Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

29.Дипломатиялық келіссөздер

«Келіссөздер» ұғымы ағылшын термині «negotiation» және француз «negociation» терминдерінің баламасы, олар латын тілінен шыққан «negotium»: nec – «жоқ», otium – «бос уақыт». Бұл терминнің алғашқы қолданулары сауда және саудашылар қызметімен байланысты.

Мемлекет өкілдерінің сыртқы саяси стратегия, тактика немесе сәйкес дип/қ акцияларды келістіру, пікір алмасу, ақпаратпен өзара алмасу, келісімдерді дайындау және бекіту, даулы мәселелерді реттеу мақсатымен екіжақты және көпжақты қатынастардың саяси, экономикалық және басқа да мәселелерін ресми талқылауы.

Д. К. – мемлекеттер арасында пайда болатын даулар мен қақтығыстарды бейбіт реттеудің негізгі құралы, мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамыту және нығайтудың х/а құқықта ең кең таралған және бекітілген тәсілдерінің бірі.

Д.к. қатысушылардың жеке кездесуі немесе жазбаша – дип/қ хат алмасу жолымен жүргізіледі. Жиі келіссөздердің ауызша және жазбаша формалары бір уақытта қолданылады. Әдетте, дипломаттялық келіссөздердің алдында үлкен дайындық жұмысы (делегация ұстанымын әзірлеу, қорытынды құжаттар жобасын дайындау) атқарылады.

Д.к. мақсаты – халықаралық қатынастарда пайда болатын мәселелер бойынша келісімге қол жеткізу.

Мемлекеттер арасындағы келіссөздер маңыздылығы ежелден бері атылп келеді. Келіссөздердің әйгілі шебері және пропагандисті кардинал Ришелье болды. Өзінің «Саяси мұрасында» ол былай жазған: «Мен келіссіөздердің болашақтағы жемісі дәл қазір онша анық болмаса да, оларды барлық жерде, ашық немесе құпиялы, әділ жүргізу – мемлекеттің игілігі үшін өте қажет нәрсе деп жариялауға батыданамын». Көптеген мемлекеттік қайраткерлер, философтар және саясаткерлер мемлекеттер арасындағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтті, 18 ғасырға дейін келіссөздерді қалай жүргізу керек туралы жұмыстар болған емес. 1714 жылы Франсуа де Кальер француз жазушысының «Тақсырлармен келіссөздерді жүргізу тәсілдері туралы» кітабы жарыққа шықты. 20 ғасырларға дейін бұл кітап осы саладағы жалғыз ғылыми зерттеу болып қалды. 20 ғасырлардың 50-70 жж бұл саланы зерттеуде түбегейлі өзгеріс болды, көптеген ғылыми шығармалар жарық көрді. Келіссөздердің ерекшеліктері:

1. Мәселенің болуы (келіссөздердің маңызды алғышарттары)

2. Тараптар мүдделерінің ұқсастығы мен айырмашылығы.

Ортақ мүдделер болмағанда тараптар (мемлекеттер) арасындағы қатынастар бейтарап, мүдделер түрлі болғанда кофрантация болуы мүмкін. Келіссөздер үшін аралас мүдделермен жағдай қажет. Келіссөздер үрдісін зерттеуші профессор Икле атап өткендей, потенциалды қатысушылардың бір уақытта ортақ мүдделері және мүдделер қақтығысы болуы керек. Американ зерттеушілері Фишер және Юри осы жағдайға мән берді, олар келіссөздер сіздің мүдделеріңіз және қарама-қарсы тарап мүдделері ішінара сәйкес келеді, ішінара сәйкес келмейтін жағдайда мәмлеге келуге бағытталған. Мүдделердің әртүрлілігі тараптар қарама-қарсы мүдделерге ие екендігін білдірмейді.

