Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

111

1.1961 жылғы дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясы. Дипл\қ қат\р тур Вена конв 1961 ж 18 сәу қабылданды.

3бап дипл\қ өкілдіктің функ\ры:

1. қабылдаушы мем\те аккредиттеуші мем\ң өкілдігін атқару

2. аккр мем\ң және оның азаматтарының мүдделерін қорғау

3. қаб\шы мем\ң үк\мен келіссөздер жүргізу

4. қаб\шы мем\те оқиғаларды және жағдайды заң әдістері арқ анықтап, өз мем\ң үкіметіне мәлімдеу

5. аккр мем пен қаб мем арасында достық, экон, мәд саласындағы қатынастардың дамуына ат салысу

14 бап өкілдік басшылар үш класқа бөлінеді:

1. елшілер мен нунциялар класы, мем басшылары жанында аккр\ді

2. елшілер мен интернунциялар класы, мем басшылары жанында аккр\ді

3. сенімді уәкілдер, с.у. жанында аккр\ді.

21 бап қаб\шы мем өкілдік етуші мем\ке өз аумағынан өкілдікке қажетті ғимараттарды алуға ат салысып, көмек көрсетуі тиіс.

22 бап өкілдіктің ғимаратына қол сұғылмайды. Қаб\шы мем\ң билік өкілдері ғимаратқа өкілдік басшысының рұқсатынсыз кіре алмайды.

Қабылдаушы мем өкілдік ғимаратының басып алудан, зиян келтіруден, оның тыныштығын бұзатын іс әрекеттерден, ар ұжданын таптаудан қорғау үшін барлық іс шаралар қолдану тиіс.

Өкілдіктің ғимараты, мүліктері, қозғалыс құралдары тінтуден, реквизициялаудан, тұтқындаудан дәне атқарушы іс шаралардан иммунитетке ие.

23 бап:

1. өкілдік етуші мем және өкілдік басшысы барлық мем\к, аудандық және муниципалдық салықтардан, алым салымдардан және баж салықтарынан босатылады. Тек нақты қызмет түрлерінің салықтарынан босатылмайды.

24 бап: өкілдіктің мүрағаттары мен құжаттарына кез келген уақытта орналасқан орнына қарамастан қол сұғылмайды.

Қабылдаушы мем өкілдіктің қызметін өкілдікке қызметтерін атқару үшін барлық жағдай жасалу тиіс.

Қаб мем өкілдіктің барлық ресми мақсаттағы еркін байланыстарына рұқсат беріп, қорғауы тиіс. Өкілдік етушім мем\ң үкіметімен, басқа да үкіметтермен, консулдықтармен байланыстарында өкілдік барлық құрал әдістерді, дипломатиялық жаршыны және кодталған немесе шифрланған депешаларды қолдана алады.

Өкілдіктің ресми хат хабарына қол сұғылмайды. Дипломатиялық поштаны тінтуге, ұстап қалуға болмайды. Дипломатиялық курьер өз міндетін атқару барысында қаб\шы мем қорғау тиіс. Ол жеке қол сұқпаушылыққа ие және тұтқындауға жатпайды. Өкілдік етуші мем н\е өкілдік, арнайы ad hoc дипломатиялық курьерлерді тағайындай алады. Олар өз қызметтерін жүзеге асырған кезде ғана өз иммун\не ие бола алады.

Дипл\қ агенттің жеке басына қол сұғылмайды, ол тұтқынға алуға н\е қамауға жатпайды. Қаб\шы мем оған құрмет көрсетіп, оның жеке басына, ар –ұжданына залал келтіретін іс шаралардың алдын алу тиіс.

Дипл агенттің жеке резиденциясына де қол сұғылмайды.

Дипл агент қаб мем\те қылмыстық юрисдикциядан иммун ие. Ол сондай ақ азаматтық және әкімшілік юрисд иммун ие. Бірақ мына жағдайлардан басқа:

1. қабылдаушы мем\те орналасқан жеке жылжымайтын мүлкіне қатысты заттық арыз шағымдар, егер ол оны өкілдіктің мақсатында қолданбаса

2. мұрагерлікке қатысты арыз шағымдар

3. қаб\шы мем\те өз ресми функцияларынан тыс кәсіби н\е коммерциялық қызметтерге қатысты арыз шағымдар

Дип агент куәгер ретінде куәлік етуге тиіс емес.

