Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать
  1. 3.Міндеті: Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру. Ауыспалы осы шақ жасайтын жұрнақтарды білу. Жаңа сөздерді және мәтін бойынша сұрақ-жауап әдістермен сөйлеу.

  2. 4. Негізгі ұғымдар:

  3. 1. Ауыспалы осы шақ туралы мәлімет беру

  4. 2. Ауыспалы осы шақ қандай жолмен жасалады?

  5. 3. Біздің университет туралы өз ойыңызды жеткізіңіздер.

  6. 4. Біздің университетте қанша факультет бар?

  7. 5. Алматы медицина институты қашан құрылды?

  8. 6. Біздің университет туралы түсінік

  9. 7. Біздің университеттің жетістіктері туралы өз ойыңызды айтыңыз

  10. 5.Сабақ өткізу жоспары:

  11. А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

  12. Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

  13. Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

  14. -Мәтін бойынша жұмыс (45-50 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

  15. -Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (40-45 минут).

  16. -Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

  17. В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

  18. 6.Өткізу түрі - тәжірибелік

  19. 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

  20. Сабақ үстіндегі жұмыс, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.

  21. 8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері, университет туралы аудиодиск

  22. 9.Тапсырмалар

  23. 1-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.

  24. 1. Мен қалада тұр....мын. 2. Менің шешем дүкеннен азық-түлік әкел...ді. 3. Біздің отбасымыз кешке теледидар көр...ді. 4. Талғат суретті жақсы сал....ды. 5. Жанат шаңғы тебе....ді. 6. Сен кереуетте жат...сың. 7. Сіз-дер қайда қыдыр....сыздар? 8. Сендер көп сөйлес....сіңдер. 9. Сіз маған күнде кел....сіз.

  25. 2-тапсырма. Етістіктерді жіктеңіз.

  26. Айту, алу, ұшу, жету, ойнау, түзеу, ойлау.

  27. 3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

  28. 1. Я газеты не читаю, Алия читает. 2. Ты в магазин не ходишь, я хожу. 3. Ты не живешь в этом доме, Талгат живет. 4. Мурат не спит на этой кровати, Асет спит. 5. Мы не смотрим телевизор, наши друзья смотрят. 6. Он не гуляют в парке, мы гуляем. 7. Самат не играет в футбол, Нурлан и Ахан играют. 8. Его мама не работает на заводе, папа работает. 9. Ты не думаеш, Салтанат думает. 10. Асель не поет, Жанат поет.

  29. 4-тапсырма.Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

  30. Университет – білім ордасы

    1. Біз оқып жүрген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің іргетасы 1930 жылы қаланған. Еліміздегі жоғары білім көшбасшысы саналатын 80 жылдық тарихы бар университет мемлекетіміздің тыныс-тірлігімен, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласының білікті мамандарын даярлауда жеткен жетістіктері ұшан-теңіз.

  31. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тек білімді мамандардың ғана емес, біліктілердің де ұясы. Жас студенттер арасында көптеген талантты, дарынды да талапты болашақ дәрігерлерді кездестіреміз.

  32. 1989 жылы институтқа оның тұңғыш ректоры С.Ж.Асфендияровтың аты берілді. 1996 жылы тамыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, 2001 жылдың маусым айында – Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті болып қайта аталды. Қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жоғары медициналық білім беру саласында республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

  33. Қалыптасқан үрдіс жыл сайын желтоқсанның 1-4 аралығы «Университет күндері» деп жарияланып, бұл күндері әр түрлі тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, шетелдік танымал ғалымдардың дәрістері тыңдалады. «Студенттікке қабылдау», тағы басқа да ерекше есте қаларлық, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады.

  34. Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде мына факультеттер бойынша сабақтар жүргізіледі:

  • Жалпы медицина факультеті

  • Медика-профилактика факультеті

  • Стоматология факультеті

  • Фармацевтика факультеті

  • Менеджмент факультеті

  • Шет елдік студенттер факультеті

  • Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

  • Білімін жетілдіру факультеті