылдай алады: зерттеу комиссиясын тағаыйндау, өз көмегін ұсыну, делдал қою. Мысалы, 1948-1949 жылдардағы Палестина мәселесін Бас Ассамблея тағайындаған ресми делдал шешті. 1970жылдардағы Израиль мен араб елдері арасындағы келіссөздер жүргізу БҰҰ БА тағайындаған комиссияға жүктелді. Бірақ халықаралық қатынастар тәжірибесі көрсеткендей ақ, әр бір кездің ағымына сай мемлекеттер күшіне де тәуелділік байқалады. Мысалы, «қырғиқабақ соғыс» кезінде барлық мәселелер екі супердержава – КСРО мен АҚШ арасында шешілді. Басқа тәуелді елдер олармен келісуге тура келді. Шынына келгенде, супердержавалар арасындағы қақтығыстар. БҰҰ, басқа да ұйымдар реттеуіне түспеді,өз бетінше жүргізілді. Халықаралық қақтығыстарды зерттеудің үш жолы бар: «стратегиялық зерттеу», «қақтығысты зерттеу», «бейбітшілікті зерттеу». Реттеу механизмдері Қазір кездегі механизмдер өте күрделі әрі өзгермелі. Қазіргі таңдағы дипломатиялық жолмен шешу өзінің тиімсіздігін байқатып отыр. Керісінше, экономикалық және қаржы механизмдер ролі күшейді. Гуманитарлық операциялар өз тиімділігін көрсетуде. Оның негізіне адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адамды құрметтеу жатады. Информацмонды элемент те көзге түсерлік. Құқықтық элемент метаморфозаға ұшырауда. Соңғы кездері БҰҰ мен Қауіп Кеңесінің ролінің төмендеуі байқалуда. Ең негізгі – бұл татуластыру операциялар. Оларға:

-Бейбітшілікті орнату – дипломатиялық қысым, делдалдық немесе келіссөздер арқылы жүзеге асады.

-Бейбітшілікті сақтау – қарусыз түрде

-Бейбітшілікке міндеттеу - әскери операциялар немесе күш қолдану

-Бейбітшілікті құру - әскери қимылдардан соң экономикалық және саяси тұрақтылықты қалпына келтіру.

Солтүстік Кавказ аймағындағы қақтығыстар.

Солт.Кавказ 17,8млн халқы бар Еуропалық Ресейдің ең тығыз қоныстанған оңтүстік аймағы. Оның ең негізігі ерекшелігі халықтың көп ұлтты сипаты. Кабардиндіктер, черкестер, адыгейлер бірегей адыг этникалық қауымдастығын құрайды. Олар негізінен Адыгейде Корачаево-Черкесияда ж\е Кабардино-Балкарияда өмір сүреді. Дагистанда аварлықтар, лактықтар, рутулдықтар, агулдар, Ченчня мен Инушетияда нақ тобы ж\е түріктік этностар өмір суреді. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынастарда аймақтық факторлар негізгі роль атқарады. Кавказ кең көлемдегі әлемдік маңызы бар іс\әрекеттер мен үрдістердің эпицентрне айналды. Бүгінгі таңда отыздан астам мемлекеттер ж\е трансұлттық ұйымдар мен компаниялар Кавказды өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы деп жариялады. Сол себепті, көптеген сыртқы ж\е ішкі күштер аймақтағы жағдайға өз әсерін күшейтуге тырысады. Аймақтағы негізгі тұрақтылыққа қарсы факторлардың ішінде Нагорный Карабахтағы, Абхазия ж\е Оңт.Осетиядағы қақтығыстар болып табылады. Бұл аймақтағы дефакто түүрінде танылған Азербайджан, Армения ж\е Грузиямен қатар үш танылмаған мемлекеттік құрылым бар: Нагорный Карабах, Абхазия, Оңт.Осетия. Аймақтағы қақтығыстардың реттелмеуі Кавказдағы мемлекеттердің дұрыс дамуына кедергі келтіреді. Бұл өз кезегінде РФның Солт.Кавказдағы субъектілеріне кері әсер етеді. Аймақтағы қақтығыстардағы қарама\қарсы топтар «не соғыс емес, не бейбітшілік емес» жағдайына адаптацияланған. Ресей қарулы қақатығыстар пайда болғаннан бастап аймақтық тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтылды. Бұл үш қақатығыстарды саяси реттеу жөніндегі келісімдер Ресейдің рақасында қабылданған. Ресей Абхазия ж\е Оңт.Осетиядағы жүргізіліп жатқан бейбітшілік үшін операцияларын әскери контингенттермен ж\е қаржылық көмектермен қамтамасыз етеді. Солт. Кавказдағы барлық әлеуметтік ж\е саяси мәселелер конфессиялық факторға байланысты. Ғасырлар бойы бұл аймақтағы әртүрлі этникалық ж\е діни көз қарастар өзгерген жоқ. Дінге байланысты негізгі қақтығыстар 1994жылы жазда Кизилюртта, 1995ж тамызда Жоғарғы Миятлиде, 1996ж наурызда Кванадада, 1998ж шілдеде Чечнядағы Гудерместе болып өтті. Бұл қақтығыстар нәтижесінде вахабистердің мешіттері қиратылып, олардың мүліктері жойылды. Гудерместегі атыста елудей адам қаза тапты. Олардың отызы вахабистер. Солт. Кавказдағы этникааралық қақтығыстың бір себебі этнопсихологиялық. Ол әр этностың өзін\өзі бөлектеуі «біз-олар» принципімен бөлінуі жатыр. Көптеген этникалық өзін\өзі таныту идеясы ұлттық идеяға айналып отырады. Бұл өз кезегінде агрессиялық іс\әрекеттер тудырады. 1992жылғы Осетин\Ингуштік қақтығыс этнотарихи, ұлттық әкімшілік ж\е этнопсихологиялық себептер тобынан болған. Карачаево\Черкасияда да республиканы ұлттық сипат бойынша трансформациялау мәселесі туындаған, онда бес моноэтникалық республикалар бөлінуі керек еді. Ал, аймақты бөлу қарулы қақтығыстарға алып келуі мүмкін.

Қорытынды:

-Солт.Кавказ РФның ең көп ұлтты аймағы болғандықтан, Ресейге тән барлық мәселелер мен қарама\қайшылықтарына айналды. Ресейдің әлеуметтік саяси мәселелерді күшпен шешу саясаты жағдайды тек қана қиындата түседі.

-Солт.Кавказ халықтары қазіргі уақытта қақтығыстардың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Аймақты экономикалық тұрғыдан қайта жандандыру, оны әлемдік ж\е Ресейдегі еңбек бөлінісіне араластыру, Солт.Кавказдың өндірістік ж\е аграрлық күшін қайта жандандыру, еңбек ресурстарын әсіресе жастарды жалпы ресейлік экономикалық бағдарламаларға тарту қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді жылдамдатар еді.

-Мемлекеттің Солт.Кавказ мәселелерін шешудегі «қарапайым ж\е эффективті» шешімдерден бас тартуы тиіс. Аймақтағы өмірді тұрақтандырудың бейбіт ж\е жандандыру варианттарын таңдайтын кез келді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]