Дип агент мүліктік, мем\к, аудандық және муниципиалдық салықтардан, алым салымдардан, баж салықтарынан босатылады, келесілерді қоспағанда:

a) тауарлар мен қызмет түрлері бағаларына қосылатын жанама салықтары;

b) қабылдаушы мем\тегі өкілдіктің мақсаты үшін қолданбайтын жеке жылыжымайтын мүліктерге салынатын салықтар;

c) мұрагерлікке салынатын салықтар мен алым салықтар;

d) қабылдаушы мем\те көзі бар жеке кіріс, комерциялық өндірістерге салынатын салықтар, алым салықтар;

e) нақты қызмет түрлеріне салынатын салықтар;

қабылдаушы мемлекет дип\қ агенттерді барлық еңбек және мем\к міндеткерліктерден, сондай ақ әскер міндеткерліктерден босатуы тиіс.

Қабылдаушы мемлекет қабылданған заңдар мен ережелерге сай кедендік баж салықтарынан босатады.

Дип агенттің жеке багажы егер нақты негіздер болмаса, тексерілмейді. \

Дип қат\р үзілген уақытша немесе толығымен үзілген жағдайда:

a) Қабылдаушы мемлекет, тіпті әскери қақтығыс жағдайында да өкілдіктің ғимаратын, мүліктері мен мұрағатын құрметтеп, қорғауы тиіс.

b) Өкілдік етуші мемлекет өкілдік ғимараты мен мүліктерін үшінші мем\ке тапсырып бере алады.

2.Іі дүниежүзілік соғыстан кейінгі герман мәселесі және еуропалық дипломатия

1945 жылы 4-11 ақпан Ялта, Потсдам 1945жылдың 17 шілде 2 тамыз Ялта және Потсдам конференцияларында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания Германияның капитуляциясынана кейін оккупациясы ұзақ уақытқа жалғасады деп уағдаласты. Оккупацияның мақсаттары жоғары аталған конференцияларда қарастырылғандай, Германияны денасификация, демилитаризация, демократизация, декартелизациялау болды. Германияның аумағын төрт оккупациялық зонаға бөлді: Шығысында Кеңестік, Солтүстік батысында Англия, Батысында Франция және Оңтүстік батысында АҚШ. Кеңес Одағының зонасында орналасқан Германияның астанасы Берлинде төрт оккупациялық секторға бөлінді: кеңестік, ағылшындық, француздық және американдық. Германиядағы жоғары билікті әр оккупациялық зонадағы одақтас әскерлердің бас қолбасшылары уақытша жүзеге асырды. Германияға қатысты барлық мәселелердегі төрт державаның іс-қимылдарын үйлестіруді Бақылау кеңесі жүзеге асырды. Ол оккупациялық әскерлердің қолбасшыларынан тұрды. Берлинді ортақ басқару төрт жақты одақтас комендатураға жүктелді. Бақылау кеңесі мен одақтастық комендатура бірауыздылық қағидасы бойынша әрекет етті. Оккупациялық режим Австрияда да орнатылды, себебі ол 1938-1945 жылдары Германияның құрамында болған. Германия секілді Австрияда төрт оккупациялық зонаға бөлінді:кеңестік, ағылшындық, американдық және француздық. Австриядағы жоғары билікті уақытша одақтастық кеңес атқарды. Ол КСРО,АҚШ, Ұл\я және Фр\я тұрды.

