Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адамның суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

тұқым – потомство

зәру – нужда

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение

ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение

демікпе – одышка, астма

құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность

күйзеліс депрессия

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Дені сау адамның, ауыр ой еңбегінен кейін, бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан, тарылу, осының салдарынан, жүрек көлемі ұлғаю, бұлшық еті қалыңдау, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу, қан қысымы өршіген кезде, күшпен тарту, башпай, көзі қарауыту,елес пайда болу, ұйқысы нашарлау, тез шаршау, сал болу, көңіл-күй күйзелістері, есеңгіреу, тері жамылғылары қызару, қалтырау.

Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз, асты сызылған сөздердің құрамын талдаңыз.

Гипертония— қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.

Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:

  • көңіл-күй күйзелістері;

  • ауа- райы өзгерістері;

  • тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Құрысу түрінде науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.

Кардиалды түрінде жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

Емдеу.Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.

В) Берілген сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құраңыз.

қолдану (қалай?)

өзгеруі (ненің?)

қарауыту (не?)

болу (қандай?)

дірілдеу (қай жері?)

бұзылуы (ненің?)

қою (қайда?)

сақтау (не?

ауа – райдың

мазасыз

аяқ-қолы

есту қабілетінің

мөлшерден көп

көз

тыныштық

тілдің астына

Г) Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін мағынасы жақын сөздермен алмастырыңыз.

қауіпті емес –

қажу –

тұрмыстың жағдайсыздығы –

майлы тағам пайдалану –

сезілмейді –

қалпына келтіру –