3. Келіссөздер қатысушылардың өзаратәуелдігі. Яғни тараптар өз мүдделерін жалғыз жүзеге асыра алмайды. өзаратәуелділік неғұрлым артық болса, келіссөздердің табысты аяқталу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

4. Күрделі құрылым. Көптеген зерттеушілер келіссөздердің үш кезеңін белгілейді:

• Дайындық

• Өзараәрекеттесу (келіссөздердің өзі)

• Имплементация

5. Тараптардың қатынасы. Кез-келген келіссөздер талқылауды болжамдайды. Сондықтан келіссөздер тараптардың қатынасысыз жүрмейді.

6. Мәселені бірге шешу.

Осылайша, келіссөздер – өзара қолайлы шешімге жету үшін идея, ақпарат және альтернативаны талқылайтын тараптар арасындағы диалог.

Келіссөздер классификациясына тоқталатын болсақ, тараптардың мүдделігіне байланысты келіссөздердің 3 түрі бар:

1. Бір немесе барлық қатысушылар оң шешіміне онша мүдделі емес

2. Қатысушылар нәтижеге қол жеткізуге мөлшерлі мүдде танытады

3. Тараптар мәселені шешуге нақты мүдделі

Өкілдер деңгейіне байланысты келіссөздер 2-ге бөлінеді:

• Саяси келіссөздер. Бұлар жоғарғы (саммиттер) деңгейде (мемлекет пен үкімет басшылары арасында) және жоғары деңгейде (сыртқы істер министрлері арасында) өтеді. Саяси келіссөздерде халықаралық және мемлекетаралық қатынастардың ең маңызды сұрақтары талқыланады. Олардың қатысушыларына арнайы құзырет керек жоқ, өз елінің ұлттық мүдделеріне сай шешім қабылдауға құқығы бар. Жалпымойындалған әдет-ғұрып бойынша мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері арнайы құзыретсіз келіссөздерді жүргізуге және келісімдерге қол қоюға құқығы бар. (ҚР-да арнайы құзыретсіз келіссөздерге Президент, Премьер-министр және сыртқы істер министрі)

• Дипломатиялық келіссөздер. Олар дипломатиялық өкілдер деңгейінде өтеді. Ерекешелігі – келіссөздер қатысушылары нақты инструкция негізінде әрекет етеді және тәуелсіз шешімдерге құқықтарға ие емес. Бұл ресми тұлғалар д.к. жүргізу мен қорытынды құжаттарға қол қою үшін тиісті ресімделген құзыретке ие болу керек.

Француз зерттеушісі Нирамбер қатысушылар қад7/*-78еттіліктеріне байланысты келіссөздерді 5-ке бөлуге ұсынды:

1. қатысушы қарсыластың қажетіліктерін қанағаттандыруға тырысады

2. қатысушы қарсыласқа өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысуға мүмкіншілік береді

3. қатысушы өзінің және қарсыластың қажетіліктерін қанағаттандыруға тырысады

4. қатысушы қарсылас қажеттіліктеріне жағдай жасу

5. қатысушы қарсыластың және өзінің қажеттіліктеріне жағдай жасу

Келіссөздердің талқыланатын мәселелерге байланысты келесі түрлері болады:

• Экономикалық мәселелер бойынша

• Әскери мәселелер бойынша

• Экологиялық мәселелер бойынша

• Гуманитарлық мәселелер бойынша

• Саяси мәселелер бойынша және басқалар

Қатысушылар саны бойынша:

• Екіжақты

• Көпжақты (БҰҰ Генассамблеясы)

Жиілігі бойынша:

• Бір реттік

• Тұрақты (ЕҚЫҰ сессиясы)

Нысаны бойынша: конгресс, саммит, коференция, кездесу, сессия, кеңес.

Негізгі функциялар:

• Ақпараттық-коммуникативтік

• Реттеушілік

• Насихаттаушы

• Ішкісаяси және сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізу

• Халықаралық сахнадағы әрекеттер координациясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]