Германияның кеңестік оккупациялық зонасында Кеңес әскери әкімшілігі фашистік мемлекеттік аппаратты жойды. Жұмысты бақылау жүйесінің енгізілгендігі, фашистік мемлекеттің, нацистік партия мен әскери қылмыскерлердің мүліктерін тәркілеу, демократиялық аграрлық реформа жүргізу туралы декреттер шығарды. Осының арқасында кеңестік зонадағы саяси өмірде немістік антифашистік топтар, ең алдымен, коммунистер белсенді роль атқарды. Германияның батыстық оккупациялық зоналарында АҚШ,Ұля, Фряның әскери әкімшіліктері, әскери қылмыскерлер үстінен бірнеше процестерді ұйымдастырды, демократиялық еркіндікті орнатты, аграрлық реформа жүргізді. Барлық антифашистік партиялардың қызметіне рұқсат берілді, алайда Батыс державалардың әскери әкімшілігі ең алдымен, христиандық демократтар мен еркіндік демократтардың партияларын қолдады.

Соғыс кезіндегі келісімдерге сай, КСРО,АҚШ,Англия және Франция басты әскери қылмыскерлерді жазалау мақсатында халықаралық әскери трибунал құрды. Трибуналдың отырысы 1945 жылы 20 қарашада Нюрнберг қаласында ашылды. Бұл жерде бұрын фашистік партияның съездері өтіп тұратын. Сотқа тірі қалған негізгі нацистік әскери қылмыскерлердің 24тартылды. Олардың ішінде Гитлердің орынбасарлары Геринг және Гесс, адмирал Дениц, бұрынғы канцлер Папен, СІМ Риббентроп және басқалары.

Соғыстан кейінгі реттеуде ең тығыз мәселелердің бірі бейбіт келісім шарттарды бекіту болды. Германияның үкіметі болмағандықтан, жеңуші державалар ең алдымен Германияның еуропалық одақтастары – Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бейбіт келісім шарттар бекітуге шешім қабылдады. Потсдам конференциясында КСРО АҚШ, Ұля, Фря және Қытай ның СІМ кеңесі құрылды, оның басты міндеті Германияның одақтастарымен бейбіт келісім шарттарды дайындау ед. Бұл келісім шарттардың жобасы Парижде атқарылып жатқан, бейбіт конференцияларда талқыға салынды. Келісімдерді дайындау процесіндегі сияқты, Париж конференциясында да КСРО, АҚШ және Англия арасында қарама-қайшылыққа тап болды. КСРО үкіметі Румыния, Венгрия дәне Болгарияның халықтық демократиялық үкіметтерінің құрылуын қолдаған болатын, ал АҚШ пен Англия олардың түбегейлі қайта ұйымдастыруын талап етті. Олар тағы Кеңес Одағының Югославияның славян жерлеріне қосу туралы ұсынысына қарсы тұрды.

Нәтижесінде АҚШ пен Англияның талаптары қабылданбады. 1947 жылы 10 ақпанда Парижде Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен бейбіт келісімге қол қою жүзеге асырылды.

Бейбіт келісімдердің территориялық қаулылары бұрынғы фашистік мемлекеттердің иеліктерін жойды. Италия Албания мен Эфиопияның суверенитеттерін мойындады. Италия жаулап алған Додеканез аралдары Грекияға қайтарылды. Триестен басқа Юлийстік Крайна Югославияға берілді. Ал Триест өзіне жататын бір кіші облысымен «еркін аумақ» деп жарияланды. Италия өзінің Африкадағы Ливия, Эритрея және италиандық сомали отарларынан айырылды. Румынияға Трансильванияның бөлігі қайтарылды. Финляндия КСРОға 1920 жылы Кеңес Одағы беруге мәжбүр болған Петсамо облысын қайтарды.

Бейбіт келісімдердің саяси қаулылары Италия, Венгрия, Румыния, Болгария жіне Финляндияны барлық азаматтардың негізгі демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамсыз етуге мәжбүрледі, фашистік ұйымдардың қайта жандануы мен қызмет етуіне тиым салынды, әскери қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту қарастырылды. Бұл мемлекеттерге шектеулі көлемде өз қорғаныстары үшін қарулы күштерін иеленуге рұқсат етілді, бірақ атомдық қару және басқа да жаппай қырып жоятын қару жарақ өндіруге тыйым салынды.

Келісім шарттардың экономикалық бөлімдері агрессиядан құрбан болған мемлекетерге репарация төлеуді қарастырды: Кеңес Одағы, Албания, Грекия, Югосл, Чехославакия және Эфиопия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]