Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МІ силлабус 2012.docx
Скачиваний:
176
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.89 Mб
Скачать

3.Сабақтың міндеті.

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша студенттердің сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Көмекші етістіктерді дұрыс қолдануды практикалық жолмен меңгерту. «Буынның шығуы» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту. Тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында ашық, еркін шығармашылық қатынас орнату

4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту

4.Негізгі ұғымдар:

грамматика бойынша:

1. Көмекші етістік туралы түсінік.

2. Көмекші етістіктің түрлері

3. Олардың қызметі

Лексика бойынша: Буын жалғастырады, жамбас буыны, шынтақ буыны, кірігіп жалғанады, қозғалмалы сүйектер, шеміршекті ткань,буын шығу, толық шығу, жартылай шығу,буын нашар қозғалады, іштен шығып туу, сүйектің орнынан қозғалуы, ауру салдары, иық буыны ,сүйегінің сынуы, таңғышпен байлау, буын қалтасында

5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты)

Ұйымдастыру барысы– 5мин

Үй тапсырмасын сұрау – 30мин

Өткен сабақты қорыту – 15мин

Жаңа грамматикалық тақырып – 15мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 15мин

Жаңа сөздермен жұмыс – 10мин

Мәтінмен жұмыс – 20мин

Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15мин

Бақылау жұмыстары – 15мин

Үй тапсырмасын беру – 5мин

Студенттің білімін бағалау – 5мин

6.Оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, пікірталас, бақылау т.б.

7.Көрнекі құралдар: Кесте, үлестірмелі карточкалар, суреттер, көркем суретті кітаптар.

8.Тапсырмалар. Көмекші етістіктер

Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.

Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, баста, бол, жатыр, тұр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, отыр, жүр, шық, қыл, ет т.б.

В казахском языке нет предлогов и приставок. Различные оттенки значений, выражающиеся в русском языке посредством предлогов и приставок, в казахском языке передаются при помощи вспомогательных глаголов. Нужно отличать вспомогательные глаголы жүр, тұр, отыр, жатыр от всех остальных вспомогательных глаголов. Вспомогательных глаголов в казахском языке очень мало. Все они могут употребляться и с самостоятельным значением. Н а п р и м е р:

Түсіп кетті – упал (кетті – вспомогательный глагол).

Кетті –ушел кетті основной глагол.

Қалды – остался, осталось қалды основной глагол.

Баста –в качестве вспомогательного глагола соответствует русским глаголам стать, начинать.

Келе бастады – начали прибывать.

Айта бастады – стал говорить.

Қал –указывает на оттенок мгновенности, неожиданности и пр.

Кетіп қалды – уже ушел.

Сынып қалды –сломалось.

Кет –имеет почти такое же значение, как қал.

Құлап кетті – упал, выпал.

Шығып кетті – 1. Вышел; 2. Взобрался; 3. Соскочило.

Қой указывает на кратковременность действия, в некоторых случаях соответствует однократному действию.

Жауып қойды –закрыл.

Алып қойды –забрал.

Бара тұр – иди пока.

Тұра тұр –подожди.

Тоқтай тұр – подожди

1-жаттығу Кестеге көмекші етістіктерді жазып, сөйлем құраңыз.

Бара тұр

Құлап қалды

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көмекші етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз.

1.Алғашқы қазақ дәрігерлері елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді. 2.Көктемде құстар ұшып келе бастады. 3.Дәрігер кабинеттен шығып кетті. 4.Мәтіннің түпнұсқасын толық жазып берді. 5.Досы ерте кетіп қалды.

3-жаттығу.Төмендегі сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Стал говорить, кончилось, упал, забрал, достань, продолжай говорить, уже ушел.

4-жаттығу. Мәтінде кездесетін сөз тіркестерімен танысып, аударыңыздар.

Буын жалғастырады, жамбас буыны, шынтақ буыны, кірігіп жалғанады, қозғалмалы сүйектер, шеміршекті ткань,буын шығу, толық шығу, жартылай шығу,буын нашар қозғалады, іштен шығып туу, сүйектің орнынан қозғалуы, ауру салдары, иық буыны ,сүйегінің сынуы, таңғышпен байлау, буын қалтасында

5-жаттығу. Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақ құрастыру,сұрақтарға жауап беру.